39
Қазақ терминологиясының кейбір өзекті мәселелері
мен төмендегілердің, дәлірек айтқанда
сауаттылар мен
сауатсыздардың тілі болып жіктелмесі үшін керек. Қай жерде
және кім бастырып шығарса да баспа өнімдері, газет-журналдар,
кітапшалар пайда әкелуі үшін, тіл қалың көпшілікке түсінікті
болуға тиіс. Сонда аз ғана пайызды құрайтын сауаттылар
көптеген сауаты жоқтарға қызмет көрсете алады.
б)
Ондай сөздер қазақ тілінде болмаған жағдайда
оларды туыстас тілдерден алу. Олай етуіміздің себебі: 1)
туыстас тілдердің көптеген сөздерінің тұлғалары
бірдей
болмаса да олар ортақ түбірден тараған,
сол себепті туыстас
емес тілдердің сөздеріне қарағанда оларды түсіну жеңіл және
естігенде де, айтқанда да бөтен
болып сезілмейді; 2) түркі
халықтары қашанда өзара қарым-қатынаста болған және
бола да береді, сондықтан да бір тілдің көптеген сөздері ортақ
түбірден өрбімесе де өзге тілдің тұтынушыларына таныс болуы
мүмкін.
в)
Жаппай қолданылатын әлемдік терминдер
қабылдана алады, бірақ олар қазақ тілінің табиғатына
сәйкес өзгертілуі керек. Оларды алмастыруға болатын қазақ
сөздері болған жағдайда таңдауды қоғамның өзі жасауы үшін,
екеуі де қатар алынуға тиіс. Жаппай қолданылатын
деп біз
араб сөздерін емес, қазіргі кең тараған европа сөздерін айтып
отырмыз. Араб сөздеріне қарағанда оларға басымдық
беріп
отыруымыздың себебі біз қазір араб емес европа мәдениетіне
ден қойып отырмыз. Европа мәдениетінің барлық жетістіктері
тұтастай европа тілдерінде атала алады. Алайда кірме
терминдер біздің қазақ тілінің айтылуына бағынуға тиіс, яғни
оларға тілдің қалыпты артикуляциясынан бастау алатын біздің
тіліміздің дыбыстық заңдылықтары үстемдік етуі (таратылуы)
керек. Шет тілдерінің сөздерін өзіміздікі ету үшін, бұл міндетті
түрде солай болуы қажет.
г)
Қазақ тілінің табиғатына сәйкеспейтін барлық өзге
Do'stlaringiz bilan baham: