Келісім шарт № Жатақханадан орын беру туралы
Download 21.27 Kb.
|
келісім шарт (1)
КЕЛІСІМ ШАРТ № Жатақханадан орын беру туралы Сарыкемер ауылы « » _______ 202__ жыл Жеке кәсіпкер «Алтаева» (бұдан әрі - ЖК «Алтаева»), бұдан әрі Орындаушы деп аталатын, бір тараптан, жарғы негізінде әрекет ететін ЖК «Алтаева» басшысы Алтаева Сания Максутовна тұлғасында және « №3 Байзақ колледжі» мекемесінің студенті. _________________________________________________________________________(А.Ж.Ә) Бұдан әрі Тұрғын деп аталатын, төмендегілер туралы осы шартты жасасты. 1. Шарттың мәні 1.1. Орындаушы Тұрғынға Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр №115 үйден 2021-2024 жылдар аралығында оқу жылдарында уақытша тұру үшін ЖК «Алтаева» жатақханасында №____бөлмесін, ____ кв.м көлемінде тұрғын алаңымен қамтамасыз етіп отыр, ал Тұрғын көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге міндеттенеді; 2. Жатақхана тұрғынының құқығы: 2.1.оқу кезеңінде тағайындалған тұрғын жайда тұруға; 2.2.тұрғын-жайларды өз қалауы бойынша пайдалану және дербес зерттеулер,жабдықтар, жатақхана жабдықтарын пайдалануға; 2.3. тұрғын үй- жайдан ерікті түрде айыруға жол бермеу; 2.4.осы шартты кез- келген уақытта бұзуға. 3. Жатақханада тұратын студенттердің міндеттері Жатақхана тұрғындары міндетті: 3.1. жатақханаға орналасу кезінде келесі құжаттармен танысу: 3.1.1. «Алтаева» жеке кәсіпкерлігінің жатақхана туралы ережесімен; 3.1.2. «Алтаева» жеке кәсіпкерлігінің» жатақханадағы ішкі тәртіп ережелерімен; 3.2. тұрғын үй-жайды өз бетімен қайта құруға немесе қайта жоспарлауға жол бермеу; 3.3. жатақханадағы ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтау, қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, санитарлық гигиена ережелерін, электр аспаптарын пайдалану ережесін сақтауға; 3.4. жатақхананың мүлкіне, жабдықтарына ұқыпты қарау, энергия және су ресурстарын үнемдеу; 3.5. күн сайын өз тұрғын бөлмелерін тазалау және желдетуді жүргізу, аптасына кем дегенде бір рет ылғалды тазалау жүргізу; 3.6. үй- жайларды жинау бойынша кезекшілік кестесін сақтау және жалпы пайдалану орындарында тазалық пен тәртіпті сақтау; 3.7. егер жатақханада болмаған жағдайда тәрбиешіге немесе жатақхана меңгерушісіне түнгі уақытта болмайтыны туралы жазбаша дәлелді өтініш түрінде хабарлау; 3.8. бөлмеден шыққан кезде жарықты, суды, электр аспаптарын өшіріп, терезелерді, есіктерді жауып жүруге; 3.9. сағат 23:00 ден 07:00 дейін тыныштықты сақтауға; 3.10. қажеттілік туындаған жағдайда жатақхана әкімшілігіне келуге; 3.11. жатақхана туралы ереже, Ішкі тәртіп ережелері шеңберінде жатақхана меңгерушісінің талаптары мен шешімдерін орындауға; 3.12. жатақхана мүлкіне келтірілген материалдық залалды өтеуге; 3.13. жатақханада тұрғаны үшін ақы уақтылы төлеуге; 3.14. жатақхананын үй-жайларын күрделі жөндеу кезінде үй-жайды босату (жөндеуді үйден шығармай жүргізу мүмкін болмаған жағдайда); 3.15. Орындаушының өкілін кез келген уақытта тұрғын үй-жайдың техникалық жай-күйін, санитарлық-техникалық және ондағы өзге де жабдықтарды тексеру үшін, сондай-ақ қажетті жұмыстарды орындау үшін тұрғын үй-жайға жіберуге; 3.16. тұрғын үй-жайдың немесе ондағы санитарлық-техникалық жабдықтардың ақаулықтары анықталған жағдайда оларды жою үшін дереу мүмкін болатын шараларды қабылдау және қажет болған жағдайда ол туралы Орындаушыға, ал шұғыл жағдайларда – шұғыл қызметтердің телефондары бойынша хабарлауға; 3.17. көршілердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды ескере отырып, тұрғын үй- жайды пайдалануды жүзеге асыру, даулы жағдайларға жол бермеу, қабылданған моральдық-этикалық тәртіп нормаларының талаптарын орындау, тілектестік және өзара сыйластық атмосферасын сақтауға; 3.18. тиісті шаралар қабылдау үшін жатақхана қызметкерлерін қанағаттанғысыз көңіл-күйі туралы хабардар етуге; 3.19. тұрғын үй-жайды босатқан кезде оны үш күн ішінде орындаушыға тиісті жағдайда тапсыруға, сондай-ақ тұрғын үй-жайды төлеу жөніндегі қарызы болған жағдайда өтеуге; 3.20. Тұрғын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттемелерді сақтауға міндеттеледі. Жатақхана тұрғындарына тыйым салынады: 3.20.1. жатақханаға спирттік заттарды әкелуге және қолдануға; 3.20.2. жатақханада мас күйінде жүруге; 3.20.3. есірткі заттарын сақтау және пайдалануға; 3.20.4.бөлмелерде және жатақхана аумағында темекі шегуге; 3.20.5. есiрткiлiк масаң күйде пайда болуға; 3.20.6. бір бөлмеден екінші бөлмеге өз бетімен ауысуға; 3.20.7. жатақхана жабдықтарын бір бөлмеден екінші бөлмеге өз еркімен ауыстыруға; 3.20.8. жарамсыз және қолдан жасалған электр құралдарын пайдалануға; 3.20.9. жатақханада бөгде адамдарды кіргізуге, басқа адамдарға, соның ішінде жатақханадағы басқа тұрғын жайларды тұратын адамдарға беруге; 3.20.10. сағат 23:00 ден 06:00 дейін басқа бөлмеде болуға; 3.20.11. бөлмеде жануар ұстауға; 3.20.12. хабарландыруларды, плакаттарды, кестелерді және басқа да ақпаратты осы мақсаттарға бөлінген жерлерден тыс жерлерге жабыстыруға; 3.20.13. жатақхана ғимараты мен аумағында құқыққа қарсы әрекеттерге қатысуға; 4. Орындаушының құқықтары мен міндеттері Орындаушы құқылы: 4.1. тұру үшін төлемді уақтылы төлеуді талап етуге; 4.2. осы Шарттың 5- бөлімінің 2-тармағында көрсетілген жағдайларда осы шартты бұзуды талап етуге; 4.3. Орындаушы заңнамада көзделген өзге де құқықтарға ие болуы мүмкін Орындаушы міндетті: 4.4. тұратын адамға өзге адамдардың құқықтарынан бос және тұруға жарамды, өрт қауіпсіздігі талаптарына, санитарлық-гигиеналық, экологиялық және өзге де талаптарға сай келетін тұрғын үй-жай беру; 4.5. белгіленген тәртіпке сәйкес қоныстандыруды (шығаруды) жүргізуге; 4.6. жатақханада тұратындарды келесі құжаттармен таныстыруға: 4.6.1. . «Алтаева»жеке кәсіпкерлігі мекемесінің жатақханасы туралы ережесімен; 4.6.2. «Алтаева» жеке кәсіпкерлігі мекемесінің жатақханасында ішкі тәртіп ережелерімен; 4.7 жатақхана мүлкін тиісті түрде қолдануға беруге ; 4.8 тұрғын үйге-жайға жөндеу жүргізу кезінде тұратын адамға (мүмкіндігінше) осы шартты бұзбай басқа тұрғын үй жайды (бірадамға кемінде 6 шаршы метр тұрғын алаң есебінен) беруге; 4.9 жатақхана ғимаратына күрделі жөндеу немесе қайта жаңарту жүргізілгені туралы жұмыс басталғанға дейін 30 (отыз) күннен кешікпей хабардар етуге; 4.10. орындаушыға коммуналдық қызметтерді ұсынуды қамтамасыз етуге; 4.11. орындаушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында кезкелген өзгеде міндеттемелерді орындауға. 5. Шартты бұзу және тоқтату 5.1 Осы Шарт тараптардың келісімі бойынша кезкелген уақытта бұзылуы мүмкін. 5.2 Осы Шарт орындаушының талабы бойынша мынадай жағдайларда бұзылуы мүмкін 5.2.1 «. «Алтаева»жеке кәсіпкерлігінің жатақханасында ішкі тәртіп ережелерін өрескел бұзғаны үшін; 5.2.2 Пайдаланылатын тұрғын үй-жай үшін екі ай бойы ақы төлемеген жағдайда; 5.2.3 жалдаушының тұрғын үй-жайына және (немесе) мүлкіне елеулі зақым келтіру (Орындаушының және тұратын өкілдерінің қатысуымен жасалған актімен белгіленеді) кезінде; 5.2.4 жатақхананың басқада тұратын немесе қызметкерлерінің құқықтарымен заңды мүдделерін жүйелі түрде бұзғанда; 5.2.5тұрғын үй жайды мақсатына сай емес пайдаланғанда; 6.студенттің жатақханада тұрғаны үшін төлем 6.1 жатақхананы пайдаланғаны үшін төлем ай сайын ағымдағы айдың соңғы күніне дейін келесі ай үшін, демалыс кезеңі қоса төленеді. 6.2. Тұру ақысы Орындаушының есеп шотына төленеді 6.3.Осы Шартты жасасу кезінде қолданылатын жатақханада тұру құны айына 3000 (үш мың) теңгені құрайды. 7. Өзге шарттар 7.1. Осы Шарт бойынша Тараптар арасында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі. 7.2. Осы Шарт екі данада жасалды, оның біреуі орындаушыда, екіншісі – Тұрушыда. 7.3. Тұрғынның кәмелеттік жасқа толмағандығы ескеріле отырып, тұрғынның ата-анасы келісім шарттың орындалуын өз мойнына алады. 8. Заңды мекен-жайлары және тараптардың деректемелері:
Download 21.27 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling