Бастауышпен қоштасу


Download 32.22 Kb.
bet2/6
Sana17.06.2023
Hajmi32.22 Kb.
#1543546
1   2   3   4   5   6
Bog'liq
Арай бастауышпен қоштасу

Жүргізуші Сұлтанби:
Армысыздар, ардақты ұстаздар, ата-аналар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біз бастауыш сыныппен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Қошкеліпсізұстаздар, ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
Жүргізуші Асемай:
Балашақтан болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар ұстаздарым, қымбатты.
Жүргізуші Сұлтанби:
Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткенғой Абай, Ыбырай бабалар.
Жүргізуші Асемай:
Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгінміне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.
Жүргізуші Асемай:
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» , - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Сұлтанби?
Жүргізуші Сұлтанби:
Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Жүргізуші Асемай:Дұрыс айтасың Сұлтанби, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да , көкті шарлаған ғарышкер де , бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Жүргізуші Сұлтанби: Ия , бұл туралы батыр Бауыржан атамыз : «Болашақтың басшысын да , данасын да , ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен.Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.


Айерке:
Шәкірттердің тыңдар жауап сұрағын
Жас санаға төгіп білім шуағын
Хат танытып жол сілтеген өмірге
Барша жанға құрметті жан мұғалім.

Download 32.22 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling