Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Download 2.18 Mb.
Pdf ko'rish
bet63/287
Sana22.10.2023
Hajmi2.18 Mb.
#1715143
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   287
Bog'liq
бакалавриат История

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
Орта ғасырлар тарихы пәні 
«Орта ғасырлар» мен «феодализм» терминдерінің тарих ғылымындағы 
мазмұны, олардың ара қатынасы. «Қысқа» және «ұзын» ортағасырлық. Курстың 
хронологиялық шегі. Батысеуропалық ортағасырардың кезеңдестірілуі, оның 
дамуының негізгі кезеңдерінің жалпы сипаты. Еуропа тарихында ортағасырлар 
мен жаңа заман арасындағы қатаң шектеудің шарттылығы.
Феодализм сипаттамасы. Медиевистикадағы формациялық және 
өркениеттік тәсілдер. Феодалдық қоғамның экономикалық негізі. Феодалдық 
меншіктің иерархиялық құрылымы, оның нысандары, меншік және саяси билік. 
Әлеуметтік құрылымы мен саяси ұйым. "Феод", "вассалды-сеньориалдық қарым-
қатынасы" ұғымдары. Орта ғасырдағы қала. Мемлекет, құқық және шіркеу. 
Христиандық ортағасырлық еуропалық өркениеттің жүйеқұраушы факторы 
ретінде. Феодалдық дәуірдің Батыс Еуропалық ділі. Батысеуропалық қоғамның 
жекелеген кезеңдерінде ортағасырлық тарихы даму ерекшелігі. 
Орта ғасырлар тарихының деректері. Олардың жіктелуі мен жалпы 
сипаттамасы. Батыс еуропалық орта ғасырдағы тарихи шығарма.
Медиевистиканың негізгі даму кезеңдері. Қазіргі заманғы медиевистиканың 
бағыттары мен мектептері. Қазақстанда медиевистиканың дамуы. 
 
ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛАР 
АНТИКА МЕН ОРТА ҒАСЫРЛАР ТҮЙІСІНДЕГІ ЕУРОПА 
(IV СОҢЫ - XI ҒҒ. ОРТАСЫ) 
Рим империясындағы дағдарыс (б.з. III-V ғғ.) 
Құл иеленушілік дағдарысы. Колонат эволюциясы. Эмфитевсис. Прекарий. 
Патронат және коммендация. Натуралды шаруашылық. III-V ғғ. экономикалық 
құлдырау. III-V ғғ. Рим империясындағы қоғамдық және мемлекеттік құрылым. 
Доминат дәуіріндегі қаржы реформалары. Идеологиядағы дағдарыс. 
Империяның христиандануы. Ересьтік қозғалыстар. Багаудтар мен агонистиктер 
қозғалысы. Еуропалық феодализм, кейінгі антикалық қоғамдық қатынастар мен 
германдық, кельттік және өзге «варварлық» рулық-тайпалық қоғамның синтезі 
ретінде. 
Халықтардың Ұлы Қоныс аудару дәуіріне дейінгі ежелгі ермандықтардың 
қоғамдық құрылымы. Герман тайпаларының қоныстану территориялары. Жазба 
деректер, археологиялық мәліметтер, пәнаралық зерттеулер мәліметтері 
бойынша германдықтардың шаруашылық өмірі. Ежелгі германдықтардағы 
қауым. Жер өңдеу. Мал шаруашылығы. Мүліктік жіктелсітің басталуы. Соғыс 


пен әскери істің орны. Материалдық мәдениет. Қолөнер, сауда және айырбастың 
дамуы. Ежелгі германдықтардың қоғамдық-саяси құрылымы. Рухани әлемі, діні 
және наным-сенімі. Ежелгі германдықтар тарихының шет елдік және 
қазақстандық тарихнамадағы мәселелері (XVIII-XX ғғ.).

Download 2.18 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   287




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling