Лекция 1 Қоғамның дамуындағы маңызды бөлімдердегі акт ролі. Акт аумағындағы стандарттар. Акт аумағындағы түсініктер


Download 0.78 Mb.
Pdf ko'rish
bet1/3
Sana21.11.2023
Hajmi0.78 Mb.
#1792034
TuriЛекция
  1   2   3
Bog'liq
Лекция 1



Лекция 1 
Қоғамның дамуындағы маңызды 
бөлімдердегі АКТ ролі. АКТ аумағындағы 
стандарттар. АКТ аумағындағы түсініктер. 
АКТ пәні және оның мақсаттары. 
АКТ



Пәннің мақсаты:
• қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдану жайында түсінік беру; 
• есептеу техникасының архитектурасы, операциялық жүйелер және желілер 
жайында түсінік беру; 
• web және желілік қосымшаларды өңдеудің тұжырымдамаларымен ақпараттық 
қауіпсіздік негізінде таныстыру;
• ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және электронды оқытудың 
қағидаларын баяндау; 
• жеке шығармашылық ізденістер жасауға үйрету; 
• заманауи ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін және тенденцияларын, 
олардың дамуын баяндау.
Анықтамалар 
1. Ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ) (ағыл. Information and 
communication technology) – ақпаратты қолданушылар мүдделеріне сай оны жинау, өңдеу, 
сақтау, тарату, кескіндеу және пайдалану мақсатымен біріктірілген әдістер, өндірістік 
үрдістер, бағдарламалы-техникалық және лингвистикалық құралдардың жиынтығы. 
2. Ақпараттық-коммуникациялық технология – ақпаратты іздеу, жинау, сақтау, өңдеу, 
ұсыну, тарату үрдістері мен әдістері және бұл үрдістер мен әдістерді іске асыру тәсілдері. 
3. 
Ақпараттық-коммуникациялық 
технология 
– 
электрондық 
ақпараттық 
ресурстармен жұмыс істеу әдістерінің және аппараттық-бағдарламалық кешендер мен 
телекоммуникациялар желілерін қолдана отырып жүзеге асырылатын ақпараттық өзара іс-
қимыл әдістерінің жиынтығы.
Ақпараттындыру – әлемдегі қазіргі тоқырауға қарамастан тоқтаусыз дамып келе 
жатқан экономиканың бірден-бір саласы. Бұл ақпаратты тиімді пайдаланудың арқасында 
өндірісте энергияны, еңбекті, шикізатты барынша аз жұмсап, үнемдеудің нәтижесінде болса 
керек.
Ақпарат – адамзаттың дамуы барысында еш тозбайтын, қайта жаңа сапаға өтіп, 
молайып отыратын өнімнің айрықша түрі. 
Автоматтандыру – ақпаратты жасауды, іздестіруді, жинауды, жинақтауды, сақтауды, 
өңдеуді, алуды, пайдалануды, түрлендіруді, көрсетуді, таратуды және беруді оңтайландыруға 
арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану процесі. 
Ақпараттандыру – ақпараттандыру субъектілерінің қызметін автоматтандыруға 
бағытталған ұйымдық, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс. 
Ақпараттандыру объектілері – электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық 
жүйелер, сервистік бағдарламалық өнімдер; 
Ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық іс-
әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған 
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және 
құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
Ақпараттықжүйе түрлері 
• Ақпараттық-құқықтық жүйелер; 
• Геоақпараттық жүйелер; 
• Экономикалық-қаржылық жүйелер; 
• Техникалық-жобалау жүйелері; 
• Ғылыми-техникалық жүйелер; 
• Оқу-білімдік жүйелер. 
Ақпараттық қоғам ̶өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды 
қоғамдамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік тұжырымдама; өндірістің 
жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпараттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. 



Әлемнің мәдениетт іелдер қатарында болған компьютерлік революция адамжандүниесінің, 
қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларын 
құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліпс оқтырады. 
Smart-қоғам – ақпараттыққоғам дамуының келесі кезеңі.
Smart-қоғам азаматтары әзірлеген техникалық құралдар, қызметтер мен интернетті 
пайдалану жиынтығы қоғамдағы субъекттердің өзара әрекетіндегі сапалы өзгерістерге ̶
әлеуметтік, экономикалық және т.с.с қолайлы тіршілік үшін артықшылықтарға келтіреді. 

Download 0.78 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
  1   2   3




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling