Кіріспе Жиілік сөздердің зерттелуі мен оның зерттеу нысаны туралы
Download 175.91 Kb.
|
жиілік альбина
- Bu sahifa navigatsiya:
- «Әліпбилі-жиілік сөздік
- «Жиілікті-Әліпбилі сөздік
Негізгі бөлім:
Жиілік сөздердің түрлері Осы өзекті мәселе А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында 2012-2014 жылдары гранттық тақырыпта («Қазақ тілінің квантитативтік құрылымы(Қазақ тілінің жиілік сөздігі») зерттеліп, қайта қолға алынған болатын. Зерттеу нәтижесі ретінде тілдің негізгі функционалдық өрісінің түрлеріне қарай құрастырылған «Қазақ тілінің жиілік сөздігінің»нысаны үшін мынадай топтан тұратын мәтін-дерекнамалар қамтылды: көркем проза, поэзия, драматургия, ғылыми және публицистикалық мәтіндер(газет және журналдық мәтіндер). Басқаша айтқанда, қазіргі қазақ тілін бейнелейтін стильдер жиынтығын қамти отырып, арнайы жазылған компьютерлік бағдарлама көмегімен үш түрлі жиілік сөздік түрлері құрастырылды. Оның біріншісі «Әліпбилі-жиілік сөздік» деп аталады, бұл сөздікте сөздер алғашқы әрпінен соңғы әрпіне қарай қатаң алфавит тәртібімен орналасады. Екінші түрі – «Кері-әліпбилі жиілік сөздік», бұл сөздікте, керісінше, сөздер соңғы әріптерінен бастап қатаң әліпби тәртібімен орналасады. Үшінші түрі – «Жиілікті-Әліпбилі сөздік»,бұл сөздікте сөздер олардың мәтіндегі кездесу жиілігінің тәртібімен, яғни жиіліктерінің біртіндеп кему ретімен орналасып, бірдей жиілікті сөздер қатаң әліпби тәртібімен орналасады. «Қазақ тілінің жиілік сөздігінің» әліпбилі-жиілік сөздігінде өзінің мақсаты мен міндетіне қарай әрбір сөздің лексикалық мағыналары жөнінде толық түсінік берілмейді, тек олардың грамматикалық мағыналары (сөз табы) ғана анықталып, мәтіндегі кездесу жиілігі көрсетіледі.Әліпбилі-жиілік сөздікте сөздер қатаң әліпби тәртібімен орналасып,әрбір сөзден соң сөз табы көрсетіліп отырады. Әліпби тәртібімен берілгендіктен, ізделген сөзді табу жеңіл және мәтінде қолданылу жиілігі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қажет сөздің сөз табына қатыстылығын сипаттайды.«Қазақ тілінің жиілік сөздігінде» бұрын жарық көрген жиілік сөздіктер ізімен сөз таптары қысқартылып шартты таңбамен белгіленді: зат есім -зт., етістік-ет., сын есім -сн., есімдік -ес., үстеу -үс., одағай-од. сан есім-са., шылау-шл., еліктеуіш сөздер -ел., модаль сөздер–мд., бөтен (кірме) сөздер–бн. Осыған орай,Мысалы, «Қазақ тілінің әліпбилі-жиілік сөздігі» деректері бойынша жасалған 1-кестеде бір «А» әрпінен басталатын сөздер саны – 17. Енді әліпби тәртібімен әрі қарай да қарастыра келе, А мен Я аралығындағы әрбір әріптер әліпбилі-жиілік сөздікте тізбеге (реестрге) енген сөздердің жалпы саны – 182. Енді Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесін әліпбилі-жиілік сөздігі бойынша осы сөздердің бастапқы әріптеріне қарай олардың сандық сипаттамасын 1-кестеден білуге болады.Кестедегі сандық мәліметтерге қарағанда әңгімедегі талданған сөздердің саны сол сөздің қай әріптен басталатынына тікелей қатынасты. Мұндай жағдайда барлық тілдерге тән құбылысты аңғаруға болады.
Download 175.91 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling