Тапсырмалар:
1.«Ояндым» сөзіне дыбыстық талдау
2.«Ұйықтамай» сөзін тасымалдау
2 сынып
Қазақ тілі
Бақылау жұмысы №4
Жауап кілті
1) Ояндым - 7дыбыс, 6 әріп, 3 буын
О – дауысты, жуан, ашық, еріндік
я – й – дауыссыз, үнді
а - дауысты, жуан, езулік
н – дауыссыз, үнді
д- дауыссыз, ұяң
ы – дауысты, жуан, езулік
м – дауыссыз, үнді
2) Ұйықтамай
Ұйық-тамай, Ұйықта-май
Қазақ тілі
ІІ тоқсандық бақылау жұмысы №5
Мақсаты Оқушылардың алған білім білік дағдыларын, сауаттылығын тексеру.
Міндеттері:
Дыбыстық талдау жасай білу.
Сөздерді тасымалдай білуін тексеру.
Тұмау
Тұмау – жұқпалы аурулардың бірі. Оның қоздырғыштары вирустар болып табылады. Ол жөтелгенде, түшкіргенде ауа тамшылары арқылы таралады.
Тұмаудың белгілері: дене қызуының жоғарылауы, бас ауыру, түшкіру, мұрыннан су ағу. Бұл жағдайда дәрігерге қаралу керек. /32 сөз/
Тапсырмалар:
1. «Тұмау» сөзіне дыбыстық талдау
2. «Тамшылары» сөзін тасымалдау
2 сынып
Қазақ тілі
Бақылау жұмысы №5
Жауап кілті
1) Тұмау – 5 дыбыс, 5 әріп, 2 буын
Т- дауыссыз, қатаң
ұ - дауысты, жуан, еріндік
м – дауыссыз, үнді
а - дауысты, жуан, езулік
у – дауыссыз, үнді
2) Тамшылары
Там-шылары, тамшы-лары
2 сынып
Қазақ тілі
Бақылау жұмысы №6
Мақсаты: Оқушылардың орындауға берілген тапсырмаларды талапқа сай орындауын тексеру.
Міндеттері:
Дыбыстық талдау жасай білу.
Сөздерді құрамына талдай білуін тексеру.
Шоқан
Шоқан Уалиханов – қазақ халқының шоқ жұлдызы. Ол – суретші, өнер зерттеуші, тарихшы, саяхатшы, ғалым.
Суретші Шоқан таңбалы тастармен тас мүсіндерге көп көңіл бөлген. Шоқанның еңбектері қазақ халқының алтын қазынасы болып табылады. Олар ғасырлар бойы жасай бермек./36 сөз/
Do'stlaringiz bilan baham: |