2 сынып
Қазақ тілі
Бастапқы бақылау жұмысы №1
Мақсаты: Оқушылардың 1 сыныпта өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың меңгеруіне тиісті білім, білік, дағдыларын тексеру.
Міндеттері:
Дыбыстық талдау жасау.
Буын түрлерін ажырату.
Кітапхана
Мектеп кітапханасында қызықты кітаптар көп. Оқушылар кітапханадан кітап оқиды. Мен суретті кітаптарды оқимын. Кітапты таза ұстау керек. Оны жыртуға болмайды. Алған кітабымды мезгілінде өткіземін. Жамал апай-кітапханашы. Ол кітапты көп оқитын балаларды жақсы көреді./34 сөз/
Тапсырмалар:
1. Жал , мектеп сөзіне дыбыстық талдау
2.«Кітапхана» сөзін буынға бөл, буын түрін ажырат және тасымалда.
2 сынып
Қазақ тілі
Бақылау жұмысы №1
Жауап кілті
1) Жамал - 5дыбыс, 5 әріп, 2 буын
Ж – дауыссыз, ұяң
а – дауысты, жуан, езулік, ашық
м – дауыссыз, үнді
а - дауысты, жуан, езулік, ашық
л – дауыссыз, үнді
Мектеп – 6 дыбыс, 6 әріп, 2 буын
М – дауыссыз, үнді
е – дауысты, жіңішке, езулік
к – дауыссыз, қатаң
т – дауыссыз, қатаң
е - дауысты, жіңішке, езулік
п – дауыссыз, қатаң
2) Кі-тап-ха-на
кі-тапхана, кітап-хана, кітапха-на
2 сынып
Қазақ тілі
Бастапқы бақылау жұмысы №2
Мақсаты: Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру.
Міндеттері:
1. Дыбыстық талдау жасау.
2. Буын түрлерін ажырату.
Көмек
Салтанат пен Әлия қияр жинауға көмектесті. Түстен кейін аспанда бұлт қоюлана түсті. Жаңбыр құйып кетті. Олар жиюлы қиярды бір жерге тасыды. Үстін жапты. Сөйтіп қиярды бүлінуден сақтап қалды. Қияр – пайдалы көкеніс. /22 сөз/
Тапсырмалар:
1. Алғашқы сөйлемдегі дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
2. Қияр, қоюлана, жиюлы деген сөдерді буынға бөліп жаз.
Do'stlaringiz bilan baham: |