Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Download 1.73 Mb.
Pdf ko'rish
bet41/70
Sana12.09.2023
Hajmi1.73 Mb.
#1676240
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70
Bog'liq
Көгілдір кітап (Луиза Хей)

Мен үшін тырнақтарыма қарау – үлкен қуаныш. Мен – қорғаудамын,
мен – қауіпсіз жағдайдамын. Мен тыныштықта тұрғанда, өмірдің
ағысына берілгенде, менің тырнақтарым күшті жəне қатты болып
ө
седі. Мен өзімнің тамаша тырнақтарымды сүйемін жəне бағалаймын!
Маған менің омыртқам ұнайды
Менің омыртқам – үндестік пен махаббаттың қосылысы. Əрбір
омыртқа екі көрші омыртқамен достық байланыста. Олардың
барлығының өзара қарым-қатынасы байсалды жəне мінсіз. Менің
күшімнің ғана емес, менің иілгіштігімнің де бастауы – осында. Мен
аспанға да жете аламын, жерге де иіле аламын. Мен, маған бостандық
пен қауіпсіздік əкелетін ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша
омыртқамды сүйемін жəне бағалаймын!
Маған менің арқам ұнайды
Менің арқам - өмірдің өзі. Мен одан моральдық қолдау сезінемін. Мен


барлық қорқыныштарды қуып жібере аламын. Мен өзімді сүйікті
сезінемін. Мен үшін, менің өткенім де, барлық жүріп өткен жолым да
маңызды емес. Мен артта қалып қойған нəрсенің бəрін ұмытамын. Мен
бұдан былай өмірдің табиғи дамуына сенемін. Мен, маған керек нəрсенің
бəрін беретін ойларды таңдаймын. Өмір маған, одан күткен кезімде де,
одан күтпеген кезімде де оңынан қарайды. Өмір – ең керек нəрсе екенін
мен білемін. Өмірге деген махаббат мені батыл жəне келбетті етеді.
Мен өзімнің тамаша арқамды сүйемін жəне бағалаймын!
Маған менің иілген мүсінім ұнайды
Құ
дай маған икемді болып, мəжнүн талдың сабақтары суда қалай
жүзсе, өмірде солай жүзе алатындай иілген мүсін берді. Мен еңкейе
аламын, созыла аламын, бірақ барлық уақытта қалыпты жағдайыма
келемін. Мен, иілген жəне көнбіс адам болу мүмкіндігін арттыратын
ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша иілген мүсінімді сүйемін
жəне бағалаймын!
Маған менің көкірек жасушам ұнайды
Мен өзгелерге қанша берсем, сонша аламын. Мен өмірден өзіме не
керек болса, соны аламын. Мен өзімнің жеке мүмкіндігімнің молдығын
сақтай отырып, өзгелерді қандай күйде болса солай болу құқығын
мойындаймын. Өмір біздің барлығымызды қорғайды. Біздің өсуімізге
ештеңе кедергі бола алмайды. Мен өзгелерге тек махаббат қана
беремін. Мен, біздің бəрімізге еркіндік беретін ойларды таңдаймын. Мен
ө
зімнің тамаша кеудемді сүйемін жəне бағалаймын!
Маған менің өкпем ұнайды
Менің кеңістікке құқым бар. Өмір сүруге құқым бар. Еркін, кеудемді
толтырып өмірмен тыныс аламын. Мені қоршаған орта тіптен де
қ
ауіпсіз. Мен еркін тыныс алуға мүмкіндік беретін Күшке сенемін. Мен
қ
анша уақыт өмір сүргім келсе, менің тынысым соншама уақытқа
жетеді. Мендегі өмірлік күштің қоры мен қанша өмір сүргім келсе соған
жетеді. Мен қазір, мені сақтай алатын ойларды таңдаймын. Мен
ө
зімнің тамаша өкпемді сүйемін жəне бағалаймын!
Маған менің тынысым ұнайды
Мен өз тынысымды қымбат көремін. Ол менің байлығым жəне өмір
сүрудің көзі. Мен өз өмірім толық қауіпсіздікте екенін білемін. Мен
ө
мірді сүйемін. Мен кеудемнен толық тыныс алып өмірді ішіме аламын.
Менің тынысым кіргенде жəне шыққанда үндестікте. Мен, тынысым
жеңіл жəне ұнамды болатындай ойларды таңдаймын. Менің
қ
атысуым адамдарға қуаныш əкеледі. Мен жүзіп келемін – мені өмір
тынысы тартып барады. Мен өзімнің тамаша тынысымды сүйемін
жəне бағалаймын!


Маған менің ағзаларым ұнайды

Download 1.73 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling