Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


-бөлім. Өткенді өзіңнен босатып жіберу


Download 1.73 Mb.
Pdf ko'rish
bet68/70
Sana12.09.2023
Hajmi1.73 Mb.
#1676240
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Bog'liq
Көгілдір кітап (Луиза Хей)

5-бөлім. Өткенді өзіңнен босатып жіберу
Біздің планетамыздағы өмір саналы болып барады. Біз өзімізді-
ө
зіміз сезіне бастадық.
Ө
тпелі кезең жəне өзгерістер
Кей адамдар бұл дүниені тастап кетуге əзір, бірақ өзгергісі жоқ.
Олар өзгеру деген бізден басқаларға тиесілі деп санайды.
Ө
згеру деген – жалғыздық пен өзіңнің түкке тұрмайтыныңды
сезінуден арылу, ызадан, қорқыныш пен ауырсынудан арылу. Біз жан
тыныштығына ұмтыламыз жəне абыр-сабырға орын болмайтын өмір
құ
рғымыз келеді. Біз босаңсуды жəне біздің талайымызға түскен өмір
тəжірибесінен рахат алуды үйренеміз. Мен əрбір адамға былай деп
айта жүріңіз дегім келеді: “ӨМІР ТАМАША, МЕНІҢ ƏЛЕМІМДЕ
БАРЛЫҒЫ ЖАҚСЫ ЖƏНЕ ОДАН ДА ЖАҚСЫ БОЛАДЫ”. Сонымен мен
ү
шін өмір ағысы қалай қарай беттеп бара жатқанының мағынасы жоқ.
Мен барлығы жақсы болатынын білемін. Мен кез-келген жағдайда
ө
мірден рахат аламын.
Егер сіз өзгерістер жасау жайлы шешіміңізді айтатын болсаңыз
Ə
лем сізге жəрдем бере бастайды. Ол сізді қажетті хабарламамен
қ
амтамасыз етеді.
Кейде көтерілу алдында төмен түсу болады. Одан қорқатын ештеңе


жоқ, өйткені сең қозғалды. Өткеннен қалған əсерлер, оқиғалар мен
сенімдер түйіні біртіндеп шешіле бастады. Қорқудың керегі жоқ.
Мейлі, сізге əлі ештеңе болмағандай-ақ болсын. Аффирмациялармен
айналысып, жақсы болатынына сеніміңізді шыңдай беріңіз.
Табысқа жол
Сіздің өзгерістер жасау жайлы шешім жасауыңыз бен нақты
нəтижелер арасында біршама уақыт өтеді. Мен оны “өтпелі” кезең деп
атаймын. Сіз жаңа мен ескінің ортасында толқып тұрсыз. Сіз болған іс
пен болуы тиіс істің екі ортасында аңтарылып тұрсыз. Ол қалыпты
жəне табиғи процесс. Білу мен жасау өзін өзі дамытудың екі сатысы.
Күш артып, бастаған өзгерістеріңді соңына дейін жеткізуге уақыт
керек. Уақыт жəне үздіксіз күш салып тырысу.
Джеральд Ямпольский “махаббат дегеніміз – қорқыныштан құтылу”
дейді. Махаббат пен қорқыныш бірін-бірі жояды. Бізді махаббат
басқармаса, қорқыныш басқарады. Жалғыздық сезімі, ыза мен айыпты
сезіну – қорқыныштың салдары. Біз онымен қоштасып, махаббатты
таңдаймыз.
Егер сіз өзгеруді шындап қаласаңыз, солай болады. Ешкім сізге
билік етіп, бір нəрсе жасауға зорлай алмайды. Жəне де ешкім сізбен
бірге ол жолды өте алмайды. Сіз өзіңіз ғана өз проблемаларыңызды
жеңе алатын жетерлік ішкі күшке иесіз, осыны еске берік тұтыңыз.
Ө
зіңізді тексеруді ұмытпаңыз. Күніне бірнеше рет тоқтап: “Мен
мұны не үшін жасап жатырмын?” деп сауал қойыңыз. Менің шын
мақсатым не? Мен мұны адамдар өтінгеннен кейін жасап жатырған
жоқпын ба? деген сауалдар. Өзіңізге-өзіңіз адал болыңыз. Өзіңізге өз
ойларыңыз бен сезімдеріңіз жайлы шынын айтыңыз.

Download 1.73 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling