Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Download 1.73 Mb.
Pdf ko'rish
bet63/70
Sana12.09.2023
Hajmi1.73 Mb.
#1676240
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   70
Bog'liq
Көгілдір кітап (Луиза Хей)

Ү
й – қасиетті ұя
Сізді қоршап тұрғандардың бəрі сіз неге лайық болсаңыз, соны
көрсетіп тұр. Өз үйіңіздің жағдайына, киімдеріңізге көз салыңыз.
Оларды өзіңізге лайық санайсыз ба?
«Мен бұл үйді көргім келмейді» десеңіз, сіз өзіңіздің жаныңызға
жағатын үйді таба алмайсыз.
Ө
зіңізде барды сүюді үйреніңіз, сонда сіздің осы сезіміңіз жаңа да
ə
сем үйге кіруіңізге көмектеседі.
Махаббат қатынастары
Доктор Бернли Сигель «Махаббат, медицина жəне кереметтер»
деген кітабындағы мына ойларды мен өте мақұлдаймын: «Көп
адамдар, əсіресе рак кеселіне ұшырағандар, бала кезінде өз қалпының
ө
зегінде бір кемшілік барына сенеді. Осы кемшілікті білдірмей
жасырып, олар сүйікті болу мүмкіншілігін сақтағысы келеді. Егер
біреу-міреу оның шын бет пердесін көріп қалса, ол мəңгі бақи
жалғыздық пен махаббаттың жоқтығын сезінеді. Олай ойлаған
адамдар өз төңірегінде өзгелерді ізгі армандары мен терең сезімдерін
бөліспейтіндей жəне құпияларына бойлай алмайтындай етіп қорғаныс
қ
абатын жасап алады. Олар іштерінде бір бос кеңістік бар екенін
сезінеді жəне осы бос кеңістігін толтырарлықтай қатынастар жасауға
тырысады. Олар қайтарымына бір нəрсе алса ғана сүюге келіседі. Ал ол
осы кесірлі шеңберден шыға алмайтындай ішкі ойранды одан сайын
ұ
лғайтуға алып келеді».
Кез-келген қарым-қатынас өте маңызды, өйткені одан сіздің өзіңізге
қ
атынасыңыз көрініп тұрады. Егер сіз өзіңізді ұдайы сөгетін жəне
барлық күнəларда айыптайтын болсаңыз немесе өзіңізді мəңгілік
құ
рбандық ретінде сезінсеңіз, онда сіз өзіңізге осы ойларға лайықты
адамдарды тартасыз, олар сіздің бейшара екенмін деген сеніміңізді
нықтай түседі.
Мүндай жағдайда мынадай жаттығу бар: «Мен махаббат үшін
ашықпын. Махаббат – қауіпсіз» деп күніне үш рет қол жайып тілек


тілеңіз. Осыдан соң айна алдына тұрып: «МЕН ЛАЙЫҚТЫМЫН. МЕН
ЛАЙЫҚТЫ БОЛМАСАМ ДА осылай болуын қалаймын» деңіз.
Сіз түрлі жақсы нəрселерді жиі қайтарып жібересіз, өйткені оған
лайық екендігіңізге сенбейсіз. Мысалы, сіз біреумен некеге тұру
жайлы шешімге келдіңіз, немесе біреумен оңтайлы қатынас
жасағыңыз келді. Сізбен кездесіп жүрген адамның сізге ұнайтын төрт
ерекше қасиеті бар, ал сізге ол аз, оларды тағы да бір қасиеттермен
толықтырғыңыз келеді. Əрі қарай барлығы сіздің өзіңізді қаншалықты
сүйетініңізге байланысты. Сіз өзіңізбен қалуға келісім берген бірінші
адаммен қалуыңызға да болады. Болмаса көп бəсекелестерді байқап
көріп өзіңізге лайықты санаған адамды тауып алуыңыз да мүмкін.
Егер сіз Жоғарғы Күш сізді шын сүйетін адамдармен қоршатып тұр
жəне сіздің жолыңызда кездескен əрбір адам сізге жақсылық əкеледі
деп сенсеңіз, солай болып шығады.

Download 1.73 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   70




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling