Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet49/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

12. Туыстық ақыларын сақтау
Мұсылман – мұсылманға бауыр. Олардың біте қайнасып, қаны бір туыстан да жақын болуы
жүректеріндегі иман тереңдігіне қатысты. Бауырластық, туыстық міндеттерді сақтау дегеніміз –
мүминнің өз басына тілемеген нəрсесін басқа мұсылманға тілемеуі, одан аулақ болуын көздеуі
десек артық кеткендік емес.
Мына аят осы туыстық туралы сөз қозғайды: «Егер мүминдерден екі топ соғысса, дереу
араларын жарастырыңдар. Егер екі жақтың бірі екіншісіне өктемдік жасаса, бас тартқан
жақпен Аллаһтың əміріне қайтқанға дейін соғысыңдар. Егер қайтса араларын əділдікпен
жарастырыңдар, туралық танытыңдар. Шынымен Аллаһ туралық істеушілерді жақсы
көреді. Шын мəнінде мүминдер өзара туыс. Сондықтан, араздасқан туыстарыңның арасын


жарастырыңдар жəне Аллаһтан қорқыңдар. Мүмкін игілікке бөленерсіңдер («Хужурат»
сүресі, 9-10 аяттар).
Тағы бір аят былай дейді: «Түп-түгел Аллаһтың жібіне нық жабысыңдар, алауыздықпен
бөлінбеңдер. Өздеріңе Аллаһтың берген нығметін еске алыңдар. Қанеки, сендер бір-біріңе
дұшпан едіңдер, сосын Аллаһ жүректеріңмен тілектеріңді табыстырды, оның игілігімен
бауырға айналдыңдар. Оты лаулап жанған бір шұңқырдың ернеуінде едіңдер, сендерді одан
құтқарды. Осылайша, Аллаһ сендерге аяттарын тура жолға түсу үшін баян етеді» («Əли
Имран» сүресі, 103-аят).
Ислам діні келмес бұрын араб елдерінде адам өмірінің құны қара бақырға да татымайтын.
Ру-тайпалар қит етсе қырық пышақ боп қырқысып, соғыстан көз ашпаушы еді. Мəселен,
Мəдинаның Əус жəне Хазраж тайпаларының жүз жиырма жыл бойы жұлдыздары бір-біріне
қарсы болып, бір-бірін аяусыз қырып келген-ді. Исламның саясында олар қанды кектерін
ұмытып, табысты
[151]
. Аяттағы «Аллаһтың жібіне нық жабысыңдар» деген жолдар бейнелі сөз,
яғни эпитет болып табылады. Мұндағы Аллаһтың жібі – адамдық келбеттен адасқан, алжасқан
тобырды сұрапыл сұмдықтан құтқару үшін оның көктен түсірген діні мен кітабы. Дін мен
кітапқа нық жабысып, ондағы əмірлер мен тыйымдарға құлақ асқандар ғана есендікке кенеледі.
Əркімнің əртүрлі көзқарас білдіруі табиғи нəрсе. Алуан түрлі салиқалы пікір адам баласын
дамуға жетелейді. Мұны Құран кəрім былай жеткізеді: «Егер Раббың қаласа, адамдарды бір-ақ

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling