Инъекциядан кейінгі асқынулар гепарин тікелей әсер ететін антикоагулянт


Download 432.85 Kb.
bet1/4
Sana30.04.2023
Hajmi432.85 Kb.
#1405962
  1   2   3   4
Bog'liq
13 сж осд


ТАҚЫРЫБЫ: КЕЙБІР ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ ЕНГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ИНЪЕКЦИЯДАН КЕЙІНГІ АСҚЫНУЛАР


Гепарин тікелей әсер ететін антикоагулянт: тромбиннің пайда болуын тоқтатады, қанның ұюына кедергі жасайды. Гепарин жедел миокард инфарктісінде, жүрекке және қан тамырларына операция жасағанда, өкпе және ми қан тамырларына тромбоэмболиясында, тромбофлебитте, тромбоэмболия асқынуларының алдын алу және емдеуде қолданылады. Мөлшері – жеке дәрігер тағайындайды: 5000 Б әр 4-6 сағатта, күре тамырға, бұлшық етке немесе тері астына терең енгізіледі.
Асқынулары: Геморрагиялық асқынулар: гематурия (қанның зәрде пайда болуы), буындарға қан құйылуы, ішектегі асқазан қан ағуы, тері астына, бұлшық етке инъекция жасаған жерде гематоманың пайда болуы.
Мақсаты: қанның ұйығыштығын төмендету және гепариннің дәл мөлшерін жіберу.
Қолдануға болмайтын жағдай: анемия, жара бар аурулар, қан аурулары.
Қажетті заттар: 1 мл 5000 Ед гепарин ерітіндісі флаконда, 1-2 мл шприц, астауша, спирт, мақта шаригі.
Іс- әрекеттер: Дәрінің мөлшерін тек қана дәрігер белгілейді, флаконды жоғары қаратып, керекті мөлшерде дәріні сорып алып, инені ауыстырып, тері астына салатын инені салып, ауасын шығарып, дайындап қоямыз. Науқасты жатқызамыз немесе отырғызамыз. Егуді тері астына жасаймыз. Ем шара жасалғаны туралы арнайы қағазға белгі қояды. Қажет жағдайда дәрігердің нұсқауы бойынша гепариннің антагонисты 1% протамин сульфаты 5 мл күре тамырға, дицинон 1-2 мл бұлшық етке, тамырға жіберіледі.
Магний сульфатын қолдану ерекшеліктері
Бұл дәрі спазмолитикалық әсер етеді. Бұлшық ет ішіне 5-20 мл 25% магний сульфат ерітіндісі жіберіледі. Ал гипертониялық криз болғанда күре тамырға
жәймен жіберіледі. Магний сульфат ұнтағын (10-30грамм) аш қарынға тамақ алдында ішті айдау үшін қолданады. 1% магний сульфат асқазанды жуу үшін
қолданады. Эпилепсия ауруында тырысу кезінде қолданылады. Магний сульфат өт сұйықтығын айдап шығару үшін, 1 ас қасық 20-25% ұнтағын суға араластырып қосады. Жиі қолданса, ішті қатырады. Көбіне улану кезінде іш айдайтын дәрі ретінде беріледі.

Download 432.85 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
  1   2   3   4




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling