Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet25/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

5. Ерлі-зайыптылардың ақылары
Отбасы дегеніміз – қоғамның ең маңызды бір бөлігі. Адамның жан-жақты қалыптасуында
да отбасының рөлі ерекше. Өйткені, балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілмек.
Отбасы, ошақ қасында ерлі-зайыптылардың өзіндік орны, атқаратын қызметі мен
жауапкершілігі бар. Ер адамды үйдің тірегі десек, шаңырақ иесі ретінде оның міндеті де аз емес.
Тіккен отауының жарастығы үшін зайыбының ақыларына баса мəн беруі керек. Жұбайының
артық тұстары болса, кешіріммен қарап, қайын жұртымен жақсы араласуы қажет. Отбасын
асырау өзіне жүктелгендіктен, табысын есепсіз шашып-төгуге, харамға жұмсауға құқы жоқ.
Аллаһ пен ақырет күніне сенген еркек пен əйел отбасындағы өз жауапкершіліктерін сезініп,
бір-бірінің ақыларын көздерінің қарашығындай қорғаулары керек.
а) Ер адамның әйелі алдындағы міндеттері
Əйелін асырауға жеткілікті адал табыс табу
[82]
. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
садақаның абзалы отбасына жұмсалғаны екенін айтқан.
Отбасында кездескен қиындықтарды жарымен бірге бөлісіп, «Сендердің жақсыларың –
əйелдеріңе жайлы болғандарың» деген хадиске сай дөрекілікке бармай оларды дұрыс басқаруға
тырысу керек.
Ер адамға байсалды мінез жарасады. Бұл отбасы тыныштығы үшін де маңызды. Шаңырақ
астында оқта-текте орнайтын келіспеушіліктерде қызбалыққа салынбай, салқынқандылық
танытуы шарт.
Қайын жұртқа қолдан келген көмекті аямай, құрмет көрсете білу керек.
Қолы қалт еткенде əйеліне қолғабыс жасаудың да ешқандай əбестігі жоқ. Сахабалар Айша
(р.а.) анамыздан Аллаһ елшісі үйде немен шұғылданатынын сұрағанда, Айша анамыз ол кісінің
қарапайым отағасы ретінде аяқкиім жөндеу, киім жамау, қой сауу, торсық жамау секілді үй


шаруасымен айналысқанын айтқан.
Ер адам бөтен адамдардың алдында өз əйелін кемсіте сөйлеп, ыңғайсыз жағдайға
қалдырмайды.
Балағаттауға, қол жұмсауға болмайды.
Екеуара ренжіскенде сабыр сақтап, қателікті өзінен деп білу қажет. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
алəйһи уə сəллəм) 
«Ер адам əйелінің жаман қылығы мен сөзіне ашуланбасын, басқа жақсы қылығын
ескеріп разы болсын» деген.
Болмашы қателіктерді қаузап, отбасының құтын қашырмаған жөн.
Əйелі діни сауатты болуы үшін оған білгенін үйретсе нұр үстіне нұр.
Əйелімен үнемі кеңесіп, маңызды шаруаларда оның да пікіріне жүгінгені дұрыс.
Ерлі-зайыптылар бір-бірінің көңіл көтеру жəне тынығу құқықтарына көңіл бөлгені жөн.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
жиын-тойларда, айт күндері жəне басқа да атаулы күндерде
көңіл көтеруге, ойын-сауық құруға рұқсат берген. Ислам ғалымдары ғибадат жасауда артық
кетудің өзі адамды зеріктіретінін айтып, шариғат шеңберінде көңіл көтеріп демалғанды жөн деп
білген.
Реті келгенде əйелінің көңілін көтеріп, əзілдескені жөн. Пайғамбарымызға
(саллаллаһу алəйһи уə
с ə л л ə м) 
жастай тұрмысқа шыққан Айша (р.а.) анамыз үйінде қуыршақтарының болғанын,
құрбылары келгенде бірге ойнағандарын айтады. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
бұған
тыйым салмай
[83]
, өзі де осыны айтып əзілдейді екен
[84]
. Сондай-ақ, айт күні Айша анамызды
эфиопиялықтардың ойындарын тамашалауға алып барған
[85]
. Тағы бірде осы Айша анамызбен
жарысқаны да бар
[86]
.
Үй ішіндегілердің бақыты да отағасының мойнында. Адамның бақытты болуы көбіне діни
танымына байланысты. Өйткені, дін қос дүниенің бақытына бастайтын жалғыз жол. Сол себепті
отағасы отбасы мүшелерін діни біліммен қамтамасыз етіп, олардың ғибадатын қапы
жібермеуіне, ахлағын жетілдіруіне жағдай жасауы керек.
Əйелінен бастап, бүкіл отбасы мүшелерін жақсы көріп, өзін де жақсы көргізе білуі керек.

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling