Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым
Ө зіңді-өзің қалай сүю керек?
Download 1.73 Mb. Pdf ko'rish
|
Көгілдір кітап (Луиза Хей)
Ө
зіңді-өзің қалай сүю керек? Кешіре білу мен өзіңнен босатып қоя беру қабілеті сізге көтере алмас салмақтан құтылуға ғана емес өзіңе деген махаббатқа да қақпа ашады. Ө зіңе деген махаббат – ең қызықты оқиға. Ол – ұшуды үйренумен бірдей. Ойлап қараңыз, біз ешқандай күш жұмсамай-ақ, қаласақ болды ұ шып кете аламыз. Өзіңе деген махаббат та солай, сондықтан өзіңді сүюді тап қазір бастау керек. Біздердің көбіміз өзімізді-өзіміз құрметтей білмейміз, өйткені ө зімізді “кемшілігіміз жоқ” деп санамаймыз. Біздің мүлт кетулеріміз бен қателіктеріміз бізді қалай болсақ сол күйімізде сүюге жол бермейді. Ө зіңе деген махаббатты үйренудің он жолы 1. Махаббат ілімінің ең маңызды кезеңі - ӨЗІН-ӨЗІ АЙЫПТАУДАН БАС ТАРТУ. “Алып бара жатқан ештеңе де жоқ” десек дұрыс жасалмаған істі де өзгерту мен жөндеу оңай. Барлығы жаман деп санайтын болсақ, қ иындық көбейе береді. Əрбір күн – жаңа күн. 2. БІЗ ӨЗІМІЗДІ ҚОРҚЫТУДЫ ҚОЮЫМЫЗ КЕРЕК. Біздің көбіміз күңгірт ойлармен өзімізді қорқыта бастаймыз, өйтсек жағдай нашарлай береді. Түймедейді түйедей ете бермеген жөн. Жаман десек, жамандықтың келуі тездейді. Ауыра қалсаң өлетіндей болу, жұмыста сөз ести қалсаң қызметтен қ уылатындай көріну өз санаңды жігерсіздендіретін ойларға итермелей береді. Егер сіз өзіңізді өзіңіз қорқыта бастағаныңызды сезіне бастасаңыз, төңірегіңіздегі сүйкімді нəрселерден таңғажайып жасап алыңыз да, ойыңызды соған аударып жіберіңіз. Ол батып бара жатқан күн, əсем яхта, раушан гүлі, т.с.с. болуы мүмкін. Осы жаттығуды ұдайы жасасаңыз өзіңіздегі ескі əдеттерден арыласыз. 3. Ендігі тəсіл – ол ӨЗІҢЕ-ӨЗІҢ ЖҰМСАҚ, ШЫДАМДЫ ЖƏНЕ МЕЙІРІМДІ БОЛУ. Орен Арнольдтың мынадай сөзі бар: “Я Құдай, мен төзім туралы дұға оқимын. Оның маған тап қазір келгенін қалаймын”. Төзім - өте қуатты құрал, біздің көбіміз оны тезірек келе салмады деп қ иналамыз. Біз оны тез ала салғымыз келеді. Біздің күтуге төзіміміз жетпейді. Бір нəрсеге кезекке тұра қалсақ, қобалжи бастаймыз. Көлігіміз жолдағы тығынның ортасында қалса, денеміз түршіге бастайды. Біз барлық сұрақтарымызға жауапты тез ала салғымыз келеді. Сонымен бірге, барлық жақсы нəрселер бізде бола салса дейміз. Төзімсіздік – бұл танымға қарсылық. Біздің санамыз - əсем бау-бақша деп санаңызшы. Оның аумағында ө зіңе деген жеккөрініштің де гүлі жайнап тұр. Кəрі ағаштың “қорқыныш” деген керексіз бұтағын да баяғыда шауып тастау керек еді. Осыларды алып тастасаңыз ғана сіздің бау-бақша тұрған жеріңіздің аумағы тазарады. Олардың орнына шаттық пен жайлылық дəндерін егіңіз. Бастапқыда ештеңе де өзгермегендей болуы мүмкін. Бірақ, ізгілік дəнін себуді тоқтатпаңыз. Сіз төзімді болсаңыз, сіздің жеріңізде жаңа жеміс ағаштары өсіп шығады. Сана жайлы да нақ осыны айтуға болады. Сіз белгілі-бір “ойларды” егесіз. Олар сіз қалаған жемістерді береді. Бірақ бұған төзім керек. Download 1.73 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling