Дәріс: Психология ғылымының зерттеу әдістері Жоспар


Download 295.66 Kb.
bet4/6
Sana31.01.2024
Hajmi295.66 Kb.
#1830864
1   2   3   4   5   6
Bog'liq
UMK-2 дәріс Психология ғылымының зерттеу әдістері

Салыстырмалы потологиялық зерттеу әдісімен зерттегенде, ақыл-ой әрекеттеріне зақым келген ауру адамдардың психологиясымен дені сау адамның психика дүниесімен салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықтарымен өзгешеліктерді қарастырады. Мысалы, сөйлеуге зақым келуін (афазия) қимыл әрекеттеріне зақым келуін (апракция), естің алжып, бәсеңдеп бұзылуын (амнезия) т.б. қалыптағы психикалық әрекеттермен салыстыра талдаудың ғылыми мәні зор. Физиология мен психопотологияда, медецинада бұл әдіс өте кең қолданылады. Онда хайуанаттар миының түрлі жүйесіларын бұзып, оның нәтижесінен пайда болатын психикалық әрекеттің зақымдану өзгешеліктерін зерттеу үлкен орын алады.
Психологиялық тестілер. Тест әдісі балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлұмат алуға көмектеседі. Мұндай салыстырулар алдын ала белгіленген жас белгілеріне қарай жүргізіледі. Тест арқылы, бала өз жасы.а қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында өз кезеңінен ауытқушылық (жоғары, төмен) бар ма деген сауалдарға жауап алынады. Тесті толық орындауы мүмкін болатындай етіп іріктеу қажет.
Тест тапсырмаларын іріктеуге ғылыми тұрғыдан караудың маңызы зор, өйтпеген жағдайда, оның қорытындылары бала ақыл-ойының дамуын бұрмалап көрсетуі мүмкін. Тест баланың мектептегі оқуға әзірлігін, сондай-ақ психикалық дамуы кешеуілдеп қалғандардың ерекшеліктерін талдап білуде көмек көрсете алады. Тест деген ағылшын сөзі "сынақ" деген мағынаны білдіреді. Бұл ұғымды американдық ғалым Дж.Кэттел өткен ғасырдың аяғында енгізді. А.Бине мен Т.Симонмен бірге балалардың ақыл ойының дамуын анықтау үшін өз жүйесін жасаған кезден бастап тестілер тәжірибелік мағынаға ие болып кең тарала бастады. Тест дегеніміз - күрделі техникалық құралдарды қажет етпейтін стандартты, қысқа сынақ.
Осындай қосалқы әдістердің қатарына биографиялық әдіс адамның іс- әрекетінің нәтижесін талдау (яғни түрлі күнделік, естелік, хаттар, шығарма, мазмұндама, диктант, сын жұмыстарымен түрлі формадағы шығармашылық жұмыстарды талдау), өмірбаян (яғни зерттелүшінің туған күнінен бастап есейген шағына дейінгі даму жолын зерттеу, оның өмірбаяны, естелік, мінездемелерін талдау жатады.
Коррекциялық әдістер. Қазіргі кезеңдегі психология әр түрлі жолдар арқылы адамның практикалық әрекетіне ықпал етеді. Психологиялық көмек, обьективтілік бар жағдайда ғана емеc, сондай-ақ субъективтілік сәтсіздіктерді уайымдау жағдайларыида да көбірек көрсетіледі және тиімді болады.
Мұндай жағдайларда, психологиялық көмек қандай түрде жасалса да, ол жалпы сипатымен - өз бағытының жекелігімен ерекшеленеді және көмек сұраушының тұлғасына - оның сезіміне, уайымына, көзқарасына, әлем көрінісіне, айналасындағылармен қарым-қатынасының құрылымына терең үңілуіне негізделеді. Бұл үңілу, арнайы психодиагностикалық әдістерді қажет етеді. Алайда, психодиагностика өздігінен мағынасыз, оның мәліметтері баланың өміріне немесе дамуына ыңғайлы жағдайлар жасау үшін, психологқа тұтынушымен немесе баламен ары қарайғы жұмыс бағдарламасын анықтауға
мүмкіндік беру үшін қажет. Осы жерде психолог жұмысының коррекциялық әдістері туралы айту керек.
Аутотренинг. Аутогендік жаттығулар әдісінің пайда болуы және енгізілуі неміс психотерапевті И.Г. Шульцтің атымен байланысты. Аутогендік жаттығу - психогигиена мен психопрофилактиканың, сондай-ақ төтенше жағдайдағы адам күйін басқарудың әрекетті амалы. Бұл әдістің танымалдылығы өмір жылдамдылығына, адамның нерв жүйесіне түсетін жүктеулердің артуына байланысты болады.
Аутогендік жаттығуларда нерв жүйесінің жағдайына ықпал етудің үш негізгі жолы қолданылатыны жайлы белгілі психотерапевт Л.Л. Примак жазды. Бірінші жол қаңқаның бұлшық еттері мен демалу тонусының орталық нерв жүйесіне әсер ету ерекшеліктерімен байланысты. Нерв жүйесі мен тонус арасындағы байланыс бұлшық еттердің тонусын саналы өзгерту арқылы психикалық белсенділік деңгейіне ықпал етуіне мүмкіндік береді. Адамның сергектік күйі әрқашанда бұлшық еттің жоғары тонусын қалыпты түрде ұстап тұруымен байланысты болады. Әрекеттің күшеюіне байланысты тонус та көтеріледі. Бұл маңызды физиологиялық заңдылық аутогендік жаттығулардың барлық жүйесінің негізіне жатады. Аутотренингті меңгеру үшін дененің бұлшық еттерін толық босатуды алдын ала үйрену керек.
Нерв жүйесіне ықпал етудің екінші жолы сезім бейнелері мен елестетуді пайдаланумен байланысты болады. Сезім бейнесі - бұл адам денсаулығы мен психикалық күйіне ықпал етуші белсенді құрал.
Ағзаның психофизиологиялық функцияларына ықпал етудің үшінші жолы айтылып қана қоймай, сондай-ақ ойдағы сөздің реттеуші және бағдарламалаушы рөлімен байланысты болады. Ішкі сөздің бұл қасиеті жаттығулардың тиімділігін арттыру, жарыс кезінде ішкі резервтерді жинақтау үшін спортта ертеден қолданылады.
Қиын жағдай туған кезде, ауытқыған функциялардың орнын толықтыру үшін, нерв жүйесі тұрақты адам ағзасы бұл резервтерді өздігінен белсенді қозғалтады. Алайда, көптеген жағдайларда бұл болмайды, өйткені адам өзінің нерв жүйесінің зор мүмкіншіліктерін білмейді. Аутотренинг жаттығулары адамның резервтік мүмкіншіліктерініи өсуіне ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар мидың бағдарланалаушы механизмдерінің қызметін тұрақты жетілдіріп отырады.

Download 295.66 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling