Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым
Ө з ішіңіздегілерге деген махаббат
Download 1.73 Mb. Pdf ko'rish
|
Көгілдір кітап (Луиза Хей)
- Bu sahifa navigatsiya:
- Жасөспірімге өзін-өзі құрметтеу қажет
Ө
з ішіңіздегілерге деген махаббат Біреуге деген махаббат пен неке - өте керемет. Ал өзіңменен болатын роман – мəңгі. Өз ішіңіздегі отбасыңызды сүйіңіз: баланы, ата-аналарды, жəне оларды айырып тұрған жылдарды. Махаббат деген - өшіргіш секілді, ол зердедегі ең жаныңды жер ауыр естеліктерді өшіруші. Оның кіре алмайтын қыртысы жоқ. Егер сіздің көз алдыңызда сізді ренжіткен көріністер тұрса жəне сіз кім айыпты екенін саусағыңызбен көрсете бастасаңыз, онда бір орында тоқырап тұрып қаласыз. Ол ауырсынулар сізге жабысып қалмай қояды. Күш пен таңдай – қашан да сіздің ішіңізде. Өз көзіңізге қараңыз да махаббаты сезініңіз. Сіздің ішіңізде өмір сүріп жатқан адамдарға деген махаббатты. Ө зіміздің ата-аналарымызбен қатынас Сіз ата-анаңызды түсінуге тырыссаңыз, олар да сізді түсінеді. Біздің ата-аналарымыз біз қалағандай болмады-ау деген теріс сезімнен арылу керек. Ол үшін олардың өткен өмірін, көрген тəрбиесін зерттеген жөн. өйткені олар өздері өскен ортаның үлгісімен ғана өмір сүріп келеді. Осылай еткенде оларды кешіру оңайға түседі. Түсіну арқылы кешіру, кешіру арқылы махаббат келетінін түсініңіз. Егер біз ата-аналарымызды сүйе жəне кешіре алсақ, онда бізде өмірде кездескен əрбір адамнан қанағат алатын мүмкіндік бар. Жасөспірімге өзін-өзі құрметтеу қажет Жастар арасында өзіне-өзі қол жұмсау көбейіп барады. Өз өмірі үшін жауапкершілікті мойнына алуға күші жететіндер азайып жатса керек. Бұл проблеманың, біздер ересектер олардан ө мірдің түрлі жағдайларында белгілі бір қылықтар күтетінімізге тікелей қатысы бар. Біз олардың өз мінезімізге ұқсас болғанын қалаймыз. Осымен біз оларды езгіге салып тұрған жоқпыз ба? Он жас пен он бес жастың арасы өтпелі кезең. Ол мерзімде жасөпірімдер төңірегіндегі жағдайларға қалыптасуға тырысады. Олар ө з қатарластарының алдында жерге қарап қалмау үшін бəрін жасауға ə зір. Осының артына шын сезім жасырынып қалады. Олар өздерін қ алай болса сол күйінде көрсетуден қорқады. Балалардың ұ ялшақ, тілазар болуына, мектепте ү лгерімі нашарлауына түсіністікпен қарай білу маңызды. Үйде оларға сенім мен сүйіспеншілік жетіспесе олар оны сырттан іздейді. Балаларға “олай етпе, былай жүрме” деудің орнына олардың əрбір қ адамына масаттана қарау керек. Ол өз пікірі, өз ойы, өз қылығы бар болып қалыптаса берсін, онда тұрған не бар? Балаларды айыптаудың да, көзқарастарына қарсы тұрудың да пайдасынан зияны көп. |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling