Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet223/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» 
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 
25-26 қазан, 2019 ж.
 
қызметтерінің бірі - үздіксіз ізденіс өз өмірлік ірекетінің мәнін негіздеу, оған өзіндік 
тексеріс жасап тұру. Түрлі ғылым саласында тұлға мен оны дамытуды зерттеу бойынша 
белгілі бағыттар қалыптасқан. Жеке тұлғаны зерттеудегі мәдени - тарихи бағыттың 
негізін қалаушы ғалым Л.С.Выготский бірінші болып мінез-құлықты зерделеу кезінде 
мәдени белгілер жүйесіне бет бұрды. Басқа психологтардың төңіректеп жүрген «сана - 
мінез - құлық» диадасының орнына ол «сана – мәдениет – мінез - құлықты» триадасы 
бойынша ізденіске зейін қояды. Ғалым күрделі психикалық үдерістерді түсіну үшін 
олардың тарихын зерттеу керек деп есептеді. Оның пайымдауынша, жеке бастық ақыл-
ой ретінде, ал әлеуметтік әрекет ретінде көрініс береді. С.Л.Рубинштейн адамның мінезі 
оны әрекет субъекті ретінде анықтайтындығын, соның негізінде көптеген шарттарға, 
тіпті адам өмір сүретін қоғамдық ортаның әдет - ғұрпымен сол ортада адамның алып 
отырған қоғамдық орнына да тәуелді темперамент жатқандығына тоқталады да тұлға - 
жай ғана адам емес, даралық сапалары, нышандары, қабілеттері дамыған, ізденіп, ойлап 
табу үшін белсенді ізденуші адам тек ұзақ уақытқа созылған өзін-өзі дамыту арқылы 
қалыптасқан жеке адам ғана осылайша аталуға құқық алатындығын атап көрсетеді. 
Ағылшын психологтары Matthew J.W. McLarnona,Julie J.Carswell бойынша, тұлға - бұл 
адамды 
биоәлеуметтік 
қарым-қатынастағы 
субъект 
және 
объект 
ретінде 
сипаттайтын,оның жалпы адамзаттық, әлеуметтік және жекелей қайталанбастығын 
біріктіретін түсінік. Тұлға - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс - әрекетті жүзеге 
асырушы, нақты қоғам мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін 
түсінетін, есі кірген ересек кісі сипаттамаға лайық деп есептейді академик Т.Т.Тәжібаев.
Белгілі психолог Қ.Б.Жарықбаевтің пікірінше тұлға - өзіне де айналасындағыларға да 
өзгеріс жасай алатын адамдар. С.И.Ожегов сөздігінде: «жеке тұлға-адам қандай да бір 
қасиет, қабілет тасушы ретінде қарастырылады. Қазақ тілі терминдерінің салалы 
ғылыми түсіндірме сөздігінде: «тұлға-дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке 
адам болмысының қайталанбас,ерекше әдісі,адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны» 
деп берілген. Жеке тұлға атауы екі негізгі бағытта қолданылады) кез-келген саналы адам; 
2)өзінің психикалық даму үдерісін және мінез - құлық жүріс-тұрысын басқара алатын 
қабілетіне сай деңгейдегі психикасы бар адам. Ал М.Н.Дьяченко, Л.А.Кандыбовтың 
еңбектерінде: «Жеке тұлға-саналы,сөйлеу,шығармашылық қабілеттері бар қоғамдағы 
табиғи тірі организм-адам» ретінде сипаталады. Сонымен «тұлға болу» феномині - 
адамның әлеуметтік тұрмысының ерекше түрі, оның әлеметке бағыттылығы, адамның 
тіршіліктің ерекше жағдайларына бейіделе алушылығы. Тұлға болуға деген қажеттілік 
индивиттің әлеуметтік байланыстар жүйесіне белсене араласуын, сонымен қатар оның 
детерминат болуын туындатады. Тұлға болу феномині адамның әлеуметтік тұрмысының 
айрықша түрін, оның әлеуметегі бағдарлануының, адамның өмірлік әрекетінің ерекше 
жағдайларына өзіндік «бейімделу» реакциясын көрстеді. Жеке тұлғаның әлеуметпен 
қарым - қатынасы тарихи өзгермелі және драмалы. Алайда әлеует жеке тұлғаны 
қаншалықты «басқанымен» ақыр соңында ол жеке генезисіне мүдделі. Шетелдік 
тұжырымдамаларда көрсетілген тұлға қалыптасуының қозғаушы күштері мен 
шарттарын талдау, түсіндірмелердің көп жоспарлығын көрсетеді. 
Жүргізілген ғылыми – теориялық және тәжірбиелік зерттеу жұмысының 
нәтижелерінен төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді: зерттеу 
жұмысымызда еліміздің бүгінгі күнгі әлеуметтік экономикалық жағдайы мен болашаққа 
қарай ұстанған бағыты білім беру мекемелерінің жаңа мақсат – міндеттерін айқындап, 
педагогтардың тұлғалық және кәсіби әлеуетін бесендіруді талап етіп отырғандарына 
байланысты болашақ педагогтардың кәсіби құзіреттілігінің қалыптасуының өзектілігі 
айқындалды. Зерттеу мәселесіне орай теориялық – әдіснамалық еңбектерді, ойлар мен 
тұжырымдарды қорытындылай келе, педагогтардың кәсіби құзіреттілігінің қалыптасуы 
– оның арнайы білімдері, кәсіби, тұлғалық, рухани сапаларының, акмеологиялық 
бағыттылығының жиынтығынан тұратын, педагогикалық әрекетті жаңашылдықпен 


210
Materials of the international scientific-practical conference 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling