Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым
Download 1.73 Mb. Pdf ko'rish
|
Көгілдір кітап (Луиза Хей)
- Bu sahifa navigatsiya:
- Бізді шектеп тұрған қабырғаның табиғатын түсіну
- Айып сезімі толыққанды болмау комплексін тудырады
2-бөлім. Кедергілерді жою
Біз өз ішімізде не болып жатқанын білгіміз келеді. Осылайша біз ішіміздегінің кейбірін шығарып жіберу керектігін білеміз. Біз бір жеріміз ауырғанын жасырмауды үйренеміз – оны босатып қоя береміз. Бізді шектеп тұрған қабырғаның табиғатын түсіну Ө зін-өзі жек көруді ұдайы сезіну, айып сезімі мен өзіне сыни көзқарас стресстің бірінші себебі жəне ол иммундық жүйені əлсіретеді. Біздің көбімізде толыққанды еместік комплексі бар. Біз өзіміздің онша жақсы емес екенімізге, ө зімізді ешуақытта жөндей алмайтынымызға сенеміз. Өз кемшілігімізді тауып алғандай болған соң өзгелерде де бəрі бірдей дұрыс болып жатқан жоқ-ау деп ойлаймыз. Кей адамдар өздерінің алдарына қиын мақсаттар қояды. Біздің ө мірге келуіміздің негізгі мақсаты - өзгелердің сөздері мен істеріне ере бермей, өзімізді сүюді үйрену. Біз ата-аналарымыз, достарымыз т.с.с. ө здерімізді қоршап тұрғандардың қойған шекарасынан қашан болсын аттап өте алуымыз керек. Кішкене кезіңде мақұлшыл бала болу ұдайы солай қалу емес. Үлкендердің сөзін жаттап өскендер өз өмірлерінде соларды қайталайды. Олай жалғаса беруі тиіс емес. Өз басыңызбен жұмыс істейтін уақыт жетті. Айып сезімі толыққанды болмау комплексін тудырады Сіз байқайсыз ба, адамдар сізге реніш туғызатын сөздерді жиі айтады. Оны олардың сізді жеңілірек басқарып-бағындырғысы келетіндігімен деп түсіндіруге болады. Көп ата-аналар балаларын айып сезімі болатындай етіп тəрбиелеуге тырысады. Өйткені олардың өздері сондай тəрбие көрген. Көп адамдар ересек болған соң да туыстары мен жақындарының ə серінде қалып қояды. Осының бəрі адамның өзінің өзіне деген құ рметінің аздығынан, əйтпегенде ондай жағдайға жібермес еді. Содан барып олар да өзге адамдармен айлалы əрекет жасауға əзір тұрады. Осы орайда «Жоқ» деп айта білудің маңызы зор. Адамдардың қойып отырған айыбының мағынасыз екенін бетке айтудан жасқанбау керек. Ол үшін ашу шақырудың, ренжудің керегі жоқ. Тек қана олар ойнап жатқан ойынмен ойнағысы келмейтінін айту жетерлік. Егер сіз істеген ісіңіз үшін өкінсеңіз дереу тоқтатыңыз. Уақыты өтіп кеткен бір ісіңізге өкіне қалсаңыз өзіңізді-өзіңіз кешіріңіз. Егер одан біреуге шығын келген болса, шығынды жабуға тырысыңыз жəне ондай қ ателікті келешекте қайталамаңыз. Діни ұйымдар адамдарға айып сезімін егуге əзір тұрады. Осылайша адамдарды бағыныста ұстау оңай, белгілі бір шеңбер не төртбұрыш ішінде тұрған жөн саналады. Ө з эмоциясын басып тастау арқылы жəне бəрін ішіне сақтау арқылы адамда ішкі аласапыран пайда болады. Оларды сыртқа шығарып тастап тұру керек. Ол үшін мына сөздерді қайталап тұру да жетерлік болуы мүмкін: - қазір мен өзімдегі барлық ескі түсініктерді бетімен қоя беремін; - маған өзгеріп тұру ұнайды; - менің алдағы жолдарым кедергілерден азат; - мен өткендерімнен азатпын. Download 1.73 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling