Дәріс 10-11 Қолданбалы программалық өнімдер. ҚПӨ топтамасы. Компьютерлік графика


Download 21.31 Kb.
bet3/5
Sana25.02.2023
Hajmi21.31 Kb.
#1231352
TuriПрограмма
1   2   3   4   5
Bog'liq
Дәріс 11

Іс программалары қызметте керекті әртүрлі информацияларды дайындау, сақтау, және өндеу үшін кеңінен қолданылып жүр. Бұлар іс қағаздарын жүргізуді компьютерлендіру кезінде де - құжаттар дайындау, жұмыс кестелерін жасау, кезекшілік графиктерін салу сияқты әрекеттерде де өте ыңғайлы болып табылады.
Информацияның көптеген түрлерін сақтау, іздеу, жалпы ұйымдастыру жұмысында информациялық жүйелер қолданылады. Бұларға мәліметтер базасы (қоймасы), кітапханадағы информация іздеу жүйелері, театрлардағы, әуе жолындағы және темір жолдағы билет сату мен оларды тіркеу тәсілдері жатады. ЭЕМ желілері мен информациялық коммуникациялар негізіндегі осы сияқты жүйелерді жасау мен дамыту қоғамымызды информацияландыру бағдарламасынын ірге тасын қалайды.
Болашақта перспективасы бар информациялық жабдықтарға білімдер базасы мен эксперттік жүйелерді жатқызуға болады. Солардың көмегімен кейбір мамандықтар салаларында эксперттер төртібін модельдеу арқылы медициналық тақырыптардан консультациялар, әртүрлі қызмет салаларынан анықтамалар, өнертапқыштарға, технологтар мен конструкторларға көмек беру істерін жүргізу жүзеге асып жатыр.
Әмбебап программалық жабдықтардың дамуының арқасында күрделі біріктірілген жүйелер (интегралданған) жасалып жатыр. Олар бірыңғай командалар жүйесі арқылы бір форматты пайдалана отырып текст редакторын, электрондық кестелерді, графиктік редакторды, мәліметтер қоймасын басқару жүйесін, калькуляторды және тағы басқаларды біріктіріп, бір интерфейс арқылы осылардың барлығын да пайдалану мүмкіндігін береді. Біріктірілген жүйелердің ішінде кең таралып, белгілі болғандарына Framework, Symphony, Master және т.б. жатады.
Әмбебап профаммалық жабдықтар дербес компьютерлермен жабдықталған әртүрлі мамандық иелерінің жұмыс орындарын автоматтандыруды іске арырып жатыр. Мұндай жүйелерге, мысалы, кострукторлық жобалауды, электрондық платалар жасауды дайындауды, экономикалық және бухғалтерлік жұмыстарды автоматтандыру істерін жатқызуға болады. Инженерлік практикада қазір осындай мақсаттарға MatLab, MatCad, Eureka сияқты программалық дестелер кеңінен қолданылып жүр.
Қоғамымызды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен және информациялық қорлармен толық қамтамасыз ету бұрынғы "'қағаздағы" мәліметтерді қолдану жұмыстарын толықтыра отырып, информацияны алуды, таратуды, пайдалануды ұйымдастыру істерін жаңа белеске көтереді. Мұның өзі қоғамымызды информацияландыру процестерін дамытудың негізі болады деп толығынан айта аламыз.
Қолданбалы программалар ішіндегі ерекше бір топқа "қосымша" программалар жасау мүмкіндігін беретін программалаудың құралдық (инструменталдық) жабдықтары жатады.


Download 21.31 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling