Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


-бөлім. Ішкі ақылдан сұрау


Download 1.73 Mb.
Pdf ko'rish
bet61/70
Sana12.09.2023
Hajmi1.73 Mb.
#1676240
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   70
Bog'liq
Көгілдір кітап (Луиза Хей)

4-бөлім. Ішкі ақылдан сұрау
Егер оң өзгерістер мен айығуға алып келетін əрекет болмаса, кез-
келген теория пайдасыз.
Ө
ркендеуге қалай жетуге болады
Біз қорқып тұрсақ, барлығын өзіміздің бақылауымызға алуға
тырысамыз. Осылайша біз өмірімізде болатын оң өзгерістерге
тосқауыл қоямыз. Өмірге сеніңіз. Онда бізге керектің бəрі бар.
Көп адамдар ашық болудан қорқады, өйткені бір «жарамсыз
нəрсені» жіберіп аламын ба деп қорқады. Ішкі күйді өзгертпесе солай
бола кетуі де мүмкін.
Ө
РКЕНДЕУ десе көбіміздің ойымызға ақша келеді. Бірақ оған уақыт,
махаббат, жетістік, жайлылық, əсемдік, білім, қарым-қатынас,
денсаулық жəне содан соң барып ақша жатады.
Егер сіз ылғи да асығумен болып, сонда да уақыт жеткізе алмасаңыз,
онда сіз уақыттың жетпей қалатынына сенгендігіңізден. Егер сіз
ешқашан жетістіктерге жете алмаймын десеңіз, ол сөздеріңіздің
орындалуы оңайлайды. Сіз өмірдің қиыншылықтар мен салмақтары
ауыр екендігіне сенсеңіз, онда ұдайы жайсыздықта боласыз. Өзіңізді
топаспын деп санасаңыз, даналыққа жол ашылмайды. Егер сізде
адамдармен қарым-қатынаста махаббат кемшін болса, сізге өзіңізге де
махаббатты шақыруға жол жабыла бастайды.
Ал əсемдік ше? Сіз жан-жағыңыздағы əсемдікті көре аласыз ба жəне
оның Жерде өте мол екеніне сенесіз бе, жоқ, сізге барлығы көріксіз
жəне мардымсыз көріне ме? Ақшаға келсек, көбіміз бізге ақша ылғи да
жетпейді дейміз. Сіздің талабыңыз сіздің ресурстарыңызға сай ма?
Сізге ол соманы кім анықтады?
Осының бəрі де бір нəрсені біреуден алу идеясына қатысы жоқ.
Адамдар əдетте былай ойлайды: «Мен мынаны алғым келеді, мен
ананы алғым келеді». Бірақ молшылық пен өркендеу – біздің қабылдай
білу қабілетімізге байланысты. Егер сіз бір нəрсені ҚАБЫЛДАЙ
алмасаңыз, онда сіздің бір себеппен оны қабылдауға əзір
еместігіңізден. Егер біз өмірге сараңдық пен қараулық жасасақ, ол да
солайша жауап береді. Егер біз одан ұрлағымыз келсе, онда ол да бізді
тонайды.

Download 1.73 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   70




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling