Қазақстан республикасы ұлттық Ғылым академиясының


ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ


Download 1.99 Mb.
Pdf ko'rish
bet37/147
Sana27.01.2023
Hajmi1.99 Mb.
#1134094
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   147
Bog'liq
obsh (5)

 
ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ 
ƏДІЛЕТТІЛІК ҚАҒИДАСЫН ТЕОРИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ 
 
Аннотация 
Осы мақаланың негізгі мазмұны заңды жауапкершілікті жүзеге асырудағы əділеттілік қағидасын 
теориялық-құқықтық талдауы болып табылады. Заңды жауапкершіліктің маңызды қағидаларының бірі 
əділеттілік қағидасы болып табылады. Бұл қағида заңды жауапкершілік қағидасы мəселесін талдауға 
жүгінген əр автордың ерекше ықыласы түсер қағида болып табылады. Зерттеушілер бірауыздан аталған 
қағиданың маңыздылығын құптағанымен, оның мазмұнын əртүрлі тұрғыда ашады. Əділеттілік қағидасы - 
құқықтық мəдениетте адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың белгілі тəртібіне тікелей қатысты 
қағида, адамның қоғам алдында ғана емес, сонымен бірге қоғамның тұлға үшін де жауаптылығын көрсететін, 
адамның өмір сүру жағдайлары мен сапасын білдіретін əлеуметтік-этикалық категория. Əділеттілік ізгіліктің 
іргетасы. 
Тірек сөздер: əділеттілік қағидасы, құқықтық мəдениет, заңды жауапкершілік, ізгілік. 
Ключевые слова: принцип справедливости, правовая культура, юридическая ответственность, 
гуманизм. 
Keywords: principle of justice, legal culture, legal responsibility, humanism. 
Заңды жауапкершіліктің маңызды қағидаларының бірі əділеттілік қағидасы болып табылады. 
Бұл қағида заңды жауапкершілік қағидасы мəселесін талдауға жүгінген əр автордың ерекше 
ықыласы түсер қағида болып табылады. Зерттеушілер бірауыздан аталған қағиданың 
маңыздылығын құптағанымен, оның мазмұнын əртүрлі тұрғыда ашады. 
Мысалы; В.С. Нерсесянц заңды жауапкершіліктің əділеттілік қағидасы нақты тұрғыда тұлғаның 
нақты құқық бұзушылық үшін заңды жауапкершілік негізін жалпылама құқықтық бағалау, оны 
тағайындаудың əдістері болып табылады [1., 527-529 бб.], деп есептейді.
Автор, мұнда біздің пікіріміз бойынша, əділеттілік қағидасын заңды жауапкершілік 
институтының барлық дерлік элементтерін қоса отырып кең тұрғыда қарастырады. Мұндай 
тұрғыда қарастыру, «əділеттілік қағидасы» категориясының нақтылығын жояды, ал ол өз кезегінде 
құқық шығармашылық пен құқық қолдану тəжірибесіне кері əсерін тигізері анық.
А.Ф. Черданцев пікірі бойынша, жауапкершілік əділеттілігі құқық бұзушылыққа қолданатын 
жауапкершілік шараларының сəйкес келуінде болып табылады. Автор əділеттілік қағидасының 
айқын көрінісі ретінде қылмыстық жəне əкімшілік істер бойынша кінəсіздік презумпциясы, 
жауапкершілікті ауырлататын заңның кері күшіне жол берілмейтіндігі жəне тағы басқа деп 
көрсетеді [2., 41 б.]. 
Біздің ойымызша, А.Ф. Черданцевтің əділеттілік қағидасына деген мұндай көзқарасымен толық 
келісуге болмайды. Мұндай тұрғыда түсінуде заңды жауапкершілік институты – материалды 
құқықтық екені, сəйкесінше заңды жауапкершіліктің əділеттілік қағидасы кінəсіздік 
презумпциясында көрініс таба алмайтындығы ескерусіз қалады. 
Əділеттілік қағидасына И.С. Самощенко мен М.Х. Фарукшин «Ответственность по 
советскому законодательству» атты жұмысында ұқсас сипаттама береді. Оның мазмұнын аша 


№5. 2013
45 
отырып, авторлар, заңды жауапкершілікке қатысты əділеттілік қағидасына қойылатын талаптар 
келесіден көрініс табуы қажет деп есептейді: 

құқық бұзушылықпен келген зиян қайтымды сипатқа ие болған кезде, ең алдымен бұзылған 
құқықтарды толығымен қалпына келтіруді қамтамасыз етуі қажет; 

құқық бұзушылықпен келген зиян қайтымсыз болған жағдайда, мемлекеттік мəжбүрлеу 
шаралары түрі мен көлемі бойынша құқық бұзушылықпен келтірілген қоғамдық зиян деңгейі мен 
сипатына сəйке болуы тиіс. 

санкцияларды (əсіресе жазалаушы) заңмен тыйым салынған əрекеттер туралы қоғамдық 
қатынас қатысушыларына мəлім болғаннан кейін ғана қолдануға жол беріледі. 

əділеттілік, кінəлі тек өзінің құқыққа қайшы əрекетіне ғана жауап беруді талап етеді. 

əділеттілік бір құқық бұзушылық үшін бір ғана талап етеді [3., 42-43 бб.]. 
Мұндағы айта кетер жəйт, қағида бұл қандай-да құқықтық құбылыстың белгісін 
айқындайтын идея. Заңды жауапкершіліктің əділеттілік қағидасы мазмұнына жауапкершілік 
мақсаттарын қосу көзқарасына байланысты айтарымыз, мұнда жауапкершілік қағидасы мен 
жауапкершілік мақсаты – əр түрлі құбылыстар болғандықтан бір ұғымға біріктіруге болмайды. 
Сондай-ақ жауапкершіліктің екіеселенуіне жол берілмеушілік əділеттілік қағидасының көрініс 
табуы ретінде қарастырыла алмайды. Жауапкершіліктің екі еселенуі заңды жауапкершілікке емес, 
заңды жауапкершілік шараларын қолдануға қатысты болып табылады. 
Мұндай түрлі көзқарастарды есепке ала отырып, заңды жауапкершіліктің əділеттілік 
қағидасының мазмұнын ашу үшін «əділеттілік» категориясын талдау қажеттілігі туындайды. 
Əділеттілік түсінігі ертеден бастап-ақ философия, этика жəне басқа да қоғамдық ғылымдарда 
қарастырылып келеді. 
Кезінде əділеттілік түсінігін Аристотель «Этика» атты еңбегінде талқылаған. Аталған 
түсінікті ол екі түрге бөлген: заңды категория мағынасындағы əділеттілік жəне бірқалыптылық 
мағынасындағы əділеттілік. Заңды категория ретіндегі əділеттілікті Аристотель заңдылыққа 
теңестіреді. Сəйкесінше заң бұзушылықты Аристотель əділетсіздіктің бірінші түрі ретінде 
қарастырады. Ал арнайы əділеттілікті адамдар арасында бөлінуі мүмкін барлық нəрсенің өзара 
мөлшермен теңдей болуы деп түсіндіреді [4., 13 б.]. 
Сондай-ақ əділеттілік «жоғары рақымшылық» (Цицерон), «адам өмірінің құндылығы» (И. 
Кант), «қажеттілік» (Л. Бернс), «əрекеттегі шынайылық» (Жубер) ретінде де қарастырылып келді 
[5., 119 б.]. 
Р. Иеринг «Цель в праве» жұмысында əділеттілік идеясын қайырымды іс пен оған деген 
құрмет, жаман іс пен жазаның арасындағы тепе-теңдік мүдделерінің қоғам мүддесіне сəйкес келуі 
деген пікірге келеді. Р. Иеринг судьялардың шешімін əділетті деп есептейді жəне əділеттілік 
түсінігі құқықтағы теңдік қағидасына негізделген деп нақтылайды [4. 14 б.]. 
Заманауи батыс ғылымында «əділеттілік» категориясы жалпыгуманистік тұрғыда 
қарастырылады [6.]. Мысалы, Д. Роулз пікірі бойынша əділеттілік – бұл адамдар арасындағы 
теңсіздікті жою құралы. 
Кеңестік кезеңде əділеттілік түсінігі таптық тұрғыда анықталды. Мысалы В.В. Козловский 
əділеттілікті жеке меншік қатынастарынан туындайтын қоғамдық байланыс үлгісі [7., 19 б.], деп 
түсіндірсе, Т.В. Мальцевтің пікірі бойынша, əділеттілік түсінігінің негізгі элементтері, бір 
жағынан, айырбас жəне бөлу типіндегі қоғамдық қатынастар жиынтығы, екінші жағынан, 
əлеуметтік, өндірістік тəжірибе негізінде өңделген идеологиялық құндылықтар болып табылады. 
Əлеуметтік-экономикалық, саяси қатынастардың өзгеруі философиялық, тарихи, құқықтық 
жəне басқа да категорияларды талдауды елеулі түрде өзгертеді. Бұл «əділеттілік» категориясына да 
қатысты. 
Қазіргі уақытта əділеттілікке сипаттама бергенде жалпыадамзаттық құндылықтарды, құқық 
пен моральдың, өнегелік құбылыстармен байланысын түсіну есепке алынады [8., 67 б.]. Əділеттілік 
құндылықтарды жүзеге асырудың талаптары ретінде қарастырылып, өзге тұлғаларға қатысты əділ 
болудан, оны сыйлаудан, тұлғаның бостандығына қол сұғылмаушылықтан жəне мəдени 
құндылықтарды жасауға бөгет болмаудан құралады. 
Жоғарыдағы пікірлерді жинақтай отырып, əділеттілікті үлесті қатынастарды жүзеге асыру 
мен бағалауда, реттеу мен құруда қолданылатын жəне үлестіру үшін негіз болып табылатын 



Download 1.99 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   147




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling