Қазақстан республикасы білім жӘне ғылым министрлігі


Download 1.18 Mb.
bet26/60
Sana01.04.2023
Hajmi1.18 Mb.
#1315630
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60
Bog'liq
О У- дістемелік кешені (сп о К)

Сандық есептеуіштер
Көлемдік есептеуіштер. Көлемдік есептеуіштерді өлшеу принципі бойынша өлшеу камераларының көмегімен белгілі көлем арқылы өлшенетін ортаның көлемін есептеумен санауының порциясын есептеуге негізделген.
Көлемдік есептеуіштерді өздігінен босатылу және ығыстыру деп 2-ге бөлінеді. Өздігінен босатылу көлемдік есептеуіштердің қатты камерасы бар және сол камералар арқылы өлшенген орта оңай ағады. Бұл типтің есептеуіштері газ малшерін өлшеуде жарамсыз.
Көлемдік есептеуіштің қатты камералық қарапайым түрінің бірі өлшем багы немесе өлшеуіш болып саналады. Бұл типке көлемдік есептеуіштің барабанды және шашырату(опрокидывающ) есептеуіштері де жатады.
Ығыстыру көлемдік есептеуіштері келесі порцияға камераны босату үшін арналған аралыстырғыш қабырғалары бар өлшеу камераларынан тұрады және олар өлшенетін фазаны ығыстырады.
Осы айтылған типтердің көлемдік есептеуіштеріне мыналар жатады: бірпоршеньді, көппоршеньді, айналмалы, сопақ тісті доңғалақтармен, ротациялы, құрғақ газды, ылғал газды және дискті.
Шапшаң есептеуіштер. Шапшаң, көлемді сияқты, бұл есептеуіштер өлшенетін ортаның көлемінің мөлшерін анықтау үшін қолданылады. Бірақта көлемдіден айырмашылығы шапшаң есептеуіштердің өлшеу камерасы жоқ және заттардың көлемдік бірлікте мөлшерін жанама түрде анықтайды.
Шапшаң есептеуіштерінің сезімтал элементтеріне аксиальді және тангенциальды турбина жатады, ол есептеуіш арқылы ағатын сұйықтық ағыны көмегімен айналып отырады.
Шапшаң есептеуіштердің жұмыс істеу принципі бойынша n уақыт бірлігіндегі турбинаның айналу саны турбинаны жуатын ағын жылдамдығына пропорциионал:
n=kW, (10.7)
k - пропорционалдық коэффициент; W - F есептеуішінің кейбір қимасындағы ағын жылдамдығы.
Есептеуіштегі көлемдік шығын мынаған тең
Q=WF. (10.8)
(10.7) және (10.8)-ды біріктіріп есептеу арқылы мынаны аламыз
(10.9)
Осыдан, n турбинкасының лездік айналу мөлшерін өлшейтін тахометр шкаласы өлшенетін ағын сұйықтығын көлемдік шығынның бірлігі бойынша градуирленеді (11.6)-ны еске ала отырып (11.12).
(10.10)
τ21 уақыт интервалында (11.13) интегралдап мынаны аламыз
(10.11)
- τ21 уақыт интервалындағы есептеуіш механизмінің көрсеткіштерінің айырмашылығы немесе осы интервалдағы турбинка саны.
Осыған байланысты, айналу механизмінің есептеуіші көмегімен турбинканың айналу санының жиынтығын өлшеп, заттың көлемдік мөлшері жайында мәліметтер алуға болады. Егер де шапшаң есептеуіш тахометрмен қамтылса, онда ол ағынның көлемдік шығынын өлшей алады.
Шапшаң есептеуішті заттың көлемдік шығынын есептеуде қолдануда әдетте электрлік тахогенератор ретінде қолданылады. Бұл генератордың роторы турбинканың шапшаң есептеуішінің осі арқылы айналады, ал индуцияланған статорда ЭҚК екінші құралы – вольтметрмен өлшенеді.

Download 1.18 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling