Қазақстан республикасы ұлттық Ғылым академиясының


Download 1.99 Mb.
Pdf ko'rish
bet39/147
Sana27.01.2023
Hajmi1.99 Mb.
#1134094
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   147
Bog'liq
obsh (5)

 
Резюме 
 
В данной статье рассматриваются теоретико-правовые основы принципа справедливости юридической 
ответственности. 
 
Summаry 
 
This article discusses the theoretical and legal basis for an equitable legal liability. 


№5. 2013
47 
УДК 340.12(574) 
 
А.Б. СМАНОВА 
Мемлекет жəне құқық теориясы мен тарихы, конституциялық 
жəне əкімшілік құқық кафедрасы доценті, з.ғ.к. 
 
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қаласы 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ 
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 
НЕІЗГІ КЕПІЛІ 
Аннотация 
 
Қазақстан Республикасы – демократиялық, құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғам құру жолында 
негізгі идеялар ретінде заң үстемдігі жəне қоғамның барлық саласында оның басым болуын, жеке адамның 
құқығы жəне бостандығы қорғалып, оған кепілдік берілуі тиіс. Əрине мемлекеттіліктің құқықтық бағытта 
дамуын қамтамасыз ететін құқықтық тетік қажет. Соған орай Қазақстан Республикасының егемендігі мен 
дербес тəуелсіздігін қамтамасыз ететін негізгі нормативтік құқықтық акт еліміздің Ата заңы – Қазақстан 
Республикасының Конституциясы. 
Конституцияны тұжырымдамалық тұрғыдан екі: тар жəне кең мағынада түсіну қажет. Біріншіден, тар 
мағынада Конституция бұл жоғарғы заң күші бар, қоғамдық тəжірибеде іске асырылатын теориялық 
тұжырым мен əлеуметтік-саяси үлгінің нормативтік көрінісі болып табылатын мемлекеттің негізгі заңы. Ал 
кең мағынада конституция – бұл конституциялық құрылыстың құндылықтары, институттары мен 
нормалары: адам ең жоғарғы құндылық, оның құқықтары мен бостандықтарының үстемдігі, халық егемендігі 
– ресми бекітілетін ең жоғарғы құқықтық форма болып табылады.
Қазақстан Республикасының бүгінгі қолданыстағы Конституциясы елімізде азаматтық қоғам 
институттарын орнатудың барлық құқықтық құрылымдарын орнықтыруға толығымен мүмкіндік берді.
Азаматтық қоғам институттарының ерекше сипатын көрсететін идеологиялық əр алуандылық мəселесі, 
азаматтық қоғамның негізгі тірегі – үкіметтік емес ұйымдардың қалыптастырылу негіздері, отбасы жағдайы 
жəне жеке меншік мəселесі жеткілікті деңгейде құқықтық реттеліп келе жатқанын да аңғара аламыз, əрине 
осал тұстары да қоғамдық құраушы элементтердің өзінің мүмкіндігін əлі толықтай пайдалана 
қоймағандығын ескеру керек.
Қазақстан Республикасы мемлекеттің билік тежемелік жəне тепе – теңдік жүйесін пайдалана отырып
оны заң шығарушы, атқарушы жəне сот билігі тармақтарына бөлу қағидаларыне сəйкес Конституция мен 
заңдар негізінде жүзеге асырылатындығын белгілеген романо-германдық құқықтық отбасына сай даму 
жолында.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – Ата заңымыз ұлттық жəне халықтық егемендіктің 
орнығуын, мемлекеттің демократиялануының көрінісі, құқықтық пен зайырлы мемлекет ретінде 
қалыптасуына кепілдік берген, азаматтық қоғам институттарының қызмет етуіне үлес қосқан нормативтік 
құқықтық акт.

Download 1.99 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   147




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling