Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Қ орқыныштың себебі – сенімнің жоғалуы


Download 1.73 Mb.
Pdf ko'rish
bet52/70
Sana12.09.2023
Hajmi1.73 Mb.
#1676240
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   70
Bog'liq
Көгілдір кітап (Луиза Хей)

Қ
орқыныштың себебі – сенімнің жоғалуы
Қ
орқыныш біздің планетамыздың тұрғындарына өте тəн нəрсе.
Оған соғыстар, зорлық-зомбылық, кедейлік, барымта, т.с.с. себеп.
Қ
орқыныш – біздердің басқаларға сеніміміздің жетіспеуінен. Сол
себепті біз өмірге сеніммен қарай алмаймыз.
Сенім – біз өз қорқыныштарымызды жеңгіміз келгенде үйреніп
алатын нəрсеміз. Дегенмен сенуге өзіңді біртіндеп үйретуге болмайды.
Сенім – бірден келетін нəрсе, ол -ТҰҢҒИЫҚҚА СЕКІРУ. Ол өзіңді,
ə
лемдік санаға байланысқан ІШКІ КҮШКЕ сеніп тапсыруға тəуекел ету.
Ө
зіңді жай көзге көрінбейтін бір нəрсеге сеніп тапсыру, ол заттық я
тұлғалық нəрсе болмауы да мүмкін. Мен, мəселен, маған барлық
қ
ажетті білімге жол ашық екеніне сенемін. Мен жағдайды онша
түсінбей тұрғанның өзінде, мен үшін уайым жеп тұратын күштер бар
екеніне сенемін.
Қ
орқыныш – махаббатқа тұтастай қарама-қайшы нəрсе. Біз
қ
орқынышты жеңбесек өзімізді-өзіміз сүйе алмаймыз.
Біз өзімізді сүйгенде ғана бізге кең жол ашылады. Ұсақ нəрседе де,
ең маңызды істе де жетістік болады. Сондықтан біз ӨЗ ІШІМІЗДЕГІ
КҮШКЕ бет бұруымыз керек. Жанымызды түсінетін адамдарды тауып,
солармен байланысты үзбеуіміз керек.
Ə
деттер мен жарамсыз қылықтардан арылу
Адамдарда өзіне белгілі бір ойлау мен мінез стереотипін жасап
алуға құмарлық бар. Кейбіреу қиын сəтте дəрілерге жүгінеді, кейбіреу
тамақты көп жей бастайды.
Біреулер кінəні басқа біреулерден іздеуге бейім. “Содан, соның
кесірінен. Мені тағы ренжітті” деп отырады.
Біреулер ақша шашуға, я қарызға батуға бейім.
Біреулердің алдынан ылғи да “жоқ” деген сөз шыға келеді. Алдында
сізді
түсінгендей,
жақындасқандай
болғанымен,
кейінірек
қ
ашқалақтай бастайды. Олардың сізді қабылдамауы сіздің өзіңізді-
ө
зіңіз қабылдай алмауыңыздан.


Біреулер бас салып ауру туралы айта береді. Қашан сөйлессең қалай
ауырғаны, қалай болып жатқаны сөз болады. Олар ауру адамдар, я
ауыра бастағандар. Олардың əңгімелерінің бəрі - өз кеселдері
төңірегінде.
Егер сіз бір нəрсемен шындап айналысқыңыз келсе, неге өзіңізді
жақсы көрумен айналыспасқа?

Download 1.73 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   70




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling