Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


«Аллаһқа құлшылық қылыңдар. Оған серік қоспаңдар. Жəне əке-шешеге, туыстарға


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet15/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

«Аллаһқа құлшылық қылыңдар. Оған серік қоспаңдар. Жəне əке-шешеге, туыстарға,


жетімдерге, міскіндерге, алыс-жақын көршіге, жолда серік болғанға, жолда қалғандарға
жəне 
қол 
астыңдағыларға 
жақсылық 
қылыңдар. 
Негізінен 
Аллаһ 
тəкаппарды,
мақтаншақты жақсы көрмейді» («Ниса» сүресі, 36-аят).
«Адам баласына əке-шешесіне жақсылық қылуды нұсқадық...» («Əнкабут» сүресі, 8-ят)
«Раббың тек қана өзіне ғана ғибадат етуді, əке-шешеге жақсылық қылуды əмір етті.
Ал, егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де қолдарыңда қартайса, оларға «түһ» деп те айтпа
(кейіс білдірме.) Сондай-ақ, ол екеуіне зекіме, əрдайым оларға сыпайы сөз сөйле. Екеуіне
кішірейіп мейірім құшағын жайып: «Раббым, ол екеуі мені кішкентайымда мəпелеп
тəрбиелегеніндей, Сен де оларды мейіріміңе бөлей гөр!» – де» («Исра» сүресі, 23-24 аяттар).
«Адамдарға ата-анасына қарайласуды бұйырдық. Анасы оған əлсіздік үстіне əлсіздікпен
жүкті болады, екі жылда баласын ақ сүтімен нəрлендіреді. Маған жəне əке-шешеңе шүкір
ет. Қайтар орның мен жақ» («Лұқман» сүресі, 14-аят) .
«Адам баласына əке-шешесіне жақсылық істеуді нұсқадық. Өйткені, шешесі оны
қиындықпен көтеріп, жарық дүниеге мехнатпен əкеледі. Оған жүкті болу, омыраудан айыру
отыз ай...» («Ахқаф» сүресі, 15-аят).
Перзенттің ата-ана алдындағы міндеттері туралы біршама хадистер келтіре кетейік.
Абдуллаһ ибн Мəсғуд (р.а.) айтады:
«Бірде Аллаһ елшісін
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
əңгімеге тартып:
– Аллаһтың ең ұнатқан амалы қайсы? – дедім.
– Уақытында оқылған намаз, – деп жауап берді.
– Сосын қайсы ғибадат бағалы? – деп сұрадым.
– Анаңа жəне əкеңе жақсылық жасау жəне бағыну, – деді.
– Содан кейінгі ең құнды құлшылық не? – дедім.
– Аллаһ жолындағы жиһад, – деді ол»
[30]
.
Əбу Хұрайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
былай дейді:
«Ешқандай перзент əкесінің ақысын ақтай алмайды. Тек, əкесі біреудің есігіндегі құлы болса,
оның басына азаттық əперген жағдайда ғана біршама өтелгендей болады»
[31]
.
Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Əке – жаннаттың ортаңғы қақпасы.
Қаласаң оны тəрк ет, қаласаң сақта», – деген
[32]
.
Анаға құрмет жайлы айтылған мына хадис те көпшілікке мəлім. Əбу Хұрайрадан (р.а.)
жеткен риуаятта бір кісі келіп:
– Уа, Аллаһтың елшісі, кімге жақсылық жасайын? – деп сұрады. Аллаһтың елшісі
(саллаллаһу
алəйһи уə сəллəм):
– Анаңа, – деді.
– Содан соң кімге? – деп сұрады.
– Анаңа, – деген жауап алды.
– Содан соң кімге? – деп жəне қайталағанда:
– Анаңа, – деді.
– Содан соң кімге? – деп сұрады. Бұл жолы Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
оған:
– Əкеңе, – деп жауап қатты
[33]
.
Əбу Хұрайрадан (р.а.) жеткен тағы бір хадисте Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Əке-
шешесі бола тұра оларды күтіп, сауапқа кенеле алмаған немесе олардың біреуі қолында
қартайғанда разылығына ие болмай жаннаттан құр қалған жанның жағдайы қандай өкінішті», –
деген
[34]
.
Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас (р.а.) былай дейді: «Бір кісі Пайғамбарымызға
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)


келіп:
– Хижратпен өзге аймаққа қоныс аударуға жəне жиһад жасауға келісе отырып, саған
сеніммен ант етемін. Бұлардың сауабын Аллаһтан күтемін, – деді. Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə
сəллəм):
– Əке-шешеңнің көзі тірі ме? – деп сұрады.
– Екеуінің де көзі тірі, – деді.
– Аллаһтан сауап алуды тілейсің ғой, солай емес пе?
– Иə, – дегенде Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
– Əке-шешеңнің қасына бар. Оларға жақсылап қара, – деді»
[35]
.
Бес уақыт намазыңды жинамасаң, Ораза ұстап жаныңды қинамасаң. Алланың
кешірмейтін бір күнəсі – Ата менен анаңды сыйламасаң, – деген Орманбай ақын да хадистерде
айтылған ойды шегелеп, ата-ананы сыйлауға шақырған.

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling