Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған
малдарында сұрағанның да, сұрамағанның да үлесі бар»
Download 1.14 Mb. Pdf ko'rish
|
Ала жіпті аттама
- Bu sahifa navigatsiya:
- 10. Мұсылман еместердің ақылары
малдарында сұрағанның да, сұрамағанның да үлесі бар» («Зарият» сүресі, 19-аят) деп, мұны
тайға таңба басқандай көрсеткен. Зекет пен садақа адамдардың бір-біріне материалдық көмек көрсетуінің таптырмас жүйесі. Зекет араб тілінде «тазару», «көбею» сөздерімен мағыналас келеді. Бұл ғибадаттың қасиеті сонда, байдың мал-мүлкіне береке əкеліп, кедейді қос өкпеден алған жоқтықтан құтқарады жəне басқа да көптеген келелі мəселелердің шешуін табады. Ислам құқық ғалымдары нисап мөлшерінде мал-мүлкі болғандар жыл бітпей зекетін беруі қажет дейді бір ауыздан. Өйткені, бұл жерде де кісі ақысы бар. Зекет өтеуді себепсіз кейінге қалдыруға, кешіктіруге болмайды. Ханафи мəзһабынан басқа қалған үш мəзһаб та осы көзқараста. Берілген зекет пен пітір кедейлердің қажеттіліктерін өтеуге жетпесе, байлардың тағы да нəпіл садақа бергені жөн. Ақырет азығы ешкімге аздық етпейді. Үйіне дүкеннен бірдеңе алып келе жатқан адам мұндайды алуға əл-ауқаты жетпейтін адамдарды көрсе, оларға дəм татыруы керек. Егер өзгеге ұсынуға жетпестей аз көлемде немесе өз жағдайы да мəз емес кісі болса, дүкеннен алған асын көпшілікке көрсетпей əкелгені дұрыс. Құрбан айтта сойылған малдың еті əуелі кедей-кепшікке таратылады. Осы орайда: Көңілді шын ниетпен қойсаң аққа, Тура жол, түзу бастар оңған жаққа. Біреуді бай, біреуді жарлы қылған, Пендесін əр күйменен сынамаққа. Бай-кедей – бəрі бірдей Құдайға құл, Біреуді кем қып қойған, біреуді мол. «Бай кедейге ауыссын, қарассын» деп, Шеберлікпен жаратқан құдіреті сол! – деген Мəшһүр Жүсіп бабамыздың өлеңінде ақиқат жатқаны анық. 10. Мұсылман еместердің ақылары Соғыс жағдайы, не болмаса қандай да бір қауіп төнетіндей болмаса, мұсылман еместердің ақысын жеуге, мал-мүлкіне, жеке басына қол сұғуға əсте болмайды. Тек, Исламнан безген мүртəдтардың мейлі еркек болсын, мейлі əйел болсын өмір сүрулеріне құқы жоқ. Бірақ, ол жазаның өзін мемлекет қана белгілей алады. Мүмин өзінің мүмкіндігімен өзгелерден артық болмайды. Егер мүмин адам басқа діндегі адамға əлімжеттік көрсететін болса, дүние мен ақыретте жазаланады. Сондықтан, мұсылмандар өзге дін өкілдерінің де ақысына құрметпен қарап, діні басқаның əлдебір заты қолына түскен жағдайда, иесіне қайтарады, өзі болмаса жақын туыстарына, мұрагерлеріне тапсырады. Осы арқылы бір жағынан Исламның шын ізгілігін көрсетеді. Ешкімнің де құқығы аяққа тапталуы тиіс емес. Мұсылманның кісілігі ақиқат пен əділетті жақтағанда көрінеді. Аллаһ тағала шындықты, əділетті жақтауда бізді дəйекті, тұрақты қылсын [96] . Адамдарды діні басқа екен деп алаламай, мəміле талаптарын қатаң сақтап, уəдеде тұру керек. Басқа дін өкілі болса да, соғысып жатқан жауының əйелдерін, бала-шағасын, қарттар мен дін адамдарын өлтіруге болмайды. Оларды азаптауға, жəбірлеуге тағы рұқсат жоқ. Өзге дін өкілдерін мəжбүрлеп діндерінен бас тартқызуға тыйым салынған. Олардың діни жоралғыларын жасауына кедергі келтірмей, кедей-кепшіктеріне қарасып, науқастарының көңілін сұрап бару қажет. Сондай-ақ, олардың діни сенім-нанымдарын келемеждеу, табынған пұттары мен тəңірлерін тілдеу мен сындыру да ерсі қылық. Құран кəрім: Download 1.14 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling