Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі біліктілік-арттырудың-Ұлттық-орталығЫ«Өрлеу»-АҚ
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту
Download 59.36 Kb.
|
user file 5e47b9fbb8755
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту
Жаңартылған Стандарт негізінде мектепке дейінгі білім беру саласындағы ғылым мен практиканың жетістіктері, отандық және шетелдік тәжірибелер ескеріліп, «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» үш білім беру бағдарламаларының орнына Бағдарлама әзірленді. Әдістемелік-нұсқаулық хат жаңартылған мазмұнды іске асырудың негізгі бағыттарын, мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдерін, Стандарт талаптарына сәйкес балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін жағдайлар жасауды, мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыруды, тәрбиешілердің педагогикалық шеберліктерін арттырудың негізгі тәсілдерін қарастырады. Аталған хат мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді және мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері,педагогтары мен мамандарына, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығы үшін әдістемелік нұсқаулық болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асыру Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, Мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында айқындалған міндеттерді орындауды талап етеді. Бағдарламаның мақсаты: балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне, қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларын қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарын, «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясына негізделген сәйкес жалпы адамзаттық құндылықтарды, патриотизм мен төзімділікті тәрбиелеу. Міндеттері: баланың өмірін қорғау және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру; мектепке дейінгі білім берудің сабақтастық және үздіксіз ұстанымдарын қамтамасыз ету; балалардың дене, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру; әр жас топтарында бағдарлама материалының мазмұнын игеру бойынша мониторингті ұйымдастыру; мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара ықпалдастығы. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламасы: мектепке дейінгі жастағы балалардың денесін және психологиялық саулығын нығайтуға,оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына баулуға; баланы тұлғалық және әлеуметтік, зияткерлік дамытуда тәрбие мен оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдануға; балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық, оқыту міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етуге; мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының қажеттілігін қанағаттандыруға ықпал етеді. Бағдарлама балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» бес білім беру саласы және білім беру салаларының мазмұнын кіріктіру арқылы іске асырылады. Бағдарлама мазмұнын іске асыру жас ерекшелігі психологиясы мен мектепке дейінгі педагогика және білім беру салаларын кіріктіру негізінде жүзеге асырылады. Барлық білім беру салалары бір-бірімен байланысты: бала оқи отырып таниды; тани отырып не білгені туралы айтады; зерттеу және пайымдау барысында құрбыларымен бірлесіп әрекет етеді. Осылай білім беру салаларының өзара кірігуі және өзара байланысы балада қоршаған ортаның тұтас бейнесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру және балаларды мектепке дейінгі ұйымдарда сапалы тәрбие мен және оқытумен қамтамасыз ету үшін келесі ұстанымдар және тәсілдер қарастырылуы қажет: тәрбие мен оқытудың барлық қатысушылары — педагогтар, психологтар, ата-аналар мен баланың тұлғасын қалыптастыру мен оның қабілеттерін дамытуда кешенді тәсіл; балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оларды дамыту да әрекеттік тәсіл; баланың дамуы мен мектепке дейінгі ұйымның қызметінің деңгейлеріне (мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына мониторинг жүргізу үшін автоматтандыру жүйесі) мониторинг жүргізуде инновациялық тәсіл; тәрбие мен оқыту мазмұны мен әдістерінің бірлігі, сабақтастығы, үздіксіздігі; Мемлекет басшысы бала тәрбиесіне, оларды ғаламдық өзгерістерге дайын етіп өсірудің қаншалықты маңызды екеніне біздің назарымызды үнемі аударып келеді. Оның айғағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі ережелеріндегі 1 жастан 6 жасқа дейінгі баланың бес білім беру салаларының үйлесімді бірігуі арқылы ерте жастан дамуын қарастырады. Практикалық жүйе көрсеткендей бала ерте жастан, яғни туылғаннан бастап 3 жасқа дейінгі аралықта қандай тәлім, тәрбие алса бала соған икемді болады. Сондықтан балаға қандай тәлім – тәрбие мен білім берсек те оларға ерте жастан, яғни бала туылғаннан бастап 3 жасқа дейін толық жағдай жасауымыз керек екен. Тәрбие мен оқу – бір-бірінен бөлек алынып қаралмайтын күрделі процесс. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп,оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру – әрбір тәрбиешінің тапқырлығы мен шығармашылығын талап етеді. Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Бүгінгі таңда ауданымыздағы мектепке дейінгі мекемелерде кәсіби білімді, біліктілігі жоғары мамандар еңбек етуде. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім беруде қол жеткізген жетістіктеріміз - балабақша типтерінің түрленуі мен желісінің қарқындап көбеюі, материалдық базаның нығайтылуы, ақпараттық технологиялық құралдарды пайдалануға мол мүмкіндіктердің туындауы. «Балалар–бүкіл әлемдегі жақсылықтың бастауы, олар біздің болашағымыз. Сондықтан да біз, ересектер, жас ұрпақтың өмірі мен игілікті дамуы үшін барынша жағдай жасауға тиіспіз.........»-деген Н.Ә.Назарбаевтың сөзін әрбір адам қағида ретінде ұстанса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру стратегиясы мектеп жасына дейінгі балаларды жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптастыру мәселелерінің ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, басты қажеттілік ретінде қабылданған еді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қадағалауды ұйымдастырып, педагогикалық кадрларға қойылатын талаптармен, олардың біліктілігін арттырып және қайта даярлап, бала дамуының деңгейін жүйелі бағалауды қамтамасыз етуде. - Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектеп алды даярлық топтарында педагогикалық процесті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді пайдалануда; - Білім беру мазмұнын, оның деңгейі мен сапасын іріктеуге қойылатын талаптарды реттеп; - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық топтарының қызметін баланың денсаулығы мен физикалық дамуын сақтауды бағдарлап; - Баланың дамуының әрбір жас кезеңінде әлеуметтік ахуалды іске асыру үшін жағдайларды қамтамасыз етіп; - Баланың жас кезеңдері сабақтастығы негізінде біріңғай білім беру кеңістігі сақталып; - Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары және бастауыш мектеп арасында сабақтас байланыс реттеліп; - Отбасы әлеуетін және мектеп жасына дейінгі тұлғаның толық қанды дамуына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының дамыту ортасының психологиялық-педагогикалық негізін пайдаланып; - Әлеуметтік – мәдени міндеттер шешу - мектеп жасына дейінгі балаларға білім берудің жаңа үлгісін қалыптастыруда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары, отбасы, әлеуметтік орта бірігіп; - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивті білім беруді қамтамасыз етілуде. Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек. Қазіргі таңда ауыл балабақшалары жаңа заман талабына сай жабдықталған, балабақшаның әр тобында балалардың жатын, ойын, киім шешетін, жуынатын, әжетхана, спорттық зал, үйірме бөлмелері қамтылған. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа алған балабақша ұжымдары «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» жүйесін жүзеге асыруда. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдай жасайды. Мектепке дейінгі балалық шақ-баланың моральдық-адамгершілік бейнесін қалыптастырудағы маңызды кезең. Дәл осы кезеңде баланың жеке тұлғасының дамуын анықтайтын құнды бағыттар, алғашқы адамгершілік түсініктері, сезімдері, әдеттері, қарым-қатынасы қалыптасады. Мектепке дейінгі білім беру үздіксіз тәрбие берудің алғашқы сатысының және балаларды ерте шақтан әлеуметтендірудің әлемдік үлгісі болып қала береді, өйткені тәрбиелік үдерістің үздіксіздігі бала өмірінің мектепке дейінгі, мектептегі және кейінгі жылдарын байланыстырады. Сондықтан да мектепке дейінгі мекемедегі баланы дамытушылық және жеке тұлға ретінде қарай отыра оның қызығушылықтары мен құқықтарын түсінуде және құрметтеуде қажет гуманитарлық жаңа жолына бағыттайтын жүйесін қалыптастыру. Балабақшаларға баратын балалар аз ауырады, білім берудің барлық деңгейлерінде білімді тез қабылдайды, жалпы өмірде табысты болып келеді. Мектепке дейінгі білім беру уақыты бала дамуының анағұрлым белсенді кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде мектепке дейінгі жастағы балалардың ұлттық рухани-мәдени құндылықтар негізінде дене, жүйке-психикалық, ой-өрісі сияқты өмірлік дағдылары қалыптасады. Сапалы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту балалардың әлеуметтік жағдайы мен тұратын орнына қарамастан барлық балаларға берілуі тиіс. Қазақстан Республикасындағы мемлекет басшылығының адам капиталын дамытудың маңыздылығы мен қажеттілігін және білім беру жүйесін реформалауды бастау мен жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді прогрессивті дамыту мен модернизациялау мүмкін болып отыр. Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» Стратегиясының негізгі приоритеттерінің бірі болып отыр. Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады. «Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата - анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс-тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Балабақша–баланың жүйелі түрде білім–тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға байланысты. Инновациялық технологиялардың ерекшеліктері бір уақыттағы әрекет барысында бірнеше әрекеттің қатар жүргізілуінен тұрады: — мәтінді кәсіби дикторлардың айтуы; — мультимедиялық анимациялық материалдарды көрсету; — балалардың білім беру әрекетіне қатысуында. Қазіргі заманғы педагогтардың инновациялық технологияларды білуі уақыт талабы. Алайда мектепке дейінгі білім беру жүйесінде технологияларды пайдалануда бірқатар қиындықтар байқалады, олар: Педагогтардың технологиялардың құрамдас құрауыштарын жеткіліксіз білуі; Тәжірибе барысында тұтас технологияны емес, оның элементтерін пайдалануы; Педагогикалық жүйені тұтас көру дағдысының жоқтығы; Жұмыс тәжірибесіне сапа енгізуді бастамалайтын технология идеяларын қате түсіну; Ең бастысы: алдыңғы қатарлы әр технологияда қарастырылған, баланы қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның рухани жан- дүниесінің баюына және әр баланы жеке даму ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік дамуына жағдай жасау мәселесі ескерілмейді. Осындай мәселелер тек әдістер, формалар мен құралдар түрінде ғана қолданылатын педагогикалық, білім беру жағдаяттарын тудырады. Балабақшадағы инновацияға не жатады? Инновациялық іс - әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге болады. Бірінші кезеңде педагог жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы ақпарат жинайды, одан кейін әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдайды. Тәрбиеші инновациялық іс-әрекеттің екінші кезеңіне көшеді, яғни іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолданады. Бұл кезеңде педагог оқу–тәрбие процесіне, жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды өткізеді. Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық іс-әрекет үшінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде тәрбиеші жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың оқу-тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп, оны таратуға ұсынады. Оқытудың инновациялық жүйесі білім, оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана білу іскерлігі қалыптасуы керек. Қазақстанның бүгінгі білім беру жүйесінде жаңа инновациялық бағытты игерген, нақты тәжірибелік іс-әрекетте өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл, зерттеуші педагогтар аса қажет. Download 59.36 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling