Инъекциядан кейінгі асқынулар гепарин тікелей әсер ететін антикоагулянт


Download 432.85 Kb.
bet4/4
Sana30.04.2023
Hajmi432.85 Kb.
#1405962
1   2   3   4
Bog'liq
13 сж осд

Анафилактикалық шок – дәрілік затты енгізгеннен кейін бірнеше секунд немесе минуттан соң дамиды. Жиі жедел тыныс жетіспеушілігі, жедел жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі өлімге алып келеді.
Анафилактикалық шок кезіндегі көмек.
Көрсетпелері: аллергеннің ағзаға енуін тоқтату, өмірлік маңызды мүшелердің қызметін қалпына келтіру.
Міндетті шарттар: тәулік бойы пациентті бақылау (рецидив қаупі); Науқастың есі дұрыс болса, сұраңыз: «Өзіңізді қалай сезінесіз?» Жауап болмаса, тыныс алу қиын болуы мүмкін.
Өмірлік маңызды функцияларды бақылау (ABCDE алгоритмі)
A - тыныс алу жолдары (тыныс алу жолдары)
B - тыныс алу (тыныс алу)
C - циркуляция (қан айналымы)
D - мүгедектік (сананың болмауы)
Мейірбикелік көмек жоспары:
1. Пациент жағдайының ауырлығын бағалау және дәрігерді шақыруды қамтамасыз ету.
2. Аллергеннің енуін тоқтату (инені күре тамырда қалдыру, егер аллерген күре тамырға егілген болса).
3. Науқасты жатқызу және тілді фиксациялау: басын бір шетке бұру, төменгі жақты алдына тартып, тіс протездерін алып тастау, төсектің аяқ жағын көтеру.
4. Дәрігердің тағайындауы бойынша: 0,5мл 1% адреналин ерітіндісін 5 мл физ.ерітіндісімен күре тамырға жіберу.
5. Иньекция орнына мұзды қою.
6. Таза ауамен қамтамасыз ету. Ылғалды оттегі беру.
7. Қажет заттарды құрал-саймандарды дайындау:

  • күре тамырға егу үшін жүйені, шприцтерді;

  • өкпенің жасанды вентиляциясы аппаратын, кеңірдек интубациясына қажет заттарды;

  • дәрілік препараттарды.

8. Дәрігердің тағайындауы бойынша:
- тері астына 0,5-1мл 0,1% адреналин ерітіндісін аллерген енгізген жерге егу және тамшылап жіберу.
9. Кортикостероидтарды парентеральды жіберу:
30-60 мг (150 мл-ге дейін) преднизалон немесе 150-300мг гидрокортизон 10-
15 мл 5% глюкоза ерітіндісімен қоса.
10. Антигистаминдер (десенсибилизациялаушы) заттарды егу;
- 1% супрастин 2,0-4,0 мл;
- 0,25 % пипольфен 2,0-4,0 мл;
- 1% димедрол 2,0-5мл парентеральді.

Есекжем –терінің дәріге, тамаққа және басқа заттектерге аллергиялық серпіні. Есекжем бірнеше минуттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Есекжем көтеріңкі, қызыл, қышитын, түрлі пішінді және өлшемді, шеттері айқын және ортасы солғын келетін күлдіреумен көрінеді.
Есекжем пайда болып, өздігінше жойылуы мүмкін. Бір орыннан келесіге көшуі мүмкін. Өлшемі 1-10 см немесе одан үлкен болуы мүмкін. Дақтары бірігіп, терінің ауқымды ісінген және қызарған бөліктерін құрауы мүмкін. Ісіну бетте пайда болса, әсіресе, көз бен еріннің аумағында, тамырлық ісіну туралы айтылады. Сонымен қатар, тамырлық ісіну қол ұшында, аяқ ұшында, тамақ (көмей) аумағында байқалуы мүмкін. Есекжем өз алдына қауіпсіз, бірақ тамырлық ісіну өмір үшін қауіпті аллергиялық серпіннің бірінші белгісі болуы мүмкін (анафилаксияның), бұл шұғыл көмекті қажет етеді.
Емдеу. Көбінесе, арнайы емдеу қажет болмайды себебі, симптомдары өздігінше тез жойылуы мүмкін. Аллергияға қарсы құралдар - антигистаминдік препараттар – тавегил, супрастинді пайдалану аса тиімді. Қышыну мен ісінуді азайту үшін терінің зақымданған жеріне салқын компрессті қою ұсынылады (шағын мата, салқын суға малынған). Сондай-ақ, қысатын киім киюге болмайды.
Жоғарыда айтылғандай, аллергиялық ісіну өмір үшін қауіпті аллергиялық серпіннің бірінші белгісі болуы мүмкін (анафилаксияның), бұл шұғыл көмекті қажет етеді. Анафилаксия көмейдің ісінуін туындатып, тыныс алудың едәуір қиындауына – тұншығуға апаруы мүмкін.

Download 432.85 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling