Сабақ тақырыбы Сызықтық алгоритмді программалау Сабақтың түрі Қорытынды сабақ


Download 0.54 Mb.
Sana03.04.2023
Hajmi0.54 Mb.
#1322465
TuriСабақ
Bog'liq
Қысқа мерзімді жоспар


Қысқа мерзімді жоспар

Мектеп: «МДШО бар №9 орта мектеп» КММ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: PYTHON тілінде программалау

Сынып: 6 «А»

Мұғалімнің аты-жөні: Туткабаева С.

Сабақ тақырыбы

Сызықтық алгоритмді программалау

Сабақтың түрі

Қорытынды сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.2.1 Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Python тіліндегі өрнектің мәндерін тауып, типтерін атайды;
Оқушылардың басым бөлігі: сызықтық алгоритмнің блок - схемасын құрады;
Кейбір оқушылар: Программалау тілінде программалық код жазады.

Бағалау критерийлері

  • Python тіліндегі өрнектің мәндерін тауып, типтерін атай алады;

  • сызықтық алгоритмнің блок - схемасын құра алады

  • Программалау тілінде программалық код жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:
Сызықтық алгоритмPython тіліндегі өрнектер, терминдердің айтылуы.
Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер:
Сызықтық алгоритм - ...
Сызықтық программа - ...
Программалау тілі - ...

Құндылықтарды дарыту

Жеке тұлға аралық қатынастарды қалыптастыру және қолдау, өзара құрмет, өзара жауапкершілік құндылықтарын дамыту

Пәнаралық байланыстар

Математика, геометрия, сызу,

АКТ қолдану дағдылары

слайд, «Nearpod.com», «Padlet» платформалары, Python программалау тілі

Бастапқы білім

Сызықтық алгоритм, Python тіліндегі өрнектер, терминдердің айтылуы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин
5 минут
Сабақтың
ортасы
15 мин
Сабақтың соңы
Қорытындылау
10 мин
Кері байланыс

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау. Ширату жаттығуы беріледі. Осы суреттерге қарап, сабақтың тақырыбын айқындайды.

1-тапсырма. «Футбол» ойыны ойнатылады. Өткен тақырып бойынша сұрақтар ой қозғау ретінде еске түсіріп оқушылар сұрақтарға жауап береді.

«Nearpod» платформасын қолданып , “Идеал” стратегиясы бойынша тапсырманы талдап шығады.
1-тапсырма. Python программалау тіліндегі өрнектің нәтижесін анықтап, типін атап шығу керек
2-тапсырма. Берілген есепке қарап, сызықтық алгоритмнің блок-сызбасын құру керек. Программасын жазу керек

Қорытындылау кезеңінде. 3-тапсырма орындалды. Берілген есептің алгоритмін құрып, блок-сызбасын сызып, Python программалау тілінде программасын есептеп көрсету керек.

Python программасында программасын
есептеп шығару керек. Жіберілген ссылка арқылы кіріп есептің программасын құру керек.
https://www.programiz.com/python-programming/online-compiler/
Осы 3-тапсырмаға байланысты дескрипторлар құрылған.
Дескриптор
1. Берілген есептің алгоритмін құрып, блок-сызбасын сыза алады
2. Python программалау тілінде программасын есептеп көрсете алады
Жетістік баспалдағына қарап, оқушылар өзін-өзі бағалайды. Тапсырманы дұрыс орындады ма, жоқ әлде қиналды ма өздері қанат белгісімен өз деңгейлерін белгілеп шығады.

Padlet платформасы арқылы кері байланыс және өзін-өзі бағалау.
Сызықтық алгоритм бойынша өз іс-әркеттері бойынша алгоритм құру керек. «СМС» әдісі арқылы бүгінгі сабақтағы өз іс-әрекеттеріне, сабаққа кері байланыс береді, тақырыпқа байланысты сызықтық алгоритм түрінде жазады.


Презентация

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.
АКТ-мен байланыстар

Саралау тапсырмалары жалпы сыныппен өз беттік жұмыстардаберіледі. Жалпы сыныппен өз беттік жұмыста қабілеті жоғары оқушылар өз жолдастарына көмек жұмысын ұйымдастырады.

Бағалау сабақтың барлық бөлімінде жүреді, ауызша жауап берген оқушыларды, тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды мадақтау

Оқушылар мен сергіту сәті жүргізіледі.

Download 0.54 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling