«Бар жақсылық – балаларға!»
концерттік бағдарламасы
1-Жүргізуші:
Қайырлы күн, қадірлі қауым!
Армысыздар, жаны жайсаң, жүрегі жомарт ұстаздар! Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ!
2-Жүргізуші:
Қайырымды бола білу үлкен іс,
Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп.
Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,
Біле білсең өзің үшін ол жеңіс.
Армысыздар, құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар! Мектебімізде өтіп жатқан «Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау » күніне арналған «Бар жақсылық балаларға» атты концертімізге қош келдіңіздер!
1-Жүргізуші:
Бар байлығымыз , бақытымыз – бала. Өмірдің гүлі де солар. Ұрпақ өсір, мәпеле, аяла. Өйткені бақытымыздың баяндылығы да балалар мен өлшенбек.
2-Жүргізуші:
Әр бала бақытты болуға лайықты. Олардың бақытты болуына қызмет жасайтын үлкенлер осындай игі іске қолдау көрсетіп жатса , құба-құп емеспе?!
Сөз кезегі мектебіміздің директоры Рустамова Замира Шанияр қызына беріледі
1-Жүргізуші:
Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. Ал бейтаныс адамға жылы шырай білдіру, көңілін көтеру, кемшілігін кешіріп, демеу болу – жомарттық.
2-Жүргізуші:
Біздің халық өнерге мол, бай тегі
Әнші депте, биші депте айт оны.
Биге сенің қанша икемің бар еке,
Көріп алып жалғастырсаң қайтеді!- деп ортаға 8 «Б» Сыныбының биші қыздарын «Түркімен биімен» ортаға шақырамыз
1-Жүргізуші:
Өмір дәмі, екі дәм: Ащы – Тәтті,
Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ – Қатты.
Жолында жолығатын екі тағдыр,
Күтеді Адам үшін сын сағатты.
2-Жүргізуші:
2-Жүргізуші:
Өмір деген тұрмайды: Қап - қарадан.
Өмір деген тұрады: Ақ – Қарадан,
Ақ – Қара, екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан Адам!
1-Жүргізуші:
5 «А» сынып оқушыларының орындауында «Мен қазақтың қызымын» әнімен.
2-Жүргізуші:
тақпақтар
1-Жүргізуші:
Сіз-біз деген жылы сөз
жақсылықтың мерейі!
2-Жүргізуші:
Бір-біріне болып көз
кең болсын адам пейілі!
Би
1-Жүргізуші:
Әрине әрқашан мейірімділік деген тақырып бәріміздің құлағымызда.
2-Жүргізуші
Жәнеде мейірімділік көрсеткен адам өзін – өзі тамаша сезінеді,
1-2-жургізушілер бірге
ӨЙТКЕНІ ОЛ АДАМЗАТТЫҢ ҚАНЫНА СІҢГЕН ҚАСИЕТ!
1-жүргізуші
8-Б сынып оқушысының орындауында күй «Ерке сылқым»
1-Жүргізуші
Мейірімді ізде таза - аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірімділікті сіңірген адам бойына,
Өмірге мына, жылылықпен гүл еккен.
2-Жүргізуші
Мейірімділік - ғажайып өмір есігі,
Мейіріммен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, Алладан болмас кешірім.
1-Жүргізуші:_Ертеңге_талпыныс,_болашаққа_бағдар,_игі_іске_ұмтылыс_–_адамзатқа_тән_құбылыс.__2-Жүргізуші'>Музыкалық ән шашу:
Ән
1-Жүргізуші:
Өмір деген тәтті екен әрқашан да,
Қуаныш пен мұңменен қарсы алсаң да.
Мен өмірді сүйемін пәк жүрекпен,
Күресуге үйренем шаршасам да.
2-Жүргізуші:
Бала жүрек риза жаратқанға,
Жарқыраймын әр күні таң атқанда.
Қиындыққа мойымай қарсы тұрып,
Мен өмірді сүйемін әрқашан да.
Музыкалық ән шашу:
биі
1-Жүргізуші:
Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс.
2-Жүргізуші:
Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созған мұқтаж жандарға қолымыздан келген көмегімізді аямайық.
1-Жүргізуші:
Бала сенімінің нық болуына қадам жасайық!
2-Жүргізуші:
Бір- бірімізге жақсылық жасауға асығайық!
1-Жүргізуші:
Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» дегендей бүгінгі концертімізге кең пейілділік танытып келіп отырған әр адамға алғысымыз шексіз.
2-Жүргізуші:
Коцертіміздің қорытынды сөзін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Береміз
Do'stlaringiz bilan baham: |