Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Download 2.18 Mb. Pdf ko'rish
|
бакалавриат История
- Bu sahifa navigatsiya:
- TPTTT 2101 ТАРИХИ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ ТАРИХИ ТАНЫМ ТЕОРИЯСЫ Көлемі - 3 кредит Автор
РАЗРАБОТАНА и ВНЕСЕНА Казахским национальным университетом
им. аль-Фараби. 2 . Типовая учебная программа разработана в соответствии с типовым учебным планом, утвержденным приказом МОН РК от 05 июля 2016 года №425. 3. УТВЕРЖДЕНА протокольным решением №2 заседания Республиканского учебно-методического совета высшего и послевузовского образования от 30 июня 2016 года. Настоящая типовая учебная программа не может быть тиражирована и распространена без разрешения Министерства образования и науки Республики Казахстан @ КазНУ аль-Фараби, 2017 TPTTT 2101 ТАРИХИ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ ТАРИХИ ТАНЫМ ТЕОРИЯСЫ Көлемі - 3 кредит Автор: Көкебаева Г.К. - тарих ғылымдарының докторы, дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры Пікір жазғандар: Сманова А.М. – тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті тарих кафедрасының доценті Мырзабекова Р.С. – тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры ТҮСІНДІРМЕ ХАТ «Тарихи процесс және тарихи таным теориясы» – 5В020300 – «Тарих» мамандығының типтік оқу жоспарына сәйкес оқытылатын пән. ХХ ғ. соңғы он жылдығы – XXI ғ. басындағы оқиғалар, кеңестiк жүйенiң күйреуi, кеңестен кейiнгi кеңiстiкте түбiрлi өзгерiстердiң басталуы тарихты зерттеуге де жаңаша тұрғыдан қарау қажеттілігін туғызды. Сондай-ақ өмір қазіргі әлем мен кәсіптік тәжірибе тарихшылардың алдына жаңа мәселелер қойып, ескі мәселелерді жаңаша қарастыру қажеттілігін талап етіп отыр. Мұның өзі болашақ тарихшылардың тарихи құбылыстар мен оқиғалардың ішкі логикасының іргетасын құрайтын негізгі теориялық мәселелерді оқып-үйренуін талап етеді. Осы жаңа пәнді енгізу болашақ тарихшыларды кәсіптік дайындаудың сапасын арттыру үшін ерекше маңызды. Бұл пәннің ерекшелігі сонда, ол студенттердің барлық негізгі тарихи және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша алған білімдеріне сүйенеді және оларды қорытындылайды. Болашақ тарихшыларды кәсіптік дайындаудың сапасын арттыру үшін ұсынылып отырған жаңа пәнді енгізу ерекше маңызды. Бүгінгі күні ғылымның философиясы мен методологиясын қандай да бір белгілі көлемде оқымай тұрып, толық жоғары білім туралы айту қиын. Студенттердің тарихи процесс және тарихи таным теориясы бойынша білімін кеңейту үшін пәннің бір құрамдас элементі ретінде шетелдік ғалымдар жасаған тарихтың негізгі концепцияларын оқыту міндеті қойылған. Аталған пәнді оқытудың алдында өтілетін пәндер:Ежелгі дүние тарихы; Ежелгі Шығыс тарихы; Орта ғасырлар тарихы; Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы; Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы; Еуропа және Америка елдерінің жаңа тарихы; Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы; Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы; Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Бұл пәндер пәндер «Тарихи процесс және тарихи таным теориясы» пәнін оқытуда эмпирикалық материал береді, тарихи процестің біртұтастығын, оның дамуының логикасын түсінуге көмектеседі. Download 2.18 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling