Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Download 1.73 Mb.
Pdf ko'rish
bet55/70
Sana12.09.2023
Hajmi1.73 Mb.
#1676240
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   70
Bog'liq
Көгілдір кітап (Луиза Хей)

Кешіру – бостандыққа жол
Мен: “Сіздікі дұрыс болғанын қалайсыз ба, жоқ бақытты болғанды
жөн көресіз бе” деп көп сұраймын. Біздің əрбіріміздің кімдікі дұрыс,
кімдікі бұрыс екені жайлы өз пікіріміз бар. Ол біздің өмірді қабылдай
білу түсінігімізге байланысты. Жəне де біз өз сезімімізді ақтап аларлық
жол табамыз. Біз басқаларды сол бізге жасаған “жамандығы” үшін
жазалағымыз келеді де, есімізден кетпей қояды, сөйтіп ол сіз үшін
жазаның бір түріне айналады. Сізді өткен шақта біреу ренжітті деп,
ө
зіңді-өзің жазалау – ақымақтық.
Ө
ткеннен құтылып тұру керек, ол үшін оны кешіру шарт. Кешіру
дегеніміз – қоштасу. Ыза жəне реніш сезімімен, ауырсынумен қоштасу.
Жағдаймен тұтастай қоштасу. Олай қоштаспайды екенсіз, ол сіздің
ішіңізде бұғып жатып сізді іріте бастайды.
Кешірмеу сізді ренжіткен адамға ештеңе де жасай алмайды, ал сізді
мүжиді.
Былай деңіз: “МЕН ӨТКЕНІМНЕН ҚҰТЫЛҒЫМ КЕЛЕДІ. МЕН МАҒАН
ЗИЯН ЖАСАҒАНДАРМЕН ҚАТАР ЗИЯН ЖАСАМАҒАНДАРДЫ ДА, ЖƏНЕ
БІРЕУДІ РЕНЖІТІП АЛҒАН БОЛСАМ ӨЗІМДІ ДЕ КЕШІРЕМІН”. Сізге бір
кезде қиындық туғызған біреуді ұмыта алмай жүрсеңіз оған
махаббатыңызды жолдап бата беріңіз де, өзіңізден босатыңыз жəне ол
туралы ойлауды тоқтатыңыз.
Сіз өзіңізді алданып қалғандай немесе тоналғандай сезінбеңіз, сізде
болуы тиіс нəрседен сіз ешуақытта ажырап кетпейсіз. Егер ол сіздікі
болса, басқа бір жолмен болса да қайтып оралады. Егер бір нəрсені
қ
айтарып ала алмасаңыз, онда солай болуы тиіс болғаны. Оны болған
оқиға ретінде қабылдаңыз да, өміріңізді жалғастыра беріңіз.


3-бөлім. Өзіңе деген махаббат
Соңғы рет қашан сүйгеніңіз жəне жүрегіңіздің кеудеңізге симай
тулағаны есіңізде ме? Ол қандай тамаша сəт еді… Сіз өзіңізді-өзіңіз сүйе
білсеңіз де тап солай болады. Оның айырмашылығы – ол махаббат
қ
ашан да сізбен бірге қалады. Ол – сіздің басыңыздан кешкен тамаша
сезімдердің ішіндегі ең тамашасы.

Download 1.73 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   70




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling