Сабақтың мақсаты: а Білімділік: Ұлы бабаларымыз өмір баяны туралы түсінік беру, олардың шығармаларын үйрену


Download 0.68 Mb.
Sana14.12.2020
Hajmi0.68 Mb.
#166631
TuriСабақ
Bog'liq
Науаи Әлішер


Сабақтың тақырыбы: Әлішер Науаи – ұлы бабамыз.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Ұлы бабаларымыз өмір баяны туралы түсінік беру, олардың шығармаларын үйрену.

б) Тәрбиелілік: Ұлы ғұламалардың жазған шығарма , өлеңдерінен үлгі алуға, олардың тәрбиеміздегі орнын түсіндіру.

в) Дамытушылық: Ой-орісін, сана –сезімін ояту, жауапкершілік сезімін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер

Сабақтың методы: сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу.

б) Жоқтама жасау.

в) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Өтілген тақырыптарды қайталау.

3. Жаңа сабақ: Әлішер Науаи – ұлы бабамыз.

Науаи Әлішер (Низамеддин Мір Әлішер) (парсыша: علیشیر نوایی‎) (1441 ақпанның 9, Ғират — 1501 қаңтардың 3, сонда) — Түркі халықтарына ортақ ұлы ақын, ойшыл, мемлекет қайраткер.

Әкесі қайтыс болғаннан кейін 12 жасар Науаиды Бабыр өз тәрбиесіне алған. Науаи 15 жасында түркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын белгілі ақын ретінде танылды. Ғиратта, Мешхедте, Самарқанда оқып, логика, пәлсапа, математика пәндерінен мағлұмат алды. Өзінен бұрынғы Фирдауси, Низами, Дехлави, Хорезми, Сайф Сараи, замандастары Атаи, Сак­каки, Лутфи, Жәми шығармашылығымен танысты.

Ол өнер жұмыспен айна­лысып, «Хамса» тобына енетін «Жақсылардың таңдануы» (1483), «Фархад пен Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті әлем» (1484), «Ескен­дір дуалы» (1485) атты шығармаларын жазды. Науаи шығармалары 15 ғ. өзінде Мауараннахр мен Хорасанды ғана емес, Иран, Әзірбайжан, Шығыс Түркістан, Үндістан, Мысыр, түркі елдеріне, кейіннен Еуропа мен Америка кітапханаларына да тарады. Ақын шығармалары 19 ғ. орта шенінен шығыстанушы ғалымдардың назарын аудара бастады.

Шығармалары көптеген тілдерге аударылған. Таңдамалы өлеңдері қазак тілінде екі рет (1948, 1968) кітап болып басылды. Айбектің «Науаи» романы қазақша жарық көрді (1950).

Науаи өнерін зерттеуге қазақ ғалымдары да үлес қосуда (М. Әуезов, Е. Ысмайылов, Р. Бердібаев, К. Сейдеханов). Ұлы шайырдың юбилейі Кеңес Одағы көлемінде аталып өтті (1948, 1968).

Әлішер Науаи, Әлішер Низамаддин Мир Науаи – түркі халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекет қайраткері. 1441 ж. ақпан айының тоғызында Герат қаласында туған. Әкесі өлгеннен кейін 12 жасар Әлішер Науаиды Әбілқасым Бабыр өз тәрбиесіне алған. Оның есімі 15 жасынан түркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын ақын ретінде танылды. Гератта, Мешхедте, Самарқанда оқып, Фирдауси, Низами, Хорезми, Сайф Сараи, Жәми шығармашылығымен танысты. Мектептес досы Хұсайын Байқара Хорасанның әмірі болған кезде, оның мөр сақтаушысы (мұхрад) қызметін атқарды. 1472 ж. уәзір болып тағайындалды. Әлішер Науаи осы қызметтерде жүріп, ғалымдарға, суретшілерге, музыканттарға, ақындарға, хуснихатшыларға (каллиграфтарға) қамқорлық жасады. Өз қаржысына жолдар, көпірлер, каналдар, керуен сарайлар, мектептер, шеберханалар салдырды. Әлішер Науаидың халық арасында абырой-беделінің артуын қызғанған басқа уәзірлер оны Байқарамен араздастырып, 1476 ж. уәзірліктен босатылуына себепші болды. Ол шығармашылық жұмыспен айналысып, түркі-шағатай тілінде «хәмсә» жырлар тобына енетін «Жақсылардың таңдануы» (1483), «Фархад пен Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті әлем» (1484), «Ескендір дуалы» (1485) атты шығармаларын жазды. 1488 – 1501 ж. ол тарихи-өмірбаяндық («Әджәм патшаларының тарихы», «Саид Хасан Ардашердің өмірі», Пәһлован Мұхаммедтің өмірі»), дидактикалық-философиялық («Құстар тілі», «Көңілдердің сүйгені»), әдеби-теориялық («Өлең өлшемі»), лингвистикалық («Екі тілдің таласы»), әлеуметтік-экономикалық («Вақфия»), діни-ғұрыптық («Пайғамбарлар мен хакімдердің тарихы», «Мұсылмандық нұры», «Гауһарлар шоғыры») туындыларын жазды. Парсы тілінде 12 мың жол өлеңін «Диуан-фани» деген атпен дербес жинақ етіп құрастырды. «Бес қайрат» («Хәмсәт ул-мутахаирин») кітабын ұстазы Абдрахман Жәмиге (1414 – 92) арнады. 15 ғасырда өмір сүрген 400 шайырдың шығармашылығынан мәлімет беретін «Ғажайып мәжілістер» («Маджолис ун-нафоис») кітабын жазды. Ақын 1501 жылдың үшінші қаңтарында туған қаласында қайтыс болған. Әлішер Науаи шығармалары 15 ғасырдың өзінде Мауераннахр мен Хорасанда ғана емес, Иран, Әзербайжан, Шығыс Түркістан, Үндістан, Мысыр, түркі елдеріне, кейіннен Еуропа мен Америка кітапханаларына тарады. Ақын шығармашалығы 19 ғасырдың орта шенінен шығыстанушы ғалымдардың назарын аудара бастады. Әлішер Науаидың ақындық дарынына ұлы Абай да тәнті болып, оның шығармашылық дәстүрін жалғастырған. Әлішер Науаи шығармашылығын зерттеуге қазақ ғалымдары да (Мұхтар Әуезов, Есмағамбет Ысмайылов, Рахманқұл Бердібаев, т.б.) елеулі үлес қосты. Ақын Несіпбек Айтов Әлішер Науаидың ғазалдарын қазақ тіліне тәржімалап, жеке кітап етіп шығарған.

4. Сабақты пысықтау: Оқушылардың білімдерін Науаиның ғазалдері және өлеңдерін мәнерлеп оқу мен пысықтаймын.

5. Сабақты қорыту: оқушылардың білімдерін анықтап сабақта белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.

6. Үйге тапсырма: Науаи бабамыздың өмір баянын үйрену, суретін салу.



Шыршық қаласы

16-мектеп бастауыш сынып оқытушысы

Алимухамедова Э.А. ның

«Әлішер Науаи – ұлы бабамыз»

атты бір сағаттық

тәрбие сағат жоспары.


Download 0.68 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling