Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet135/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

«Ақыл-ой күші» – адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияла-
рын жүзеге асыруға, нақты интеллектуалдық іскерлікте-
рін меңгеруге көмектесетін ақыл-ойының даму дәрежесі.


Ақыл-ой тәрбиесi – оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқа-
расын жетілдiру мен қалыптастыру және ғылыми білiм-
мен қаруландыруға бағытталған арнайы педагогикалық
қызмет.


Әлеуметтік реабилитациялау (латынша rehabilitas – жарамдылықты, қабі-
летті қалпына келтіру) – медициналық-педагогикалық
мағынада бұл аномал балаларды әлеуметтік ортаға қосу,
психикалық және дене мүмкіндіктері дәрежесінде
қоғамдық өмір мен еңбекке араластыру.


Әлеуметтік адаптациялау - (латынша adapto - бейімделу) аномал балалар-
дың индивидуал және топтық мінез-құлқын қоғамдық
норма мен құндылықтарға сай тәртіпке салу.


Баға – бағалаудың балл формасында көрініс тапқан сан жағынан
өлшемі.


Бағалау – білім, іскерлік және дағдыларды оқу программасында
көрсетілген эталондармен (өлшеуіш) салыстыру.


Бакалавриат – мамандықтар бағыты бойынша фундаментал және
практикалық білім беретін оқу мерзімі кемінде 4 жыл
болған тірек жоғары білім.


Бақылау – оқушының білім, дағды және іскерліктерін анықтау,
өлшеу және бағалау.


Басқару – бұл белгілі бір объектке ұйымдасқан түрде, жоспарлы,
системалы әсер ету.


Бастауыш білім беру – оқу, жазу, есеп бойынша бастапқы білім мен іскер-
ліктерді, теориялық ойлаудың элементтерін, сөйлеу,
мінез-құлық мәдениеті негіздерін қалыптастыру, жеке
гигиена және салауатты өмір сүруді қамтамасыз етуге
негіз жарату басқышы.


Білім – бұл оқушылардың санасында белгілі бір системада берік
сақталынған, олардың жеке меншігіне айналған және
бұдан қажетіне қарай пайдалана алатын фактілер, мәлі-
меттер, ғылыми теориялар, заңдар және түсініктер.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling