Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым
Download 1.73 Mb. Pdf ko'rish
|
Көгілдір кітап (Луиза Хей)
- Bu sahifa navigatsiya:
- Оныншы бөлік ережесі
Ақша туралы түсініктер
Ақшаның уайымы да адамға бала күннен қалған əсерлерден болады. Қ аржылық жағдайы жақсы əке ылғи да ақшасы азайып қала ма деп уайымдап отырғанын көрген балада сол əсер қалып қояды. Ақшаның бірде аз, бірде жетерлік болуы қалыпты нəрсе. Егер біз Ішкі Күштерімізге сенсек, онда қиын кездер тез өтіп кетеді. Біз болашақта бізде бəрі де, оның ішінде ақшаның молдығы да болатынына сенуіміз керек. Ақша адамның барлық мəселесін шешіп бере алмайды. Көп ақша болса өмірді ертегідей етіп өткізуге болады деп сенетіндер бар. Бірақ, бəрібір ақша ешқашанда – бақытқа алып барар жол емес. Ө зіңізде барына риза болыңыз Мен жасымда маған жəрдем берген адамдардың бəрін жадымда сақтағанмын. Кезінде олардың жақсылықтары үшін сый қайтара алмадым. Бірақ жылдар өте келе мен де өзгелерге жəрдем бердім. Сондықтан, біреулерге жəрдем беру ісінде «сен – маған, мен - саған» деген принцип жарамайды. Сені біреу түстікке шақырса, ертеңіне оны шақырып жіберу онша орынды емес, ал біз көбіне солай жасаймыз. Біз ылғи тез қайтарым жайлы уайымдаймыз. Сыйды алғыс айта қабылдауды үйреніңіз. Қабылдай білуді ү йреніңіз. Біздердің проблемаларымыздың бірі – қ абылдай білмейтіндігімізде. Беруді білгенде, қабылдауды да білу керек. Біреуден сый алып тұрып «рахмет» деудің орнына «маған шақ емес екен» немесе «мен жақсы көретін түс емес екен» десеңіз ол бұдан былай сізге ешуақытта ештеңе сыйламайды. Сіз біреуге ақша бергеннен гөрі оны сананы іске қосу арқылы ақшаны өзіңізге қалай шақыруға болатынын үйретіңіз. Оныншы бөлік ережесі Сіз түскен табыстарыңыздың оныншы бөлігін қайырымдылыққа жұмсаңыз, сөйткен күнде табысыңыз молая түсетініне сеніңіз. Адамдар: «менің ақшам көбейген соң, қайырымдылық жасаймын» деп ойлайды. Ондай ойдағы адамдар ешқашан қайырымдылық жасамайды, қайырымдылықты ертеңге қалдырмай, бүгін бастау керек. Солай еткеніңізде өміріңізде көп жақсы жағдайлар болады. Бірақ, қ айырымдылықты ақшаңыз көбеюі үшін əдейі жасағыңыз келсе, онда ұ тыласыз. Бұл жағдайда оныншы бөлік ережесі жүзеге аспайды. Бұл əлемде барлығы жеткілікті. Ол тек қана сіздің оның өлшеусіз байлықтарымен танысқыңыз келуін күтіп тұрады. Ақша сіз жұмсаймын деген сомаңыздан анағұрлым көп. Адамдар – сіз өмірде кездестіргеннен анағұрлым көп. Қуаныш пен шаттық та сіз ойлағаннан көбірек. Сіз осыған сенсеңіз, сіздің қ алауыңыз орындалады. Download 1.73 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling