Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Download 1.73 Mb.
Pdf ko'rish
bet67/70
Sana12.09.2023
Hajmi1.73 Mb.
#1676240
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Bog'liq
Көгілдір кітап (Луиза Хей)

Шексіз мүмкіндіктер
Біздің əрбіріміз Əлеммен жəне өмірмен үздіксіз байланыстамыз. Өз
ішіміздегі күш біздің санамыздың көкжиегін кеңітеді.
Мына сөздер маған өте ұнайды: ШЕКСІЗ МҮМКІНДІКТЕР. «Бұл іс
қ
олымнан келмейді», «Мен əлі жаспын», «Оған ақша қайда» деген
сөздер адамның мүмкіндігін тежейді.
Пайым мен пікірдің айырмашылығы бар. Пікір – сіздің бұл мəселеге
қ
алай қарайтындығыңыз. «Мен ақ көйлек емес көк көйлекті
ұ
натамын» десеңіз, ол – пікір. Ал сіз ақ көйлек киген біреу туралы сөз
айтсаңыз, ол – пайымдау. Сын айтқанда, ол бағытталған адамға немесе
сіздің өзіңізге зиян тигізетіні есте болсын.
Біреуді ренжітсеңіз – кешірім сұраңыз да, қайтып ренжітпеңіз.
Ө
зіңізді айыптай берсеңіз өзіңізді ішкі даналығыңыздай ажырататын
қ
орған соғасыз. Айып сезімінің сізді басқарып кетуіне мүмкіндік
бермеңіз, олай етсеңіз ол сіздің өміріңізге енетін барлық жақсы жəне
сүйкімді нəрселерді сізге жібермей қояды.
Ə
рбір проблемаңызға өзіңізді жетілдіру мүмкіндігі ретінде қараңыз.
Біздің мақсатымыз өз санамыздың шекарасын кеңіту, ескі
ү
йреншікті қалыпты тастап алға қарай жаңа, сыналмаған жолды
бастау. Біздің санамыз бұл əлемде ғажайыптарды жасай алады.
Шексіз мүмкіндіктер – біздің планетамызда жəне одан тыс жерде
қ
ызмет етіп жатқан барлық күштердің бірлігі.
Біз өз миымыздың 10 пайызын ғана пайдаланады екенбіз. Қалған


бөлігі бос жатыр, соны пайдалануға өзімізге-өзіміз əсер етпейміз.
Ө
йтпейтініміз - өз күшімізге сенбейміз. Өйткені жас кезімізде
біздердің əрбірімізде болған телепатия мен телекинез секілді ерекше
қ
абілеттерімізді ата-аналарымыз бен өзге де тыйым салушылар
жоғалтып жіберген.
Менімен бірге: «МЕН ШЕКСІЗ МҮМКІНДІКТЕР ƏЛЕМІНДЕ ӨМІР
СҮРІП КЕЛЕМІН. МЕНДЕ БƏРІ ЖАҚСЫ» деп қайталаңыз. Осы сөздер
жөнінде бір сəт ойланыңыз. БАРЛЫҒЫ ЖАҚСЫ. Бір жері ғана емес, аз
ғ
ана емес, БƏРІ ЖАҚСЫ. Осылай болатынына сеніп сіз жауаптар мен
шешімдердің өз өміріңізге енуіне жəрдемдесесіз.
Мүмкіндіктер шексіз. Ал біз оны пайдалана білеміз бе, ол біздің
жеке ісіміз. Біз я «төрт қабырға» арасында қалып қоямыз, я болмаса
бостандыққа суырылып шығамыз жəне өмір ұсынған жаңа
тəжірибеден рахат аламыз. Өзіңізге шыншыл қарауға тырысыңыз.
Ішіңізде болып жатқан процестерді, өз сезінуіңізді, əсеріңізді,
нанымыңызды бақылаңыз. Түсінік беру мен қатты пікірлерден
қ
ашыңыз.
Осылай
ете
алғаныңызда
сіз
ө
зіңіздің
шексіз
мүмкіндіктеріңізді пайдалана бастайсыз.

Download 1.73 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling