Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым
Ө зара тəуелділік қатынастары
Download 1.73 Mb. Pdf ko'rish
|
Көгілдір кітап (Луиза Хей)
Ө
зара тəуелділік қатынастары Біздің көбіміз үшін жеке қарым-қатынас бірінші рөл ойнайды. Мүмкін сіз ұдайы махаббат іздеумен келесіз. Махаббатты іздеу сізге барлық талаптарыңызға сай келетін сенімді əріптес табуға көмектеспейді. «Мені біреу сүйсе, менің өмірім өзгеріп кетер еді» деп ойлау жолына түсуге кеңес бере алмаймын. Мен мынадай жаттығу ұсынамын. Сізге басқа адаммен қатынасыңыз қ алай болғанын қалайтыныңызды қағазға түсіріп көріңіз – сырлас, ашық, сенімді, ойнақы, т.с.с. Енді осы тізімге қайта қараңыз. Осылар қол жетпейтіндей идеал ма? Ал сіз өзіңіз осы талаптарды орындауға əзірсіз бе? МАХАББАТҚА ҚАЖЕТТІЛІК пен МАХАББАТҚА ШӨЛІРКЕУ екеуінің айырмашылығы зор. Сіз махаббатқа шөліркеген болсаңыз онда сізге шынында махаббат пен өзіңіз жақсы көретін жəне биік бағалайтын адамыңыздың мақұлдауы жетпей тұрғаны. Нəтижеде сіз өз ə ріптесіңізбен қарым-қатынаста өзара тəуелділікке ұрынасыз. Ол сізге де, əріптесіңізге де пайда əкелмейді. Сіз басқа біреуді қалай жасауға үйрете бастасаңыз, айлакерлікке барғаныңыз. Ол дұрыс нəтиже бермейді. Сіз өз мақсаттарыңызға өзіңіз жете алатын жағдайда болсаңыз, онда сіз мақтау мен басқа адамдардың жəрдеміне тəуелді болмайсыз. Барлығы сіздің өзіңізді қ аншалықты сүйетініңізге байланысты. Өзін шын сүйетін адам тыныш, қалыпты жəне өзінің қауіпсіз екеніне сенімді. Мынадай аффирмацияны ұсынамын: «МЕН ӨМІРІМДІ ТОЛЫҚТЫРА ТҮСЕТІН КЕРЕМЕТ ҚОБАЛЖУЛАРҒА АШЫҚПЫН ЖƏНЕ ОЛАРДЫ Қ АБЫЛДАЙ АЛАМЫН». Ол «мен жаңа сүйікті тапқым келеді» дегеннен анағұрлым дұрыс. Ашық жəне қабылдағыш болғанда Əлем сізге көмектеседі. Сіз өзіңізге деген махаббатыңыз өскен сайын өзіңізге деген құ рметіңіз де өсе түсетінін байқайсыз. Егер сіз өмірден не күтетініңізді анық білсеңіз, сізге қажетті өзгерістер сіз ойлағаннан ертерек жəне жеңілірек келеді. Махаббат адамның сыртында емес – ішінде өмір сүреді. Қаншалықты күштірек сүйе алсаңыз, соншалықты махаббатпен қ оршаласыз. Download 1.73 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling