Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Download 2.18 Mb.
Pdf ko'rish
bet108/287
Sana22.10.2023
Hajmi2.18 Mb.
#1715143
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   287
Bog'liq
бакалавриат История

 
Франция 
Францияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық және 
саяси дамуы. Ж. Клемансо. Париж бітім конференциясының қорытындылары. 
Францияның халықаралық жағдайының нығаюы. 1919 ж. парламенттік сайлау. 
Ұлттық одақтың жеңісі. Ұлттық одақ үкіметінің ішкі саясаты және әлеуметттік 
заңдары.
Экономиканың тұрақтануының ерекшеліктері. 1924 ж. сайлау. «Солшыл 
одақ» үкіметі. Э. Эррио. Қаржылық дағдарыс. Солшыл одақтың құлауы. 
«Ұлттық бірлесу» үкіметі. Р. Пуанкаре. 
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оның Франциядағы зардаптары. 
Саяси күрестің шиеленісуі. Үкіметтің дағдарыспен күресу саясаты. Дирижизм. 
Екінші «солшыл одақтың» құрылуы. Фашистік қозғалыс. 1934 ж. ақпан 
оқиғалары.
Антифашистік күштердің бірлігі туралы мәселе. Халықтық майданның 
құрылуы және оның сайлау алдындағы бағдарламасы. 1936 ж. парламенттік 
сайлау. Халықтық майдан үкіметі. Л. Блюм. Халықтық майдан үкіметінің 
реформалары. Халықтық майдандағы алауыздықтар және оның ыдырауы. 
Францияның сыртқы саясаты. Халықаралық қатынастардың Версаль-
Вашингтон жүйесін жасауға қатысу. «Кіші Антанта» идеясы. Рур дағдарысы 


және француз-герман қатынастарының шиеленісуі. Франция және Ұлттар 
лигасы. 30-жылдардағы Францияның ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру 
бағытындағы әрекеттері. Л. Барту. Шығыс пактісін құру идеясы.
 
Ұлыбритания
Ұлыбританияның соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси 
дамуы. 1918 ж. парламенттік сайлау. Либералдық-консервативтік одақтың 
құрылуы. Д. Ллойд-Джордж үкіметінің реформалары.Британ империясы 
отарлары мен доминиондарындағы ұлт-азаттық күрес. Ирландия мәселесі. 
Коалициялық үкіметтің таратылуы.
Екіпартиялы жүйенің дағдарысы. Бірінші лейбористік үкімет. Ағылшын 
экономикасы тұрақтануының ерекшеліктері. Консерваторлардың билікке қайта 
оралуы. 1926 жылғы жаппай ереуіл. Әлеуметтік ымырашылдық жолдарын іздеу. 
Мондизм. 
1929-
1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Ұлыбританияның 
дамуына әсері. 1929 ж. сайлау және лейбористік партияның жеңісі. «Лейборизм 
және ұлт» бағдарламасы. Лейбористердің үкіметіндегі және партиясындағы 
дағдарыс. Р. Макдональдтың «Ұлттық үкіметі». Дағдарыстан шығу жолдарын 
іздеу. Д.М. Кейнс және мемлекеттік реттеу теориясы. Ұлттық үкіметтің 
реформалары.
С. Болдуин және Н.Чемберлен үкіметтерінің ішкі және сыртқы саясаты. 
1935 ж. билеуші әулеттің дағдарысы. Н.Чемберлен және басқыншыны 
«пейілдендіру» саясаты. У.Черчилль және сыртқы саясаттағы өзгерістер.

Download 2.18 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   287




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling