Ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі орны
Download 20.69 Kb.
|
1 2
Bog'liqҰлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі орны
Ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі орны. Ойын-өсіп келе жатқан бала ағзасы үшін өте қажет. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады, ұстамдылығы іскерлігі дамиды. Ойын-балалар үшін күрделі әрекет. Дене тәрбиесі немесе спорт сабақтарында балаларға ойынның бағытын бере отырып, оның әділ және дұрыс өтуін қадағалаған жөн. Өйткені, мұның балаларға салауатты өмір салтын қалыптастыруда тәрбиелік маңызы зор. Жан-жақты дамыған денсаулығы мықты дара тұлғаларды тәрбиелеу ежелден-ақ халық дәстүрі. Халқымыздың ұлттық ойындарының көпшілігі «ойлауды қажет ететін ойындарға»жатады. Балабақшада өткізілетін қимылдық ойын түрлері баланы ептілікке, зейінділікке, ұқыптылыққа баулиды. Балаларға арналған ұлттық ойын түрлері, мысалы: «Айгөлек», «Қанталапай», «Арқаласпақ», «Тақия тастамақ», «Түйілген орамал», «Арқан тартыс», «Аударыспақ», «Асық ойын», «Хан», «Бес тас», «Тартыс» т.с.с. ойындар- балалардың дене бітімінің ғана емес, ақыл-ойының жаттықтырушысы. Дене қимылының төмендеуі балаларға өте қауіпті. Ондай жағдайда бала бойында иммунитеті едәуір төмендейді. Баланың дене белсенділігінің төмендеуі сымбатының бұзылуына, омыртқаның қисаюына әкеп соқтырады. \ Балалардың сәби шағынан бастап, дене бітімінің дұрыс жетілуіне мән беріп, дәстүрлі жаттығулар мен қимыл ойын түрлерін қолдана білгені дұрыс. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз. Ұлттық ойындар. Көкпар - Шығыс пен Орта Азия халықтарына ежелден-ақ таныс ойын. «Зұлымдық атаулының аты өшсін» деген сеніммен қара ешкі сойылып додаға салынады. Ойынның тәртібі мынандай: көкпаршылар алаңды айнала тұрады да, қолында көкпары бар төреші алаң ортасына серкешті тастап, «баста» деген әмір берсе, даяр тұрған жігіттер лап қойып, ептісі іліп алады. Оны белгілеген межеге, не сыйлы бір үйге апарады. Ол үйде де қарымтада қарап қалмай, жігіттерді риза етуге тырысады. Download 20.69 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
1 2
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling