Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Download 2.18 Mb.
Pdf ko'rish
bet139/287
Sana22.10.2023
Hajmi2.18 Mb.
#1715143
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   287
Bog'liq
бакалавриат История

Германия
Германияның бытыраңқылығының сақталуы. Австрияның Герман 
одағындағы басшылық рөлі. Экономикалық дамуы. Кедендік одақ. Өнеркәсіптік 
төңкерістің ерекшеліктері. Пруссия мен Австрияның герман жерлерін біріктіру 
процесіндегі бәсекелестігі.
Герман либерализмі. «Жас Германия» қозғалысы. Жұмысшы қозғалысының 
дамуы. Силезия тоқымашыларының көтерлісі. В. Вейтлингтің утопиялық 
идеологиясы. Революциялық ахуалдың қалыптасуы. 1848-1849 жж. революция. 
Революцияның негізгі ошақтары. Шаруалар және революция. Франкфурт 
парламенті. «Жаңа Рейн газеті». Пруссиядағы мемлекеттік төңкеріс. 
Революцияның соңғы кезеңі. Империялық конститутция үшін күрес. 1849 ж, 
мамыр көтерілістері. Революцияның сипаты, нәтижелері және жеңілу себептері.
Германияны біріктіру жолындағы күрес. Өнеркәсіптік төңкерістің тереңдеуі 
және герман буржуазиясының күшеюі. Германияны біріктіру жолдары. 
«Кішігермандықтар» және «ұлыгермандықтар». Пруссиядағы конституциялық 
қақтығыс. О. фон Бисмарк және оның саяси бағдарламасы. Солтүстік герман 
одағының құрылуы. Францияға қарыс соғыс. Германияны біріктірудің аяқталуы.
Герман империясының жариялануы. Партиялық-саяси жүйе. Ауыр 
өнеркәсіптің дамуы. Жалпы мемлекеттік қайта құрулардың аяқталуы. О. фон 
Бисмарктың қызметтен кетуі. Вильгельм II. Л. фон Капривидің «жаңа бағыты».
Жұмысшы және социалистік қозғалыс. Ф. Лассаль. Социал-демократиялық 
жұмысшы партиясының құрылуы. А. Бебель және В. Либкнехт. ГСДП Эрфурт 
бағдарламасы. Э. Бернштейн. ГСДП қатарында үш ағымның қалыптасуы.
ХХ ғ. басындағы халықаралық дағдарыстар және Германияның оқшауланып 
қалуы. Ішкі саяси шиеленістің күшеюі. Елде саяси дағдарыстың пісіп-жетілуі. 
 
Австро-Венгрия 
Австрия империясының Қасиетті Рим империясы жойылғаннан кейінгі 
дамуы. 1848 ж. наурыз революциясы. Франц Иосиф. Ұлттық мәселе. 1867 ж. 
келісім және Габсбургтер империясының дуалистік монархияға айналуы. 
Авсртия мен Венгрияның саяси құрылысы. Қоғамды модернизациялаудың 
басталуы.
Экономикалық дамудың жылдамдауы. Экономикадағы өзгерістің 
әлеуметтік нәтижелері. Индустриалдық пролетариаттың және оның саяси 
ұйымдарының қалыптасуы. Чехия жерінде неміс-чех қайшылықтарының 
шиеленісуі.

Download 2.18 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   287




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling