Дәріс: Психология ғылымының зерттеу әдістері Жоспар


Download 295.66 Kb.
bet1/6
Sana31.01.2024
Hajmi295.66 Kb.
#1830864
  1   2   3   4   5   6
Bog'liq
UMK-2 дәріс Психология ғылымының зерттеу әдістері

  1. дәріс: Психология ғылымының зерттеу әдістері Жоспар:


  1. Психология ғылымындағы зерттеу әдістері туралы түсінік
  2. Негізгі зерттеу әдістері


  3. Қосалқы зерттеу әдістері


    1. Психология ғылымындағы зерттеу әдістері туралы түсінік


Жаңа әрі тың фактілермен үнемі толықтырылып отырмаса, ғылым дами алмайды. Фактілер жинау үшін ғылыми негізделген әдістерді пайдаланғанда ғана ғылым дұрыс және табысты дамуы мүмкін. Сондықтан ғылым дамып, қоғамның даму деңгейінен қалыспай отыруы үшін, зерттеу әдістерін қолданып, сол пәннің мазмұнын байытып, кеңейтіп, жаңа табыстарға жетіп отыруы керек.
Психология, кез-келген ғылым сияқты, әр түрлі әдістердің біртұтас жүйесін қолданады. Психология әдістерінің төрт түрлі тобын атап көрсетейік.

  1. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті бойынша әр түрлі топтарды салыстыру); лонгитюдтік әдіс (бір адамдарды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу), кешендік әдіс (зерттеуге әр түрлі ғылым өкілдері қатынасады, бір объектіні әр түрлі амалдар арқылы зерттейді).

  2. Эмпирикалық әдістер. Оған байқау, эксперименттік әдістер (табиғи, және лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұхбат); іс-әрекет нәтижелерін талдау; биографиялық әдістер енеді.

  3. Мәліметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бөлу, талдау).

  4. Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері және т.б.

2. Негізгі зерттеу әдістері.


Ұйымдастыру әдістері көбіне жас ерекшеліктер психологиясында қолданылады. Психологияның осы жүйесінің азды-көпті өзіндік ерекшеліктері бар. 1)салыстырмалы әдіс.Әр жастағы баланың психикасын зерттеп, әр жас туралы табылған мағлұматтар статистикалық жолмен салыстырылады.
Салыстыру жолының мұндай түрін «кесінді» тәсіл деп аталады. Себебі салыстыру кезінде бала психикасы үздіксіз зерттелінбейді, оның әр жастағы психикасын тиіп-қашып зерттейді.
Зерттеудің келесі жолы генетикалық жол. Бұнда баланың бір қасиетін алады да, соны ұзақ уақыт(1 жыл немесе 3 жыл, одан да көп жылдар зерттейді). Осы әдісті лонгитюдтік әдіс те атайды. Зерттеудің бұл жолы тым сирек кездеседі. Себебі бір немесе бір топ баланы (10, 20, 30) үздіксіз зерттеу қиын. Психикалық дамуды көлденең немесе кескінді зерттеулердің мәні мынада: дамудың ерекшеліктері туралы қорытындылар, әр түрлі жастағы, әр түрлі даму деңгейіндегі, әр түрлі тұлғалық ерекшеліктері, клиникалық реакциялары және т.б. бар, салыстырмалы балалар топтарының бірдей сипаттамаларын зерттеулер негізінде жажүйесіды. Бұл әдістің негізгі ерекшелігі: зерттеудің салыстырмалы жылдамдығы - қысқа уақыт ішінде нәтижелерге жету мүмкіндігі.
Салыстырмалық әдістің мәні: даму барысындағы жекелеген психологиялық актілер мен мінез-құлық механизмдерін қарастырып, басқа ағзадағы ұқсас құбылыстармен салыстыру. Бұл әдіс зоопсихология мен балалар психологиясында кең таралған.

Download 295.66 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
  1   2   3   4   5   6




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling