Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet120/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» 
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 
25-26 қазан, 2019 ж.
 
– құқық ұғымын және оның жүзеге асуын өзінің объектісі ретінде қарастырады». Олай 
болса, объективті рухты зерттеуден алшақтай отырып, құқық философиясы адамның мәні 
барынша көрініс тапқан тарихи тұлғалардың іс-әрекеттерін сараптайды. Құқық дегеніміз 
– «жүзеге асқан еркіндік патшалығы, рух әлемі, олардан туындаған әлдебір екінші 
табиғат»-деп көрсетілген. Демек, құқық философиясының басты зерттеу нысаны – құқық 
ұғымының мәні болып табылады. Кіріспенің соңында автор өз жұмыс жоспарын 
баяндайды. Ол 3 бөлімнен тұрады: абстрактілі немесе шартты құқық өрісі, субъективті 
мораль өрісі, объективті мораль өрісі. Бірінші бөлім – абстрактілі құқықта заңды тұлғалар 
арасындағы қарым-қатынас зерттеледі. Оған меншік теориясы (иемдену құқығы, затты 
пайдалану, меншіктің жатсынуы), меншік құқығының келісімшарт бойынша ауысуы
келісімшарттың өзі және заңсыз іс-әрекет (абайсызда келтірілген залал, алдау, зорлық пен 
қылмыс) жатады. Бұл жерде заңды тұлғалар – ұйымдар мен мекемелер болып саналады. 
Яғни, абстрактілі немесе шартты құқықта ұйымдар арасындағы заңды қарым-қатынас 
жан-жақты зерттеледі. Еңбектің екінші бөлімі – субъективті моральда ерік субъективті, 
басқаша айтқанда, субъект еркі болған кезде ғана ерік немесе өзіндік еркіндік жүзеге асуы 
мүмкін-деп көрсетілген [4, 179-181 бб]. Шын мәнінде де, бұл өте орынды пайым деп 
санаймын. Өйткені, әрбір субъектінің еркі болмаса, еркіндік толығымен жүзеге аспайды. 
Сондай-ақ, субъектінің еркін жүзеге асыратын мемлекетте басты заң болса, бұл еркіндік 
идеясының толық жүзеге асырылғандығын көрсетеді. Мысалы, Қазақстан Республикасы
Конституциясының 16-бабында: «Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар»-
деп көрсетілген. Сондай-ақ, 20-бапта: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік 
беріледі. Цензураға тыйым салынады»-деп айқындалған [5]. Яғни, еліміздің Ата Заңы 
әрбір адамның еркін толық қамтамасыз етуге кепілдік береді. Гегельдің «Құқық 
философиясының» үшінші бөлімі – объективті мораль деп аталады. Объективті мораль – 
өз-өзінде әрі сыртқы әлемде «еркіндік субстанция ретінде тек шынайылық пен қажеттілік 
қана емес, сонымен қатар субъективті ерік болып, тым жақсы» бейнеленетін Игілік 
идеясының тұтастығы мен ақиқаттығы. Бұл еңбекте мені қызықтырған тақырып 
объективті моральдың құрамдас 3 элементі: отбасы, азаматтық қоғам және мемлекет. 
Гегельдің анықтамасында: «отбасы – рухтың тікелей субстанциясы ретінде өзінің 
болмысы арқылы іштей сезінетін тұтастыққа, махаббатқа ие»-деп көрсетілген. Шынында 
да, отбасы – бұл ер мен әйелдің арасындағы үлкен сүйіспеншіліктің нәтижесінде 
қалыптасатын кішігірім әрі біртұтас мемлекет. Аталған еңбекте неке мәселесі де 
айтылады. Гегельдің құқық философиясында неке барша тіршіліктің ұйытқысы деп 
саналады әрі «өмір, шын мәнінде, дүниеге ұрпақ әкелу мен оның өрбуінен» тұрады. Неке 
– бұл ерлі-зайыптылардың одақтасуынан туындайтын рухани бірлестік, саналы махаббат. 
Некенің объективті бастапқы нүктесі – тараптардың еркін одақтастығы, олардың «екі 
жарты – бір бүтін» болуға ерікті келісімі болып саналады делінген. Иә, заң жүзінде де неке 
– ерлі-зайыптылардың тең құқықты одағы болып саналады. Сонымен қатар, Гегель 
объективті моральда азаматтық қоғам жайында айтады. Философ буржуазиялық 
азаматтық қоғамды қарастыра отырып, экономика саласына көңіл аударады. Бұл еңбекте 
экономикалық мәселелер бірінші рет қарастырылып отыр. Гегель азаматтық қоғамды 
қажеттіліктер мен ақыл-ой өмірге әкелген мемлекет ретінде сипаттады. Ол толығымен 
азаматтық қоғамның сипаттамасын анықтай алмады.
Азаматтық қоғам 3 нәрсені қамтиды: 
- Қажеттіліктер жүйесін. Бұл дегеніміз, әрбір адам өз қажеттілігін қанағаттандыру 
үшін еңбек етеді және сол еңбегінің нәтижесінде басқа да адамдардың қажеттіліктерін 
өтейді; 
- Жеке мүлікті заңмен қорғау; 
- Осы жүйедегі түрлі кездейсоқтықтарды болдырмау қамы және жалпыға ортақ 
ерекше мүддеге деген басты назарды полиция мен корпорациялар көмегімен жүзеге асыру. 
Яғни, азаматтық қоғам – бұл демократиялық жүйені өзінің басты принципі ете отырып, 


116
Materials of the international scientific-practical conference 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling