Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Download 1.73 Mb.
Pdf ko'rish
bet54/70
Sana12.09.2023
Hajmi1.73 Mb.
#1676240
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   70
Bog'liq
Көгілдір кітап (Луиза Хей)

Ауырсыну шегін жеңу
Біз өз тəніміз бен жеке мінездемелерімізден анағұрлым биікпіз. Ішкі
рух біздің сырт көріністеріміз қалай өзгеруіне қарамастан қашанда
ə
сем жəне махаббатқа толы.
Ө
лім жарақаты
Сіздің сүйікті адамдарыңыздың бірі қайтыс болғанда, сіз тым
болмағанда бір жыл қайғы шешесіз. Нақ осы кезде өзіңізге сақ
болыңыз. Əсіресе мереке күндерді өткізу сізге ауыр тиеді. Сіз өз
қ
айғыңызды жасыра бермеңіз. Сіз өзіңіз үшін ережелер ойлап табуға
тырыспаңыз, ондай ереже – жоқ.
Жаныңызға жақын біреу өлгенде жылап алғанға ұялмаңыз. Сіз өз
сезімдеріңізге ерік беруге құқылысыз.
Ө
лімге қию уайымы мəңгілік емес, сейілетін күн келеді. Ал, мұңдану
созылып бара жатса, яғни бес-алты жыл өтсе де ұмытылмаса, онда -
тоқтаңыз. Өлім үшін сіз айыпты емессіз, сондықтан қаншама жақын
адамыңыз болғанымен, өзіңізді өзіңіз кешіріп, оның сізден кетуіне
рұқсат беріңіз. Адам өлсе де, біз оны жоғалтпаймыз. Оның жарқын
бейнесі бізде мəңгі ақталады. Өзіңізді осымен жұбатыңыз. “Мен сізді
сүйемін жəне босатамын. Сен де, мен де - еркінбіз” деңіз.
Ауырсынуды түйсіну
Біздердің көбіміздің жүрегімізде өтіп кетпейтін бір ауырсыну
болады. Ұлғая келе ол біздің өміріміздегі негізгі орынды алады да оны
төзгісіз жағдайға алып барады, сөйтіп іштен мүжи бастайды.
Ауырсынудың түрі көп. Кесіп алу. Ұрып алу. Күйік. Ауыру. Ұйқының
тыныш болмауы. Қорқыныш, Асқазанның түйнеуі. Қол мен аяқтың
салдырап, əлсізденуі. Ауырсыну бірде қатты, бірде жай сезіледі, бірақ
біз оның бар екенін біліп тұрамыз. Кейде ол өзінен-өзі қойып қалады,
кейде күшейеді.
Осылардың бəрінде біздің организміміз бізге бір ескерту жолдап
тұр, тек соған құлақ түре білуіміз керек. Ол біздің бір нəрсені дұрыс
жасамағанымызды көрсетіп тұр.
Біз ауырсына қалсақ не істейміз. Алдымен медициналық кабинетке,
я болмаса дəріханаға жүгіреміз. Онымызбен бір организмімізге “осыны
жұт та, тыныш жат” дегенді айтамыз. Бір мезгіл ол тыншуы да мүмкін.
Бірақ уақыт өте келе ол бұрынғыдан гөрі қаттырақ дабыл көтереді.
Біз дəрігерге барамыз, денемізге ине тықтырамыз.


Мүмкін осының бəрі басталар сəтте-ақ түнгі тыныш ұйқымен, кешке
таманғы ауыртпалықтарды азайтумен-ақ қалпына келіп кетер еді…
Сондықтан организмге құлақ түріп үйреніңіз. Оның өз де
ЖАЗЫЛҒЫСЫ келіп тұр. Сіз тек жəрдем беріңіз.
Ауырсыну сезініп, жайсыздық болған кезде мен өзімді-өзім
тыныштандыра бастаймын. Менің аурулардан айығуым үшін өміріме
қ
андай өзгерістер енгізуім керек екенін менің Ішкі Күшім білуге
мүмкіндік беретініне сенемін. Тынышталамын да содан жауап күтемін.
Мүмкін жауап тез бола қоймас, бірақ мен жауапсыз қалмайтыныма
сенемін. Сол ішкі сенімнің айтқанын орындағанда менде барлығы
жақсы болып, жаным жай табады.
Ө
згеруге тырысып көріп, ауырсыну бір түнде кете қалмады демеңіз.
Төзімді болыңыз, өзіңізді асықтырмаңыз.

Download 1.73 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   70




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling