Дәріс 10-11 Қолданбалы программалық өнімдер. ҚПӨ топтамасы. Компьютерлік графика


Download 21.31 Kb.
bet1/5
Sana25.02.2023
Hajmi21.31 Kb.
#1231352
TuriПрограмма
  1   2   3   4   5
Bog'liq
Дәріс 11


Дәріс 10-11

Қолданбалы программалық өнімдер. ҚПӨ топтамасы. Компьютерлік графика.

Жалпыға қолданылатын программалық өнімдер. Арнайы қолданылатын қолданбалы программалық өнімдер
МақсатыҚолданбалы программалық өнімдер, оның топтамасы ұғымын қалыптастыру.
Қолданбалы (кәделі) программалық жасақтар - белгілі бір мамандық салалсында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.

Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын программалық жасақтар әр адамның нақты есептерін шығаруға арналған, сондықтан оны пайдалану аймағы да шектеулі. Мұндай программаларды жұмыс иесі өзі жасайды немесе оның талабы бойынша маман программалаушылар жасап береді.
Дербес компьютерлердің кең тарауына басты себеп болған олардың алдын ала дайындалған әмбебап программалық жасақтарының кең таралуы еді, бұл программалар тек бір есепті шығарып қана қоймай белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгілі бір түрлерін өндеуді түгел қамти алатын болды.
Әртүрлі информацияларды ендей алатын әмбебап программалық жабдықтар мынадай түрлерге жіктеледі:
  • текст редакторлары;


  • графиклық редакторлар;


  • электрондық кестелер (таблицалар);


  • оқыту және ойнау программалары;


  • информациялық жүйелер және т.б.


Текстік мәліметтерді теріп, оларды өңдеуге арналған программалар текст редакторлары деп аталады. Өмірде кез келген ЭЕМ-де жұмыс істейтін адам есеп беру кезінде құжат дайындау, мақала жазу, бір нәрсеге сипаттамалар жазу сияқты текст дайындаумен айналысады. ДЭЕМ-дерді осы мақсаттарға пайдаланса, баспа машинкасына қарағанда жұмыс өнімділігі күрт өсетіні талас тудырмаса керек.


Текст редакторлары текстерді экран көмегімен түзетуге, қателерін автоматты түрде табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға, текстерді дискілерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуға, бірнеше алфавитті (латын, орыс, қазақ) қатар пайдалануға, құжаттарды қағазға бірнеше дана етіп, көбейте отырып, басып шығаруға мүмкіндік береді.
Дербес ЭЕМ-дер кітап, журнал, газет, т.б. шығаруда кең пайдаланылады. Компьютердің машинкаға қарағанда көптеген артықшылығы бар: қате оңай түзетіледі, материалдарды дайындау шапшандайды, олардың безендіру жолдары жеңілдейді. Өте жоғары сапалы басылым шығара алатын лазерлік принтерлермен жабдықталған шағын баспахана жүйелерінің одан да күшті мүмкіндіктері бар.
Кең тараған текст редакторларына WordPerfect, Місrosoft Word, MultiEdit, WordStar, PageMaker т.б. жатады.



Download 21.31 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
  1   2   3   4   5




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling