Дауыссыз дыбыстардың алмасуы


Download 37.78 Kb.
bet3/5
Sana16.06.2023
Hajmi37.78 Kb.
#1499345
1   2   3   4   5
Bog'liq
Дауыссыз дыбыстардың алмасуы 2

Дыбыстардың алмасуы (Альтернация (лат. alternatio - алмасу) - дыбыстардың алмасуы (қазақша оқу- оқып, айту- айтып)) — сөйлеу кезінде, не тілдің тарихи дамуы барысында сөз ішіндегі бір дыбыстың басқа дыбысқа айналуы. Қазақ тілінде, негізінен, дауыссыз дыбыстардың алмасуы көп ұшырайды. Дыбыс алмасуы фонетиканың заңдарына сәйкес алмасу және тарихи алмасу болып екіге бөлінеді.Дыбыс алмасуының алғашқы түріне көрші дыбыстардың әсерімен болған алмасулар енеді:

  • Тiл алды н дауыссызы б, п дыбыстарының алдында келсе, м дыбысымен, қ, к, ғ, г дыбыстарының алдында келсе, ң дыбысымен алмасады: көмбіс (жазылуы көнбіс), түңгі (жазылуы түнгі), т.б.;

  • қ, к, п дыбыстарының біріне аяқталған сөздерге дауыстыдан басталған қосымша жалғанса, аталған дауыссыз дыбыстар өздеріне сәйкес ұяң дауыссыздармен алмасады: бақ — бағы, көк — көгілдір, шап — шабу, т.б.;

  • ызың дауыссыздар да ауызекі сөйлеу кезінде бірін-бірі алмастыра береді: шашшыз (жазылуы шашсыз), жұмышшы (жазылуы жұмысшы), тұссыз (жазылуы тұзсыз), т.б.;

  • егер сөз ы дауыстысына аяқталып, оған у сонанты жалғанса, езулік ы дауыстысы еріндік ұ дауыстысымен алмасады: сылы + у (айтылуы сылұу, жазылуы сылу), т.б.

Тектес тілдердегі, я бір тілдің өз ішіндегі диалектілердегі этимологиялық тұрғыдан төркіні бір морфемалардың құрамындағы дыбыстардың бірінің орнына бірі қолданылуы жиі кездеседі. Дыбыстар бірімен-бірі бейберекет алмаса бермейді. Түркі тілдерінде бір-бірімен алмасатын дыбыстардың ежелден қалыптасқан жүйесі бар. Қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдеріндегі бас деген зат есімнің соңындағы с өзбек, ұйғыр, қырғыз, таатр, түрікмен тілдерінде баш болып, ш дыбысымен айтылады. Қазақтағы тыңда етістігін өзбек, ұйғыр, қарақалпақ тілдерінен тынла деген үлгіде ұшырастырамыз. Бұдан с-ш, л-д дыбыстарының алмасуында нақтылы жүйе бары айқын байқалады. Осы сияқты а-ә, б-п, қ-ғ, д-т, ч-ш, т.б. көптеген дыбыстардың алмасуында да қалыптасқан жүйе бары белгілі. Қазақ диалектілеріне де осы жүйе ортақ. Қазақстанның біраз жерінде сортаң, теңдік болып айтылатын сөздердің оңтүстік өңірде шортаң, теңлік деген нұсқада айтылуы — осының дәлелі. Түркі тілдерінің түп төркініндегі ортақтықтың сырын ашудың басты бір кілті осы дыбыс алмасуы заңдылығында жатыр. Тілдерді салыстырмалы-тарихи тұрғыда танып білу үшін дыбыс алмасуы заңдылығын зерттеу қажет.

Дауыссыз дыбыстардың алмасу пирамидасы
Қазіргі қазақ тілінің жасалым фонетикасында проф. Ә.Жүнісбектің дыбыстардың жасалым теориясы негізінде біршама зерттеу әдістері өрістеп дами бастады. Төменде назарларыңызға ұсынылып отырған дауыссыздардың дауыс қатынасына байланысты топтарының моделі (1-сурет) бірнеше әдістемелік қасиетке ие. Аталған модель бойынша дауыс немесе үн қатысына байланысты дауыссыз топтары мен дыбыс құрамы, жасалу орны, қандай дыбыстармен ортақ және алшақ белгілері бар екені жайлы мәліметтер ала аламыз. Мысалы, тіл ұшы тоғысыңқы дыбыстар үш топта да бар: Т қатаң топта, Д ұяң топта, Н үнді топта.
Аталған кестенің дауыссыз дыбыстардың жасалым табиғатынан мәлімет беріп қана қоймайды. Дыбыстардың алмасуы мен дыбыстардың сәйкестігін зерттеуде белгілі бір дәрежеде негіз ретінде алуға болады. Мысалы, қазақ тіліндегі көптік жалғаудың -лар/лер, -дар/дер, -тар/тер тұлғалары тіл ұшы дауыссыз дыбыстарына басталып тұр. Яғни бұл парадигмалық түрленіс аталған дыбыстардың жасалым сапасынан келіп шығады екен. Ілік септігінің -ның/нің, -дың/дың, -тың/тің тұлғалары тіл ұшы тоғысыңқы дыбыстардан тұратындығы аталған кестенің толық дәлел бола алады.
Сөз құрылымының ықшамдалу амалы. Сөз құрылымының ықшамдалу жолы тек морфонологиялық құбылысқа жатады; Сөз басындағы ықшамдалу жолдары; Сөз ішіндегі түсіріліп айтылатын дыбыстар; Эллизия құбылысы; Прокопа құбылысы; Апокопа құбылсы Ықшамадалу амалдарына: прокопа – сөз басындағы дыбыстың түсірілуі. Элизия- сөз ішінде түсірілетін дыбыс. Элизия (лат. elіsіo – ысыру, ығыстыру) – сөздің соңғы дыбысы дауысты дыбысқа аяқталып, оған тіркесіп айтылатын сөздің, жалғанатын қосымшаның бастапқы дыбысы дауысты болған жағдайда қатар тұрған бір дауысты дыбыстың түсіріліп айтылуы. Қазақ тілінде кейде алғашқысы, кейде соңғысы түсіріліп айтылады. Мыс., бара алмады – бар(а) алмады – баралмады, не үшін – не(ү)шін – нешүн. Дауыссыздардан тұратын қосымшалар (-қ, -к, -с, -п) дауысты дыбысқа аяқталған сөзге жалғанғанда Э. жолымен ықшамдалып жасалған. Мыс., тара+ақ – тара-қ, күре+ік – күре-к, т.б. Бірақ қатар келген барлық дауыстылар түсіріле беруі шарт емес. Бір ритмик. топтағы тіркестердің жігіндегі екі дауысты қатар сақталып та айтылады. Мыс., өте ақ, аса алыс, тұра ұмтылды дегенде өте, аса, тұра сөздерінің айтылуы дауыстылардың сақталуына себеп болады. Кейде сөз бен қосымша жігінде дауыстыларды сақтау үшін араларына дауыссыз қыстырма дыбыс қойып айтылады. Мыс., зырылда+ық – зырылдауық дегенде Э. бар да, зырылда+у+ық – зырылдауық дегенде у дауыссызы арқылы а және ы дыбыстары сақталып тұр. Апокопа – сөз соңындағы түсірілетін дыбыс. Апокопа (гр. ἡ ἀποκοπή - қысқарту) - сөздің кысқаруына әкеліп соқтыратын соңғы екпінсіз дауыстының түсіп қалуы (орыс. или - иль, чтобы - чтоб). Сөздің акценттік-фонетик процесінің нәтижесінде соңғы бір немесе бірнеше дыбыстың түсіп қалған түрі. Мұндай құбылыс батыс тілдерінде жиі кездеседі. Орыс тіліндегі чтобы-ның орнына чтоб деу де осыған жатады. Аз да болса, қазақ тілінде де Апокопа ұшырасады. Мысалы, жергілікті тілдік ерекшелік ретінде жұмсалатын бер кел (бері кел-дің орнына), керім (керемет-тің орнына) осының дәлелі.Қысқарту арқылы жаңа сөздердің жасалуы. Ғылым терминдер мен кәсіби лексикада, публицистикада мүның мысалдары мол кездеседі және олар көп жағдайда шет тілдер мен орыс тілінің әсерінен пайда болып жатады. Мысалы, метро (метрополитен-нің орнына), агроуниверситет (аграрлық университет-тің орнына), физгеография (физикалық география-ның орнына) т. с. с. Мұндай процесс апокоптану процесі деп аталады.

Download 37.78 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling