Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


«Мұнафықтар Аллаһты да алдамақшы. Анығында Аллаһ оларды алдауға ұшыратады. Олар


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet53/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

«Мұнафықтар Аллаһты да алдамақшы. Анығында Аллаһ оларды алдауға ұшыратады. Олар
намазға жүрекпен емес, жалқаулықпен тұрады. Аллаһты еске алу үшін емес, өзгелерге көз
қылу үшін оқиды» («Ниса» сүресі, 142-аят).
Ел-жұрт пəлен десін, түген десін деген секілді келте оймен жасалған іс-əрекеттің сауабы
мүлде болмайды. Мұның ақыры пұшаймандық пен Хақ тағаланың азабына соқтырмақ. Сырт
көзге бейне шейіт тəрізді, ғалым тəрізді жəне жұрттың мадағы үшін атымтайдай жомарт секілді
танылғандардың қиямет күні өтірігі шығып, тозаққа лақтырылатынын Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу
алəйһи уə сəллəм)
тілге тиек еткен
[177]
. Құран да бұл туралы былай дейді: «Уа, мүминдер, Аллаһқа,
ақырет күніне сенбей елге көз қылу үшін дүниесін сарп еткен адамдардай садақаларыңды
міндетсініп бермеңдер. Ол бейне бір үстін аздаған топырақ бүркеген тасқа ұқсайды, қатты
нөсер оның топырағын шайғанда тас жалаңаштанып көрініп қалады. Бұл олардың
еңбектерін еш етеді, Аллаһ өзіне қарсы болған елді ешқашан тура жолға салмайды»
(«Бақара» сүресі, 264-аят).
Мұсылманға жəбір көрсету мен бас-көзсіз жала жабудың үлкен күнə екенін, мұның арты
күпірге апарып соғатынын, мұсылманды тілдеп кəпір немесе пасық деп сөгудің, жазасын өтеген
адамды қайта күстəналаудың жөні жоғын мына аят, хадистерден аңғарамыз:
«Мүмин ер адам мен мүмин əйелді жазықсыз кейіткендер, жала жапқандар, өзіне ашық
күнə жүктеп алды» («Ахзаб» сүресі, 58-аят).
«Тағы да біреу қателік немесе күнə істеп, оны нақақ біреуге жапса, расында ол өзіне
ауыр күнə жүктеп алады» («Ниса» сүресі, 112-аят).
«Мұсылманды сөгу, намысына қол сұғу – пасықтық, ал онымен соғысу – күпірлік»
[178]
.
«Ешкім басқа біреуді пасық, не болмаса кəпір демесін. Бұл айтылғандар айыпталған кісіде
жоқ болса, сөз айналып өз иесін табады»
[179]
. Яғни, мұсылманның бірін-бірі кəпір-пасық деп
білгені, бөлгені дұрыс емес. Негізі адамды Исламнан шығару немесе оны Исламға телудің
дініміз үшін аса маңызды мəселелер екенін ұмытпаған абзал.
Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (с.а.с) айыбын жуып, жазасын өтеген адамды қарғап-сілеуге
тыйым салған. Күнəсінің өтеуін кейінге қалдырмай, тіршілікте құтылуды ойлап, кесілген
жазасын жер басып жүріп өтеген адамды күстəналау, сөгу кісі қоштарлық қылық емес.
Ислам адамның жеке басына, қадір-қасиетіне қол сұғу болып табылатын өсек-аяң, өтірік


пен жаланы харам етіп, əзіл-қалжың болса да көпшілік алдында айтылған немесе бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы əлдекімнің абыройын төгіп бопсалайтын, шамына тиетін орынсыз
келемеж сөз бен қылыққа, жазу-сызуға қырын қараған.
Дініміз жүрегінде зəредей менмендігі болған жанға жұмақтың иісі де нəсіп болмайтынын,
мүминдердің бір-біріне жаман лақап тақпауын, бірін-бірі келеке етпеуін, Аллаһ тағала
кешірмейді деп асылық айтқан адамның бар амалы желге ұшатынын білдірген.

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling