Дауыссыз дыбыстардың алмасуы


Жуан – жіңішке дауыстылардың алмасуы


Download 37.78 Kb.
bet2/5
Sana16.06.2023
Hajmi37.78 Kb.
#1499345
1   2   3   4   5
Bog'liq
Дауыссыз дыбыстардың алмасуы 2

Жуан – жіңішке дауыстылардың алмасуы: А-Ә: Ары-әрі, абиыр-әбүйір, абдыра–әбдіре, ажым-әжім. Кейде сөз ортасында ғ,п дыбыстары түсіріліп айтылғанда, олардың алды артындағы дауысты дыбыстар а болса, олар ә дыбысына айналады. Мысалы, бағасы –бәсі, мағына-мән, сағат-cәт. А-Е: сандалу-сенделу, дамыл-деміл, адырай-едірей, бадырай-бедірей, бекер-бекар. Ұ-Ү: ұшыр-үшір, үбір–шүбір, мұжы-мүжі. Бұл сөздердің қайсысы болса да жуаннан жіңішкеге алмасқаны байқалып тұр. Шұңғыл–шүңгіл. Мысалы: ауылда шұңғыл сай бар. Шүңгіл көз тура өзім сияқты. Түркологиядағы пікірге сүйенсек, негізінен алғаш сөздер жуан айтылған да, кейіннен жіңішке нұсқалары пайда болған. Бұл пікірді Д.Г.Киекбаев, А.М. Щербак, С. Омарбеков қолдайды. Бірқатар сөздерде Қарақалпақстанда тұратын қазақтар әдеби тілдегі а дыбысы орнына е дыбысын айтады. Қалегенін – қалағанын. Қалегенің осы болса алып кетің. Мақсет – мақсат, бикарга–бекерге.
А/Ы. Бұл алмасу Шу, Маңғыстау сөйленістерінде, Ақтөбе облысының Байғанин ауданында тұратын қазақтар тілінде, Семей облысының кей аудандарында кездеседі. Дыбыл – дабыл, жуап – жауап, шатқыл – шатқал, аз-мыз – аз-маз.
О/Ұ. Бұл алмасу Шу, Арал, Маңғыстау сөйленістерінде кездеседі. Ұйран – ойран, сұрақы – сорақы, құтару – қотару, құрамсақ – қорамсақ, құрқақ – қорқақ, дұп – доп. Соншалықты сұрақы іске баруға бола ма екен.
Ұ/Ы. Бұл Оңтүстік Қазақстан облысы, ШҚ кей аудандары тұрғындарының тілінде кездеседі. Пышық – пұшық, жылын – жұлын, бықтыру – бұқтыру, шыбар – шұбар, ымыту - ұмыту. Төрт қыбыласы түгел.
Ө/Ү. Бұл алмасу батыс сөйленістеріне тән: үрлік – өрлік, үгей – өгей, күміскі – көмескі, бүлдірік – бөлтірік, төнеру – түнеру.
Ы/І. Тірнектеп-тырнақтап, пысқан-піскен, зәлім-залым, іләж-ылаж, т.б.
Дауыссыз дыбыстардың алмасуы. Дауыссыз дыбыстардың алмасу жайы қазақ тіл білімінде диалегтологтар қатарынан әдеби тіл мен жергілікті сөз арасындағы дыбыс сәйкестігі тілге тиек болып келді.
Б-П дауыссыздарының алмасуы. Бұл шұғыл дауыссыздардан тұратын жұптардың алмасып қолданылуы қазақ тілінде жиі кездеседі. Бұт, бұтақ, балуан, бесін, бенде, бәкі, болат, бал, бақыр сияқты сөздердің пұт, палуан, пәкі, полат сияқты варианттары бар. А.М. Щербак түркі тіліндегі б-п дыбыс алмасуына тоқталғанда алғаш сөз басында п дыбысы пайда болып, келе келе ұяңдану процесімен б болып айтылатын болған деп есептейді. Осыған ұқсас пікірлерді Н.З. Гаджиевадан, өзбек ғалымы Ф.А. Абдуллаевтан да оқуға болады.
П/Б-У дыбыстарының алмасуы. Еріндік п және б дыбыстарының, еріндік у дыбысымен алмасу жайы қазақ тілінде сөз басында кездеспейді, тек сөз ортасында морфемалар жігінде байқалады. Мысалы: дыбыс-дауыс, қабақ-қауақ, қапсыр-қаусыр, кепсен-кеусен т.б сөздерден байқауға болады. Б /П-М дыбыстарының алмасуына бағана-мана, бөлтек-мәлтек, бекем-мекем, бекіре-мекіре, бұны-мұны.
Керігу (диссимиляция) құбылысының морфонологиялық сипаты. Диссимиляция –ұқсамау, өзгешелену, ассимиляцияға қарама – комбинаторлық өзгерістің бір түрі. Ассимиляциялық құбылыстардың бәрі бірдей морфонологиялық құбылысқа жатпайды. Ал диссимиляциялық құбылыстар түгел морфонологиялық дыбыс алмасуға жатуы тиіс. Қазақ тіліндегі диссимиляциялық құбылысқа К.Аханов «Тіл білімінің негіздері» деген еңбегінде тоқталып кеткен. Ғалым қазақ тіліндегі ауылда молда деген сөздердің әуеллі ауыллар, молла болып айтыла келе қатар тұрған екі л дыбысының соңғысы д ға айналғанын, ауылды деген сөздің ауылны болып айтылу орнына н дыбысының д дыбысына айналғанын диссимиляциялық құбылыс ретінде қарастырады. Қазақ тілінде сөз бен қосымша жігінде де диссимиляциялық құбылыстарды жиі байқауға болады. Бұл құбылыстар негізінен қосымшалардың өзі жалғанған сөзінің соңғы дыбысына қарай вариант вариантқа бөлінуінен аңғарылады.Л –д дыбыс алмасуы көне түркі тілінен келе жатқан келе жатқан жалпы түркілік қарастырылуы тиіс. Н-Д-Т дыбыстарынан басталатын қосымшалардың қолданылуы. Бұл қосымшаларға –ның, -нің,- дің,-тың,-тің ілік септігінің жалғаулары мен – ны,-ні,-ды,-ді табыс септігінің жалғауларын атауға болады. Бұл екі қосымша да алғашқы кезден н дыбысынан басталған. Н.К. Дмитриев башқұрт тіліндегі н –д алмасуына тоқталып, бұл жағдайдың л,м, н,ң және з дыбыстарынан кейін ілік, табыс септігінің жалғаулары жалғанатын кезінде іске асатынын айтқан болатын: қазан(дың), қазан(ның) т.б. Ал қазақ тілінде де ң-д дыбыс алмасулары осыған ұқсас, бірақ өзгешелікте жоқ емес. Қазақ тіліндегі аталған қосымшалардың басында келетін н дыбысын дға айналдыратын дыбыс саны көптеу.Н.К.Дмитриев башқұрт тілінде бес дыбысты атаса (л,м,н,ң,з) қазақ тіліндегі осы дыбыстармен бірге р,у,й үнділерін де қосады.
Сөз құрамының ұлғаю амалдары. Қазақ тілінде ықшамдалу амалы мен ұлғаю амалы қатар жүреді. Ол амалдар жолы тіл білімінде белгілі болып, ұғым терминдері де қалыптасып үлгерген. Ықшамдалу мен ұлғаю амалдары бір біріне тең келетін симметрияны көрсететіндіктен қанша ықшамдалу амалы болса сонша ұлғаю амалдарын білдіретін антонимдес термин қалыптасқан. Олар мыналар:
Протеза – сөз басында келетін артық дыбыс. (ырахмет, ылайық, ырза, ірет, ыстақан)
Эпентеза – сөз ішінде қойылатын артық дыбыс. Эпентеза – сөз ішінде екі дауыссыз дыбыстың арасында дауысты дыбыстың қосылып айтылуы. Эпентеза белгілі бір тілде сол тілге бөгде дыбыс тіркесімді кірме сөздерді игеру, меңгеру барысында пайда болады. Эпантеза құбылысы негізінен қалыптаспаған, яғни әдеби тілден басқа тұрпайы сөздер, диалектілер, балалар тілі, т.б. сөйлеу тілінде кездеседі. Мысалы: Акт – Акыт, метр – метір, пленум – піленум, т.б.
Ертеректе тілімізге еніп, айтылуымен жазылатын бөрене (бревно), жеребе (жеребий), кереует (кровать), кінәз (князь), пүліш (плюш) сөздеріндегі дауыстылар соның айғағы. Ал бірқатар сөздер тек айтылуда ғана Эпантеза құбылысына ұшырайды (Эпитеза – сөз соңында қойылатын артық дыбыс. (бүк-бүге, шік- шіге, лық-лықа, мүлде-мүлдем т. б.);
Селбеспелі дыбыстар. Селбеспелі дыбыстар - сөз соңына қойылып айтылатын дауысты және дауыссыз дыбыстар. Бұндай дыбыстар оұулықтар мен кейбір әдебиеттерде сөз боп жүрген банк банкі, киоск киоскі, ромб ромбы сияқты сөздерде жиі кездеседі. С.дыбыстардың тілімізде пайда болу жолына қарай бөлсек, үстемелеу принципі жиі жабық буынмен айту үрдістері қайталанды. 1)Үстемелеу принципі көбіне бір ғана жабық буында айтылатын бүк, шік, тік, нақ, тарс, лық, сияқты сөздерде дауысты дыбыс қосылып айтылып бүге, шіге, тіке, нақа, тарса, лықа түрінде айтылады. Сөз соңында кездесетін а,ы,і сияқты дыбыстардың сөзге қосар лексикалық немесе грамматикалық мағынасы болмағанымен кездейсоқ құбылыс емес сияқты. Оны мына жағдайдан аңғаруға болады «біріншіден дау\ы дыб. Қосылып айтылып жүрген сөздер экпрессивті эмоц\қ мағыналы сөздерден тұрады, оларға дауысты дыбыс қосылып айтылғанда экс.эмоц. мағына күшейіп, айтылғанда сөйлеушінің ойын артығымен ерекшелеп жеткізуге көмектеседі.Екіншіден, дау\ы дыб. Қосылып айтылған сөздер ішінде бір буынды сөздердің ішінде көбірек кездесуінде де білінер білінбес сыр жатқан сияқты. Тік, нақ, тарс, лық, жон т,б сөздерді сөйлеуші оны дағдылы айтылысынан өзгертіп созу арқылы ерекше естілу мүмкіндігін жасайды. Ал екі я оеае да көп буынды сөздерде д\ы дыб. Қосылып айту аз кездеспеуі бұл тәсілдің көтере бермейтінін көрсетеді.» 2) Жабық буынмен айтылу үрдісіне байланысты сөз соңына қосылып айтылатын дау\з селбеспелі дыбыстардың көпшілігі (Б) АБ БА буын үлгісіндегі сөзге жалғанып Б АБ БАБ үлгісінде айтылады. Мыс. Мүлде мүлдем, майса майсақ, тақта тақтай, бәлкі бәлкім, қалқа қалқан т.б Бұл үлгі қос сөздерде де кездеседі. Бірте бірте, бертін бертін, алқа салқа, алқам салқам т.б.
Дыбыстардың алмасуы

Download 37.78 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling