Кіріспе
«Тарихи процесс және тарихи таным теориясы» пәнін оқытудың
мақсаты – тарихтың философиясы мен методологиясының негізі түсініктерімен,
тарихи танымның принциптерімен, тарихи теорияның категорияларымен,
методологиялық теориялардың әртүрлі бағыттарымен таныстыру, тарихтың
теориясын оқуда оларға бағдар беретін білімді меңгерту.
«Тарихи процесс және тарихи таным теориясы» пәнін оқытудың
міндеттері. Студент аталмыш пәнді оқу барысында:
–
тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы саласындағы ғылыми
категориялық аппаратты меңгеруге тиісті;
–
тарихи фактінің ерекшеліктерін және тарихи танымның деңгейлерін,
тарихи теорияның қалыптасуының жолдарын түсінуге тиісті;
–
адамзат тарихының дамуына формациялық және өркениеттік тұрғыдан
қарау негіздерін түсіндіруге тиісті;
–
тарих ғылымының эпистомологиялық негіздерін және тарихи дамудың
концепцияларын
талдай отырып, тарихты ғылым ретінде бейнелейтін жүйелі
білімді меңгеруге тиісті;
–
тарихи үрдістің формациялық және өркениеттік теорияларының мәнін
дұрыс түсініп, күнделікті зерттеу жұмысында қолдана білуге тиісті.
«Тарихи процесс және тарихи таным теориясы» пәні тарихи білім жүйесінде
айрықша орын алады, өйткені ол негізгі және арнаулы тарихи пәндердіі
теориялық іргетасы болып табылады. Тарихи процесс теориясы – себеп-
салдарлық байланыстардың логикалық сызбасы, ал тарихи таным теориясы –
өткен тарих туралы білімнің философиялық талдауы. Тарихи процесс және
тарихи таным теориясы – тарих ғылымдары жүйесінің іргетасы.
«Тарихи процесс және тарихи таным теориясы» пәнінің объектісі
және әдістер жүйесі. Ұсынылып отырған пәннің оқыту
объектісі тарихи
процесс теориясы және тарихи таным теориясы болып табылады. «Тарихи
процесс және тарихи таным теориясы» пәні тарих ғылымының концептуальдық
қағидаларын негіздейді. Пәннің әдістер жүйесін анализ, синтез, абстрактілеу,
салыстыру,
индукция, дедукция сияқты жалпы ғылыми әдістер, сондай-ақ
арнаулы тарихи әдістер құрайды. Пәннің категориалдық аппараты: әдіс,
методология, тарихтың философиясы, историософия,
эпистемология,
танымның әдістері, тарихи таным,
тарихи процесс, тарихилық және
тарихшылдық, формациялық теория, өркениеттік теория.
Do'stlaringiz bilan baham: