Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet219/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

Key words: state, business, partnership, private, project, efficiency, evaluation, methods 
Әлемдік нарықтағы өзгермелі жағдай мен бюджеттік ресурстардың шектеулілігі ел 
экономикасына инвестиция тартудың жаңа механизмдерін әзірлеудің қажет етеді. Осыған 
байланысты, мемлекет пен жеке сектордың өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету, тиімділігі 
әріптестік қатынастарды дамыту және ipi инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру 
кезінде мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттесттігін дамыту мен жетілдіру қазіргі кезден 
өзекті мәселелердің бipi болып отыр. 
Елбасы Н.Назарбаев «Қазакстан - 2050» Стратегиясы - қалыптаскан мемлекеттің 
жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Қазақстанның жаңа саяси бағыттарының 6ipi 
«ұлттың экономикамыздың жетекші күші – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау» екендігін айта 
отырып, «мемлекеттік-жеке серіктестік принциптеріне негізделген сенімді диалог құру үшін 
бизнесті топтастыруды жалғастыру керек, ол бұл жаңа стратегияны icкe асыруда кең 
ауқымды және барлық кәсіпкерлердің тартылуы міндетін шешіп береді» - деп көрсеткен 
болатын [1].
Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобаларын жүзеге асырудың маңызды 
шарттарының бірі оның мемлекет тұрғысынан да, жеке сектордың көзқарасынан да оның 
тиімділігін бағалау болып табылады. Осыған байланысты мемлекеттік-жекеменшік 
әріптестік жобаларын бағалаудың тәсілдері дәстүрлі тәсілдерден айтарлықтай 
ерекшеленеді, бір жағынан, жеке сектордың қаржылық тиімділігін талдау негізінде 
инвестицияларды бағалау қажет, екінші жағынан, мемлекеттік сектордағы шығындар мен 
пайданы талдау негізінде мемлекеттің мүдделерін ескеру қажет. Мемлекеттік-жеке 


204
Materials of the international scientific-practical conference 
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY» 
October 25-26, 2019 
серіктестіктің басты принциптері 1-суретте көрсетілген. 
Серіктестік қатынастар екі жаққа да тиімді болғандықтан, олар нақты сипаттамада 
болу керек, екі жаққа түсінікті және өлшенетін өзара тиімділікке негізделгендіктен 
мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің маңызды аспектісі мемлекеттік-жеке меншік 
әріптестік жобаларының тиімділігін бағалау болып табылады. Сонымен бірге күтілетін 
нәтиже әр түрлі мүдделі тараптар үшін әртүрлі жазықтықта орналасуы мүмкін, қаржылық 
көрсеткіштер саласына қатысы жоқ әртүрлі әртүрлі критерийлерге ие болуы мүмкін. 
Дәстүр бойынша, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобасының тиімділігін 
бағалау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 

жеке серіктесті тарту және тартпау арқылы жобаны іске асырудың рентабелдігін 
салыстыру; 

мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасын іске асыру үшін тәуекелдер түрлерін 
анықтау, оларды бағалау және тәуекелдерді басқару нысанын анықтау; 

мемлекеттік-жеке меншік әріптестік толық экономикалық негіздемесі. 
 
Сурет 1 - Мемлекеттік-жеке серіктестіктің басты принциптері 
2-суретте ұсынылған мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларының тиімділігін 
бағалау алгоритмі үш кезеңнен тұрады. 
Бірінші кезеңде ұсынылған мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасын сапалы 
бағалауды, жобалық ақпараттық базаны қалыптастыруды камтиды және келесі 
элементтерден тұрады: 
1. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті жүзеге асыру нәтижесінде шешілетін 
мәселелердің сипаттамасы. 
2. Серіктестік объектісі туралы оның негізгі сипаттамалары көрсетілген ақпарат. 
3. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің мақсаттары мен жоспарланған 
нәтижелері, сондай-ақ оларға қол жеткізу жолдары. 
4. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікке қатысушылар туралы ақпарат, олардың 
негізгі құқықтары мен міндеттері, өзара іс-қимыл тәртібі. 
5. Осы серіктестікті жүзеге асыру нысандары. 
Алынған мәліметтерге сүйене отырып, жобаның техникалық-экономикалық 
негіздемесі әзірленуде, ол дәстүрлі мемлекеттік сектордағы жобадан гөрі тиімді екенін 
дәлелдеу керек. Сонымен қатар келесі факторларды ескеру қажет: 

мүдделі тараптармен келістірілетін нақты жоспарлы, өлшенетін нәтижелер; 

қоршаған ортаның жай-күйінің өзгеру жағдайында минималды өзгерістер енгізу 
мақсатында келісімшарттың технологиялық және басқа аспектілерінің тұрақтылығы; 

мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын орындауға өтініш беру кезінде 
бәсекелестіктің жоғары деңгейі; 

жеке сектордың қолда бар ресурстар негізінде жобаны неғұрлым тиімді іске 
Мемлекеттік-жеке серіктестіктің басты принциптері 
Теңдік және бостандық. 
Келісім-шарттың тұрақтылығы (оның 
өзгеру және бейімделу мүмкіндігі). 
Қызмет көрсетудің үздіксіздігі. 
Конкурстық. 
Айқындылық және кері байланыс. 
Қол сұқпаушылық. 
Кепілдіктер. Өтемділік. 
Теңқұқылық (дискриминациясыз) 
болып табылады. 


205 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling